«Математика –шахмат тақтасында» тақырыбындағы жобаға тоқталсақ. Жұмыстың өзектілігі



Дата16.10.2019
өлшемі375,1 Kb.
#49974
Байланысты:
айша шахмат

Кіріспе
Үлкен жол кішкентай қадамдардан басталады. Сол сияқты ғылымдағы үлкен жаңалықтардың басы-кішкентай ізденістер болып табылады. Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014 жылғы 14-қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Халыққа Жолдауында «Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиістігін» баса айтқан болатын. Міне, осы айтылған машықтарды қалыптастыру мен дамытудың жолы – оқушыларды бастауыш сыныптан ғылымға жетелеу. Ғылым әлеміндегі алғашқы қадамдарының бірі «Математика –шахмат тақтасында» тақырыбындағы жобаға тоқталсақ.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі спортпен жан-жақты айналысады да шахматтың спорттың бір түрі екендігін ұмытып кетеді, шахматты ойлау қабілеті үшін ғана керек деп ойлайды.Ерте жастан шахмат ойынына үйрету балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейтеді, өзінің ойларын еркін білдіруге мүмкіндік тудырады, мидың ойлау қабілетін кеңейтуге ықпал етеді, балалардың ынтасын шоғырландырады, еркіндікке тәрбиелейді.

Жұмыстың мақсаты: Шахмат баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосатындығын анықтау.

Міндетері:

  • Балалар арасында шахмат ойынына қызығушылықпен қарайтындардың танымдық қабілеттерін анықтау ;

  • Шахматтың балалардың ойлау қабілетіне позитивті әсер ететіндігін дәлелдеу;

  • Орта мектептегі шахматпен айналысатын оқушылардың білім сапасына зерттеулер жүргізу.


Зерттеу объектісі: Шахмат ойнай алатын және шахмат ойнай алмайтын бастауыш сынып оқушылары

Зерттеу әдісі: Сауалнама алу, шахмат тақтасындағы есептер шығару, берілген сараптама қорытындыларын жинақтау, әдебиеттер таңдау. 

Шахмат ойынының шығу тарихы.

«Шахмат ойыны ақыл ойдың дамуының басты себепкері ретінде бастауыш мектеп өміріне кіруі тиіс. Әрине сөз бастауыш мектеп туралы болып отыр, өйткені интеллектуалдық тәрбие бастауы бастауыш сыныптарда негізгі орын алғандықтан арнайы үлгілер мен әдіс түрлерін қажет етеді» В.А.Сухомлинский.


Шахматтың пайдасы:

  1. Бала өз бетімен шешім қабылдай алатын болады;

  2. Бала назар салуға дағдыланады;

  3. Баланың кеңінен ойлау қабілеті дамиды;

  4. Балада іс-әрекетін жоспарлау қалыптасады;

  5. Шахмат мінез-құлықты тәрбиелейді;

  6. Шахмат шығармашылыққа үйретеді.



Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт  түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.

Шахматтың пайда болу тарихы туралы тағы да бір гипотеза бар. Осы гипотеза бойынша шахмат сиқырлы шаршылардан пайда болды. N Тәртібі бойынша құрастырылған сиқырлы квадрат 1 және n2 аралығындағы бүтін сандардан тұратын n х n квадратты кестеден құрастырылған. Берілген кесте ерекшелігі: әрбір жол/бағана сандар қосындысы шахмат тақтасының екі маңызды диагональ сандарының қосындысына тепе- тең келеді. Саны сегізге тең сиқырлы шаршы үшін әрбір жол/бағана/маңызды диагональ қосындысы 260-қа тең. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Ал кейбір деректер бойынша, шахмат біздің дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда болған.



Шахмат - ақыл-ой спорт түрі. 1969 жылға дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (санскріт: chatur anga → пракріттер: chatur anja — төрт бұрыш → арабша: шатрандж) делініп келді. Ойынды 2 ойыншы ойнайды. Шахмат ережесінде ірі фигуралар ханзада бола алмайды. Тек пешка фигурасы ғана ханзадаға айнала алады. Шахмат ойынының бір ғана өкінішті жері бар, пешка фигурасы бірінші боп құрбандыққа шалынады.

Ойынның басты мақсаты:Әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Шахмат ойынының басты мақсаты-қарсыластың тастарына шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Шахмат ойынының тіректері: Патша: 1 дана қалаған бағытында бір-бір қадамдап қана жүре алады. Ойынның басты кейіпкері болғандықтан, оған көп жүріп, соғыс майданына қатысудың керегі жоқ. Ол басқа тастар азайған кезде ғана майданға аттануы тиіс. Қалған уақытта барлығы бірігіп, патшаға жақсы қорғаныс қамтамасыз етулері керек.

Уәзір: 1 дана алдында кедергі болмаған жағдайда алға да артқа да, оңға да, солға да, қиғашынан да жүру мүмкіндігіне ие. Уәзір деген аты айтып тұрғандай, патшаның ең жақын адамы, уәзірі.

Қамал (тура): 2 дана аты айтып отырғандай,  бұл – елдің қорғанысы, қамалы. Ол алға және артқа қарай жүреді. Алдында кедергі болмаған жағдайда, ақ шаршыдан қара шаршыларға аттап, төрт бағытта қадам баса алады.  

Піл немесе офицер 2 дана: қиғаштан ғана жүреді. Өзі тұрған шаршы қара болса, қара шаршылармен аттап, ақта тұрса, ақ шаршылармен аттап жүре алады. Шахмат ойынын ойлап тапқан адам үндіс болғандықтан, бұл тасты пілді әскерге теңеген болса керек. Піл пешкадан үлкен. Оның күші атпен пара-пар болып қалады. Кейініректе оның аты офицер болып өзгертіліп, заманымызға сай әскери шең берілген екен.

Жылқы: бұл тастың жүрісі қызық. Ол «Г» әрпіне ұқсас жүреді.Піл мен қамалға (тура) қарағанда алысқа аттап бара қоймайды, қара шаршыдан аққа және керісінше аттап жүреді, алдында тұрған тастан аттап кетеді және өз жүрісінің артықшылықтары бар.

Пешка: тек қана алға жүріп отырады. Артқа қарай қайта алмайды. Алғашқы қадамын бір шаршыдан аттап, екі шаршы қадам жасай алғанына қарамастан, оның қадамдары бір шаршыдан ғана тұрады. Басқа тастарды тек қиғашынан жей алады. Бұл сарбаздың жүрісі өте баяу, басқа тастардың алдында тұрып оларды қорғайды. Осы ұландардың бір артықшылығы сол – тұрған орнынан қарсыласының ең бірінші ұяшығына дейін жететін болса, пешка және патшадан басқа кез келген тасқа айнала алады. Еуропадағы ең ежелгі шахматтар Біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда Албаниядан табылған. Материалы: морждың азу тісінен жасалған

Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник ілінді. Археологиялық жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны білеміз. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар»,- деген екен. 1947 жылы Испанияда Францеска Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының «Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың түрлері» атты дастан жазып қалдырған.1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Алманияда осы тектес журнал жарыққа шықты. 1851 жылы Лондонда тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды.




Шахмат ойынының ережесі.

Міне, шахмат осындай ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болған. Одан Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі. Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді» деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, адамның ойлау жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған. Мұндағы басты тұлға – Король (Хан). Ол кетсе, ойын да бітеді. Сондықтан барлығы Корольдің бұйрығына бағынуға және оны кез-келген қауіптен қорғауға міндетті. Екінші тұлға – Ферьза. Бұл пәтшәғардың жүрмейтін жері, баспайтын тауы жоқ. Тіке де, қиғаш та қалағанынша қадам жасайды. Онан кейінгі Арба (Ладья) мен Піл (Офицер). Бірі тіке, бірі қиғаш қалағанынша жүреді. Бұл үшеуі (ферьза, арба және піл) жаудың қасына барып та, тым алыста тұрып та шах береді. Өз жерінде тұрып өзгенің жеріндегі тұлғаларға бұйрық береді, қауіп төндіреді. Тіпті, тұрған орнынан бездіріп жібереді. Сондай алыстан бұйрық бергіш. Онан кейінгі мықты фигура Ат. Мұның қимыл-қозғалысы тіпті бөлек. Жүрісі «Г» тәрізді. Орағытып қасыңа жетіп келсе, құтылу қиын. Бұл шах бергенде, Король өзі қашып құтылмаса, оның жолын бөгеу мүмкін емес. Басқа фигуралардың алдын бөгей тұруға болады, атты олай алдай алмайсың. Егер ол Король мен Ферьзаның екеуіне де бірдей қауіп төндірсе, онда Корольді аман алып қалу үшін екіншісін қиясың. Екеуін бір оқпен атады. Сондықтан аттан келетін қауіп өте күшті десе де болады. Атты мықты пайдаланатындармен кездессең, қиынның қиыны. Енді ең соңғы фигура жай тас (пешка-жаяу солдат). Кей жұрт оны қауқарсыз деп есептейді. Бірақ, бұл да едәуір қорған. Егер жай тас жаудың төріне шығып, ерлік жасаса, оның дәрежесін көтеріп, Ферьза, Арба Ат, немесе Піл қылуға болады. Бірақ, Король бола алмайды. Тегі қара ғой, Хан емес. Бұл жерде Отан, шекара деген ұғым бар. Тақтаның бір беті ақтың, бір беті қараның тарихи территориясы. Бір-бірінің жеріне кіріп, қарым-қатынас жасауға болғанымен, билетіп-төстетуге, ойран салдыруға болмайды.Ең маңыздысы ұрыс алаңында бәрінің мақсат-мүддесі бір. Ол – жеңіс. Ойын барысында жаудан қауіп төнгенде, кез-келген тұлға (фигура) Королін аман сақтап, жерін жаудан азат етіп, жеңіске жету үшін басын бәйгеге тігеді. Егер әр фигура бет-бетімен, өз бастарының қамы үшін жүретін болса, онда ойын көп ұзамай жеңіліспен аяқталады. Тіпті, жер бетінен мүлде жойылады. Алауыздық, сатқындық, қарсы жақтың сойылын соғу да осыған апарады. Ал, ынтымақ, бірлік жеңіске жетелейді.Ал, шахматтың ешқашан өзгермес заңдылығы – жеңсең де, жеңілсең де, ойын біткеннен кейін Король де, жәй тастар да, бәрі де бір қорапқа салынады. Бәрінің барар жері – бір жер.


Шахмат тақтасындағы есептер:

Жауабы: Ла8x Жауабы: Фh2x



Жауабы: Фb7x Жауабы: Фе7x



Шахматтағы мақсат өте анық: дұшпан короліне мат қою. Осыған талпынау барысында ойынның стратегия мен тактикасын анықтап, жоспар құрамыз. Стратегиялық жоспар құру кезінде тактикалық мүмкіндіктерді қолданамыз. Бірақ стратегия мен тактика сөздері синоним емес. Егер стратегия абстрактілі және қашық мақсаттарда негізделсе, тактика анық және мезеттік, тиімді шешімдерді іздеуге негізделеді. Тактика – қауіп-қатердің бағасына және олардан қорғануға байланысты. Тактикалық мүмкіндік сізді кез-келген уақытта құтқара алады.Сіздің бәсекелесіңіз мүлт кеткен кезде, аяқ-астынан ұтатын тактика пайда болып, ол мақсаттың жетуіне қызмет етеді. Футболда да солай: айла-тұзақ, түрлі амалдар құра алатын, тәжірибелі ойыншы қарсылас қақпашысының сырғып кеткенін көріп, бос қақпаға соққы жасайды. Бұл нағыз тактикалық шешім.Стратегия тактиканы бағыттау керек. Біз тәжірибемізге және сараптамамызға сүйене келе, шешім қабылдаймыз. Сондықтан осы үдерісті нақтылап, оны жетілдіру керек. Дегенмен, кездейсоқ тактикалық операциялар стратегиялық мақсатты шет жаққа шығарып тастамауын қадағалау жөн. Сонымен, стратегия мақсатқа жетуге арналса, онда тактика... осы стратегияны жүзеге асуға бағытталады. Нақты және аралық мақсаттар бар болғанда, олардың шешімі үшін тактикалық әдістерді қолдануға болады. Оны жиі істеген сайын, қолымыздан жақсы келеді: біздің стратегиялық мақсаттарымыз тактикалық ойлауға қосылып кетеді, әсерлер жылдамырақ болып, сонымен бірге нақтылана түседі. Ал табысқа жету үшін жылдамдық маңызды нәрсе.Стратегтің қас жауы  - сағат тілі. Уақыттың жетіспеушілігі – шахматта  бұл цейтнот деп аталады – бізді таза рефлексте тұрғызылған , тактикалық ойынға лақтырады. Позицияның нақты есебіне және бағалауына уақыт жетіспеген кезде, біздің стратегиялық елесіміз эмоция және түйсікпен тұманданады. Бұл  жерде жетілген интуиция да көмектесе алмай қалуы мүмкін.Пабло Пикассоның қатты айтқан сөздері бар еді: «компьютерлер пайдасыз нәрсе, өйткені олар тек жауап қайтарады». Негізгі мағынаға ие болу үшін мағыналы сұрақтар қою керек! Дұрыс сұрақтарды іздеу және тұжырымдау – сіздің стратегияңыздың орындалуына кепілдік болатын табыс. Ақпараттың тасқыны сіздің стратегиялық елесіңізді сандармен, майда-шүйделермен, есеппен, сараптамамен жуып салады. Нағыз тактикашы болуды қаласаңыз өзіңіздің арсеналыңызда, бір жағынан, стратегиялық көру, екінші жағынан – аналитикалық ойлау болу керек.

Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы.
Қыркүйектің 5-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім қоғамына барар жолда» тақырыбында өткен онлайн режиміндегі дәрісінде мектептерде шахмат ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтындығын айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл туралы былай деді: «Таяуда мен Әлемдік шахмат қауымдастығының басшыларымен, белгілі гроссмейстерлермен кездескен болатынмын. Олар балалары жастайынан шахматқа әуес келетін елдер мен аймақтарда оқу үлгерімі артатынын және де математика пәнінен білімдері жақсаратынын алға тартты.

Шахмат ойыны баланың -

  • бірнеше қадам алда жүріп, шешімді қабылдай білуге үйретеді;

  • есте сақтау қабілетін дамытады;

  • пәнге деген қызығушылығын арттырады;

  • әртүрлі жүріс нұсқасын қайта-қайта таңдауға,

  • өз бетімен есеп шығару қабілетін дамытуға,

  • қорытындылауға үйретеді

  • танымдық қасиеттерін жетілдіреді.

  • жеке бастың мінез–құлқының қалыптасуына

  • ұстамды және ізденімпаз болуына,

  • ойлау қабілетінің артуына ықпал етеді.

  • Өзгенің қателіктерін және өзінің қатесін түсіне білуіне

  • одан дұрыс қорытынды жасауға,

  • қарсыласты сыйлай білуге үйретеді.

Енді, әуел бастағы әңгімемізге көшсек. Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс тақыр жерден көтеріліп отырған жоқ. Кәмелеттік жасқа жетпеген жеткін­шектің ой-санасын өрістету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, үлкеннің ақылына құлақ асу, шешім шығарудағы шапшаңдық пен есте сақтау қабілетін жетілдіру, өзін-өзі ұстамдылыққа тәрбиелеу сияқты қасиеттерді бойына сіңі­руде шахмат ойыны таптырмайтын құрал екен. Әзіргі күні әлемнің бірнеше елі, оның ішінде АҚШ, Испания, Венгрия, Италия, Голландия, Аргентина, Израиль сияқты мемлекеттер шахматты мектеп бағдарламасына енгізуге белсене кірісіп жатыр. Бір ғана Үндістанның өзінде 2 миллионнан аса оқушы шахматты арнайы пән ретінде меңгереді екен. Ал Израильде шахматты сыныптық білім бағдарламасына етене енгізуге арнайы атсалысатын Гарри Каспаров атындағы академия жұмыс істейді. Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті, Қалмық елінің басшысы Кирсан Илюм­жановтың бастамасымен осыдан біраз жыл бұрын Қалмық орта мектептерінде шахмат ойыны енгізілген. Бір анығы, шахматты мектеп бағ­дарламасына енгізудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Шахмат білекпен емес, бас­пен ойланып, жүрекпен зерделейтін спорттың түрі. Тұнып тұрған есеп. Ал есеп-қисапқа жүйрік адам бүгінгі дәуірдің көшінен қалмайды. Шахмат баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қо­сады. Яғни, жүйке жүйесін жетілдіреді. Мен бұл арада, ойынның адамға әсер етер физиологиялық қырларын ғана тілге тиек етіп отырмын. Шахматты жетік меңгерген баланың сабақ үлгерімі де үздік болады. Білімді, озат оқушыдан білікті кадр шықпайды деп кім айта алар. Елбасымыз: «шахмат ойнайтын баланың ой-өрісі шахмат тілін меңгермеген қатарласынан қарағанда он есе артық болады» дегенде де осыны меңзеп отыр.Біздегі бір кемшілік шахматтан тәлім беретін білікті ұстаздар саусақпен санарлық.

1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Оның тарихына үңілсек, мереке ойда жоқта пайда болған екен. Әлемдік шахмат федерациясы қалай да шахматты спорт деңгейіне көтеру үшін ойынға тиесілі күнді белгілеген көрінеді. Ойынның аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» - «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны – Үндістан. Шахматтың прототипі чатуранга деген үндістандықтар ойнайтын ойын болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген. Бұл ұлы ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.

Сонымен қоса мен өзімнің сыныбымнан сауалнама алдым. Сауалнама мақсатым ол қанша бала шахмат ойнай алады, ол туралы не білетінің туралы сұрау. Сауалнама мынадай сұрақтардан тұрды:


  1. Шахмат ойнай аласың ба?

  2. Математика пәні саған ұнай ма?

  3. Өз мектебіңде шахмат үйірмесінің болғанын қалайсың ба?

  4. Үйлеріңде шахмат тақтасы бар ма?




Оқушы саны

Шахмат ойнай аласың ба?

Математика пәні саған ұнай ма?

Өз мектебіңде шахмат үйірмесінің болғанын қалайсың ба?

Үйлеріңде шахмат тақтасы бар ма?


Ия

Жоқ

Ия

Жоқ

Ия

Жоқ

Ия

Жоқ

27

14

13

17

10

20

7

14

13

100%

51%

49%

63%

37%

74%

26%

51%

49%


Қорытынды 

Ауа райын болжау сияқты, сіз қаншалықты алдыға болжағыңыз келсе, сіздің болжамыңыз  соншалықты нақты емес болады. Мүмкін нәрселердің саны өсе берген сайын, есептеу үшін күш те, уақыт та көп кетеді. Үдеріске кездейсоқтылық факторлары және белгісіздіктер араласып, нәтижесі сенімсіз болады.Сараптама сіздің тәжірибеңізге және интуиция сезіміңізге

тәуелсіз маңызды мағынаға ие. Сен де, тексер!!! Өйткені сіздің интуицияңызға қайшы келетін сценарийлер табылып қалуы мүмкін.Түйсік сезім мен интуиция көптеген шешімдерді қабылдаудың негізінде жатыр, әсіресе біздің өмірімізді толтыратын мезетті шешімдерді қабылдауда. Бізжұмысқа бара жатқанда ана жаққа, мына жаққа басымызды неліктен братынымызды түсінбейміз, бұл жай ғана әдет. Ал шахматшы үш жүріс асап-ақ қарапайым матты лезде байқай алады, тіпті бұндай позицияда ешқашан болып көрмесе де. Бұл кезде ол өзінің кәсіби дағдысын пайдаланады. Біз жиі шартты-сызылған сызбаға немесе біздің дем алу үдерісімізді басқаратын ағзаның автономды жүйке жүйесіне сүйенеміз. Ал мұнда шартты және шартты емес рефлекстер жұмыс істейді. Бірақ рефлекс, әдеттер, дағдылар — бұл әлі интуиция емес. Жүріп-тұрудың шартты сызбалары уақыт үнемдеп, стандартты жағдайларда кемшіліктері болайды. Қиын проблемаларды шешу барысында осы сызбаларға  сүйенген кезде, проблема сонда ғана туындай бастайды. Бұл шығармашылық қабілетті тұншықтырып, “әмбебап” амалдарды қолдануға апарады, яғни кез-келген проблеманы бірдей сызбамен және рәсіммен шешуге тырысу.Өмірде ережелер шахматтағыдай оңай емес. Біздің шешіміміз салдары қандай болатынын біле бермейміз. Кейде жағдай анық, кейде тек интуицияға сену қалады. Шешіміміз бұрыс болса, жағдайды түзете аламыз ба деп өзіңізден әр кез сұрау керексіздер. Іс насырға шапса, бізде таңдау қалады ма? Басқа жолдары бар ма?Бұндай тәсіл бізден байсалдылықты талап етеді. Көптеген сәтсіз шешімдер, оларға артылған жауапкершіліктен тезірек құтылу нәтижесінде пайда болған. Асығыстың салдары болып табылады. Егер дәл қазір қабылданған шешімдеріңіз пайда

әкелмесе, оны шетке ығыстырудан ұтылмайсыз. Уақытты сапаның жақсаруына, жаңа ақпаратты жинауға және басқа нұсқаларды ойлауға жұмсаңыз. Маргарет Тетчер айтқандай: “Саясатта мен бір нәрсе ұқтым: сіздер оны істеуге мәжбүр болмағанша, шешім қабылдамайсыздар”.



Ұсыныс

1.Шахмат ойынын мектеп бағдарламасына енгізу.

2. Мектептерде шахмат үйірмелері ашылса.

3. Мектепшілік шахмат жарысы ұйымдастырылса.




Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Валеология»журналы.2001жылы №2. 7-15 бет

2.«Валеология»журналы.2004жылы №6. 9-12 бет

3.«Даналардан шыққан сөз».Алматы «Мектеп»,1987 жыл. 285-293 бет.

4.«Денсаулық энциклопедиясы».Балалар әдебиет баспасы2000жыл.78-88 бет

5.«Денсаулық»журналы.2003жылы №3. 15-16бет

6.«Денсаулық»журналы.2005жылы №2. 7 бет

7.«Денсаулық»журналы.2006жылы №2. 11-13 бет

8.«Денсаулық»журналы.Алматы кітап 2009 жыл. 9-38 бет.

9.«Мөлдір бұлақ»2004жылы №2. 8 бет

10.«Мөлдір бұлақ»2008жылы №2. 2-3 бет



11.«Салауатты өмір салтын ұстау»1 сыныптар,қосымша оқулық. 13-19 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет