|
|
бет | 284/327 | Дата | 23.01.2022 | өлшемі | 1,84 Mb. | | #113558 |
| Байланысты: docx1559971764 | Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептерді шығару
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептерді үлгілеу жəне шығару
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептерді құрастыру жəне шығару
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар игереді:
Нақты есептің неге бір немесе екі амалмен орындалатынын түсіндіруді.
Пəндік лексика жəне терминология:
Есеп, шарты, сұрағы, талдау, есепті шығару жоспары, жауабы, өрнек.
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:
|
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Дəлелдеңдер.
... амалын орындап, нені білуге болады?
Амалдарды орындаудың ретін түсіндір (алдымен нені білдіңіздер, сосын нені ...).
|
Жазу:
|
Есептің шартын, шешуін, жауабын, есеп бойынша өрнекті жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Есептерді талдай жəне шығара білу
|
Жоспар
|
Жоспарланға н уақыт (минут)
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурста р
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Саяхатшыларға білім мен зеректік қажет. Біз саяхатымызды математикалық диктанттан бастаймыз.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Математикалық диктант.
Бір қорапқа 6 бəліш сыйып кетеді. Осындай 4 қорапта қанша бəліш болуы мүмкін?
Бір қорапта 8 қарындаш бар. Екіншісінде екі есе артық. Екінші қорапта қанша қарындаш бар?
Футболды 12 ұл бала ойнады. Олар бірдей екі командаға бөлінді. Əр командада қанша ойыншыдан бар?
Саябақта 7 бірдей қатарға 35 шыршаны отырғызды. Əр қатарда неше шыршадан бар?
Бір гаражда 9 мəшине бар, екіншісінде 3 есе артық. Екінші гаражда қанша мəшине бар?
Бірдей 6 көйлекке 24 метр мата жұмсалды. Əр көйлекке қанша метр мата кетті?
18 кг ұнды 3 кг-дық пакеттерге бөліп салды. Қанша пакет қажет болды?
Əуежайдан сəрсенбі күні 12 ұшақ көкке көтерілді, ал тікұшақтар олардан 3 есе аз. Сəрсенбі күні барлығы қанша тікұшақ көкке көтерілді?
Бірінші орамда 20 дəптер бар. Екіншісінде 4 есе кем. Екінші орамда неше дəптер бар?
Əр сауытқа 5-тен салынатын, 20 бəлішті бөліп салу үшін қанша сауыт қажет болады?
Бұл есептерге не ортақ? (Олар көбейту немесе бөлу арқылы шығарылады.)
|
|
7-11
|
Мақсат қою.
1-тапсырмадағы есептің шартын дауыстап оқыңыздар жəне сызбаларды қарастырыңыздар. Есептердің сұрақтарына бірден жауап беруге бола ма?
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
(2 амалмен орындалатын есептерді шығарып үйрену).
|
Оқулық, дəптер, жинақ полотносы
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Топпен жұмыс істеу. Мұғалім есептің шығарылу жоспарын құрастыруды ұсынады. Балалар есептерді шығаруды орындарында отырып түсіндіреді.
Мұғалім кері есептерді құрастыруды ұсынады.
Енді ізделетін сан (белгісіз) не болуы мүмкін?
Астанаға қанша ересек адам келді?
Шартын қай сөзден бастаймыз?
«Астанаға саяхаттауға 30 адам келді. Əрқайсысында 8-ден 3 балалар тобы жəне бірнеше ересек адам келді».
Балалар есеп шартының жəне шешуінің жазбасын түсіндіре отырып дəптерде жүргізеді.
|
Достарыңызбен бөлісу:
|
|