«Математика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


«Математика» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері



бет2/8
Дата24.11.2022
өлшемі143,57 Kb.
#159670
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
48e11a9d92f51321681830297ed62d53

«Математика» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері





Ойлау дағдыларының
деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • жұп және тақ сандардың; бөлгіштің, еселіктің, жай және құрама сандардың; санның дәрежесінің; жай бөлшектің, дұрыс және бұрыс бөлшектердің, аралас сандардың, өзара кері сандардың; ондық бөлшектің; жиындардың бірігуі және қиылысуының анықтамаларын білу;

  • процент, бұрыш және оның градустық өлшемі, көпбұрыш, шеңбер және дөңгелек, дөңгелек сектор түсініктерін білу;

  • түрлі ұзындық бірліктерін білу;

  • бұрыштар түрлерін білу.



Түсіну:

  • натурал сандардың жиыны, жиын және ішкі жиын, тікбұрышты параллелипипед және куб жазбасының түсініктерін түсіну;

  • координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні түсіну;

  • жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру қажеттілігін түсіну;

  • ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну;

  • санның жуық мәнін түсіну;

  • берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды табу ережелерін түсіну;

  • бұрыштың градустық өлшемін түсіну;

  • деректерді көрсету тәсілі ретінде диаграммаларды түсіну.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауды бар (КТЖ) тапсырмаларды және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет