Өзектендіру.
Оқушылар оқулықтағы 1- тапсырманың суретін қарастырады, оқушылар топпен (немесе жұппен) жұмыс жасауына болады. Топтардың əрқайсысы кейіпкерлердің біреуін – Əлия немесе Сырымды таңдайды, өрнектердің мəнін табады жəне карта бойынша олардың кейіпкерлері қандай қалаларда болғанын анықтайды.
Туған өлкеге саяхат тақырыбының жалғасы оқулықтағы 2 - тапсырмадағы есептерді шығару болып табылады.
Есептің шартын дауыстап оқыңыздар, сызбаларды қарастырыңыздар.
Біріншісызба бойынша құрастырылған есеп қандай сұраққа жауап бере алады?
(Өскемен – Алматы, Алматы – Талдықорған пойыздарының жолдағы уақыты неше есе артық?).
Екінші сызбаға сұрақ құрастырыңыздар.
(Алматы – Талдықорған пойызына қарағанда Өскемен – Алматы пойызының жолға кеткен уақыты қанша сағат артық?)
Сызбаларды негізге ала отырып, қандай кері есептерді құрастыруға болады?
|