Математикалық квест ойыны
Күні:
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары
Мұғалімі: Нуртаева З. И
Көптеген оқушылар математика пәнін қызықсыз әрі іш пыстырарлық деп санайды, алайда осындай көз қарасты өзгерту үшін біз осы математика пәні апталығы кезінде сыныптан тыс шараларды қызықты етіп ұйымдастыра отырып қызықты сайыс ұйымдастырдық . "Математикалық квест"- ойынын саяхат сабақтар қатарына жатқызамыз, күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық ойын. Бұл ойынды ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында есептердің қиын екенін сезбей қызығына батып кететін жағдайлар орын алады. Тапсырмалар біз игерген материалдарды қамтиды: теңдеу шешу, мәтінді есеп, математикалақ амалдар туралы білімі, формулалар, өлшем бірліктер.
Мақсаты:
Білімдері мен біліктерін тәжірибеге негізделген пәнге байланысты қолдана білуге дағдылануы;
Өздігімен қиындықтардан шыға білу дағдысын қалыптастыру;
Ойлау, үйрену, ақпарат алу, тіл табыса алу, еңбекке қабілетті болу және өзін өзі қиындықтан шығуға тырысу сияқты қабілетттерін қалыптастырады;
адамдармен араласу және үйрену барысында пәндік білімдерімен оқулықтан алған білімдерін шын өмірде қаншалықты қолдана алатындығын дәлелдеу;
Квест тапсырмалары:
Білімділік: тапсырмаларды орындау барысында кездесетін есептеулерде есептеу алгоритмін сақтай отырып орындау;
Дамытушылық: Анализ жасау, салыстыру, қорытынды жасау және тіл байлығын қолданып ойын еркін жеткізу;
Тәрбиелілік: Өз көзқарасын қалыптастыру, өзгелерді тыңдау, диалогқа қатысу, позитивті іскерлестік дағлысын қалыптастыру;
Мәні – ойыннан лаззат алу, өз білімін сынай отырып жаңа білім игеру, көзқарас, проверить и получить знания, расширить кругозор
Қатысушылар: 6 сыныптың 5 оқушысы қатысады.
Жүрісі: Топ мүшелері әрбір тапсырманы орындау үшін шарларға жасырынған жұмбақтарды дұрыс табуы крек, жұмбақты үш тілде дұрыс айту керек
Ұпай қою кезінде тапсырманың дұрыс орындалуына, есепті ңдұрыстығына баса мән беріу керек.
Кіріспе сөз: Құрметті ойынға қатысушы оқушылар !Бүгінгі математикалық квест ойынында сіздерге балалар көптеген матемиатикаға да басқа да көптеген мектеп пәндерінен сұрақтар мен тапсырмалар орындауға тура келеді. Қазіргі ауламызда қай мезгіл балалар? Жас ағзамыз тез өсіп жетілуі үшін және бізді қоршаған әлемнің көптеген жаңалықтарын ашып, білім ғылымды меңгеруіміз үшін бізге күзде өте көп керек болатын не нәрсе? Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызда көптеген жемістер жинап денсаулығымызды мықты ете отырып, қызықты есептерді де шығара отырайық. Ал олай болса кірісеміз бе? Олай болса сабағымызға кіріспес бұрын күзге немесе жеміс жидектерге қатысты кім тақпақ біледі?
Мына күзгі бұлтты күні аспанымызда күн болмағандықтан күнді өзіміз жасаймыз, яғни алдарыңда тұрған стикерлерге сөздердің ағылшынша орысша аудармаларын жапсырып отырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |