«Математика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
5-сынып
Мазмұны
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
«Математика» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3
«Математика» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері 4
Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
Модерация және балл қою 6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
«Математика» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
Білу:
қарапайым математиканың, статистиканың негізгі ұғымдарын;
алгебралық теңдеулерді шешу тәсілдерін;
сандар жіктемесін;
сандарға есептеу амалдарын қолдануды;
жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін білу.
Түсіну:
түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын;
математиканың академиялық тілін;
сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін түсіну.
Қолдану:
практикалық есептерді шешуде математикалық білімін;
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін;
теріс емес рационал сандарға есептеу амалдарын;
геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану.
Талдау:
заңдылықтарды талдау және олардың негізінде математикалық модельдер құрастыру;
математикалық модельдер құрастыру үшін мәтін есептердің шарттарын;
статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді;
график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін талдау.
Жинақтау:
математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;
статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жасау.
Бағалау:
есептің мәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |