Бастауыш мектеп 4-сынып
4В бөлім: Есептер
|
Ұсынылатын бастапқы білім
|
Қарапайым және күрделі есептер туралы түсінік, оларды шешу мүмкіндігі, санды және әріпті өрнектерді құрастыру, айнымалы мәні бар өрнектер, теңдеулерді шешу, арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдану, есепке қатысты қысқаша жазбаны
құрастыру және кері есепті құрастыру.
|
Мәнмәтін
|
Мәтінді есептің шарттарын құрудың әртүрлі әдістерін үйренеді. Әртүрлі нысандарды қолдана отырып есептің қысқаша жазбасын орындай алады: кесте,сызба, нобай және т.б. Бүтіннің пайызын және керісінше табуға, төртінші пропорционалдыны табуға (бірлікке айналдыру әдісі, салыстыру әдісі), құнды есептеуге арналған (бағасы, саны, құны) есептерді шешу үшін амалды таңдау және таңдауына негіздеме беру. Әртүрлі нысандарда берілген қысқаша жазбалар бойынша есептерді құрастыру (кесте, сызба, нобай және т.б.), есепті шығару жолының дұрыстығын бағалау. Сұрақты немесе шартты өзгерту арқылы аталған есепті жаңа есепке айналдыруды үйрену; бір есепті
шешудің әртүрлі әдістерін табу; шамасы бар құрама есептерді шешу жолдарын және бірнеше амалдары алдын-ала жоспарлауды үйренеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |