Математика əдістемелік нұсқау



бет287/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді шығару.

Бірқатар оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді үлгілеу жəне шығару.

Кейбір оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді құрастыру жəне шығару.




Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Нақты есептің неге бір немесе екі амалмен орындалатынын түсіндіру.



Пəндік лексика жəне терминология:

Есеп, шарты, сұрағы, талдау, есепті шығару жоспары, жауабы, өрнек.



Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:

Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Негіздеңіздер.

... амалын орындап, нені білуге болады?

Амалдарды орындаудың ретін түсіндір (алдымен нені білдіңіздер, сосын нені ...).

Жазу:

Есептің шартын, шығарылуын, жауабын, өрнегін жазу.

Алдыңғы білімдер

Есептерді талдай білу жəне шығара білу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт(минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3




Қызығушылықты ояту.

Мұғалім Астананың көрнекті орындары жөнінде, біздің астанамыздың əдемілігі жөнінде əңгіме өткізеді.





4-6



Өзектендіру.

Математикалық диктант.

  1. Ұзындығы 12 дм болатын таспаны бірдей 3 бөлікке бөлді. Əр бөлікте қанша дециметрден болады?

  2. Егер əр гүлшоқта 3 гүлден болатын болса, 27 раушангүлден қанша гүлшоқ құрастыруға болады.

  3. Тігін шеберханасында бірдей 4 көйлекке 16 түйме қадалды. Əр көйлекке қанша түймеден қадалды?

  4. Асханада 9 шағын үстел бар. Əр үстелдің жанында 4 орындықтан тұр. Асханада барлығы қанша орындық бар?

  5. Жарысқа 45 спортшы қатысты. Егер əр командада 5 адамнан болса, жарысқа қанша команда қатысты?

  6. Кітапхананың үлкен оқу залында 40 үстел бар, ал кіші залында одан 5 есе кем. Оқу залында неше үстел бар?

  7. Бақта 24 алма ағашы бар, ал алмұрт ағаштары одан 4 есе кем. Бақта қанша алмұрт ағашы бар?

  8. Кіші қорапшада 6 қарындаш бар. Ал үлкенінде одан 4 есе артық. Үлкен қорапшада қанша қарындаш бар? 8. Кітаптың 32 беті бар. Маржан күніне 4 беттен оқиды. Маржан қанша күнде кітапты оқып шығады?

  9. 16 саяхатшы қайықтарға бірдей бөлініп орналасулары тиіс. Егер əр қайыққа 4 адамнан сыятын болса, оларға қанша қайық қажет?

  10. Жайна үш құрбысына прəндіктер берді. Егер əр құрбысы 4 прəндіктен алған болса, Жайна қанша пірəндік таратты?






7-11



Мақсат қою.

Оқулықтағы 1- тапсырма. Мұғалім есептің мəтінін оқып шығуды ұсынады.

–Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

Дəлелдеңіздер.

–Бұл сабақта қандай есептерді шығаратын боламыз? Сабақтың мақсаты қандай?(Есептерді екі амалдың көмегімен шығаруды үйрену ).

–Есептегі қандай сөздер тірек сөздер болып табылады? а) Сырым Астананың 36 фотосуретін шығарды. Ол 7 бетке əрқайсысына 4 фотосуреттен орналастырды.

Қанша сурет қалды?

Мұғалім балаларға қысқаша жазбаның қалай құрастырылатынын түсіндіруді ұсынады. Есептің шығарылу жоспарын дауыстап айту.

Бұдан əрі балалар жазу жазады жəне үлгі бойынша тексере отырып, өздіктерінен есепті шығарады.

Қалған есептермен сəйкесінше жұмыс жүргізіледі.



Дəптер, оқулық

12-29



Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы жəне дəптердегі 2-тапсырманы орындауды ұсынады.



Мұғалім балалармен есептердің сызбаларын талқылайды. Жазбаның əр жолы нені білдіруі мүмкін. Мұғалім бағалау критерийін нақтылайды. Бұдан əрі балалар өз беттерімен жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет