«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар



бет14/36
Дата27.07.2022
өлшемі4,87 Mb.
#147812
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
«Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема

Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар:
1. Үйрету дегеніміз не?
2. Үйрену дегеніміз не?
3. Математиканы оқу дегеніміз не?
4. Математиканы оқыту дегеніміз не?
5. Математиканы оқыту әдісін де оқу әдісін де бір сабақта қалай жүзеге асыруға болады?
6. Сөздік әдіске не жатады?
7. Ауызекі баяндау қалай жіктеледі?
8. Көрнекілік не үшін қажет?
9. Көрнекіліктің қандай түрлері бар?
10. Оқытудың практикалық әдісіне не жатады?
11. Практикалық сабақтар қалай өтізіледі және қандай түрлері бар?
12. Математиканы оқыту процесіндегі бақылау мен тәжірибе, салыстыру және аналогия, жалпылау, абстракциялау және нақтылау, индукция мен дедукция, анализ бен синтез.
13. Толық және толық емес индукцияға анықтама бер. Математикалық индукция әдісі.
14. Математиканы оқытудың интерактивті әдістеріне түсінік бер.
5-дәріс. Математиканы оқытудың заманауи технологияларының сипаттамасы. Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялары.


Дәріс мақсаты:Математиканы оқытудың заманауи технологияларының сипаттамасын білу. Математиканы оқыту жүйесіндегі проблемалық-ізденушілік технологияларға тоқталу. Оқыту технологияларын саралау. Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларын білу.


Дәріс жоспары:
1. Математиканы оқытудың заманауи технологияларының сипаттамасы. Математиканы оқыту жүйесіндегі проблемалық-ізденушілік технологиялар. Дамыта оқыту технологиялары. Математикалық білім берудегі модульдік технология. Математиканы саралап оқыту технологиясы. Дидактикалық біліктіліктерді ізгілендіру оқыту технологиясы ретінде.
2. Математикалық білім беру саласын компьютерлендірудің психологиялық-педагогикалық және әдіснамалық негіздері. Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялары.



  1. Математиканы оқытудың заманауи технологияларының сипаттамасы.

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ - болашақ тірегі бола алады.


XXI ғасыр білімділер ғасыры. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдагы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның эқаномикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік
иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык мәселе болған. Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу.Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицейт.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:

  • Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  • Теориялық білімнің жетекші рөлі.

  • Оқу материалын жеделдете оқыту.

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  • Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады. Бұл жерде мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім
беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау,
міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі
қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардыңерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлеп оқу топтарында аздап жеңілдейді.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті
деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер,
әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері
пайдаланылады.
Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
-оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
а) проблемалық-рөлдік ойьн;
б) рефлексивті-рөлдік ойын;
в) панорамалық сабақгар;
г) педагогикалық ринг;
д) педагогикалық идеялар аукционы;
е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетініңқалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Интербелсенді оқудың әдістері:
- интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
-пікірталастар;
-ойындар (оқу, ролдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
-кейс-стади;
-тренингтер;
-оқытудың компьютерлік технологиялары.
Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: - ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, болжау, кластерлер, оңай және қиын сұрақтар кестесі, ойлан, жұптас, пікірлес, алдын-ала берілген атаулар, үлкен шеңбер, қос шеңбер, атаулар туралы үш сұрақ, еркін жазу, «білемін, білгім келеді, білдім», дөңгелек үстел, үш қадамды сұхбат, топтық зерттеу, кең көлемді лекция, сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш жазба күнделігі, белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, қайшыланған пікірталас, аквариум, эссе және басқалар.
Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері:
- жобалау;
- аннотациялау және рецензиялау;
- ғылыми жұмыстарға пікір жазу;
- әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру;
- ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру;
- портфолио құрастыру;
- кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу;
- идеялар аукционын өткізу;
- презентациялау;
- өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру;
-сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу;
- тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет