Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Бірінші қоймада 18 тонна қант бар. Екінші қоймада – 4 тоннаға артық. Екінші қоймада қанша қант бар? 2



бет20/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы

1. Бірінші қоймада 18 тонна қант бар. Екінші қоймада – 4 тоннаға артық. Екінші қоймада қанша қант бар?

2. Бірінші қоймада 18 тонна қант бар, ол екінші қоймадағы қанттан 4 тоннаға артық. Екінші қоймада қанша қант бар?

Екі есептің мазмұныңда да «4 тоннаға артық» деген сөз бар. Онда оқушылыры екі есептіде қосу амалымен шығарлады деп қателеседі. Сондықтан есептің берілгенін қысқаша жазған пайдалы.



I де – 18 т.

II де – х т., 4 т.- ға артық

I де – 18т., ол 4 т.- ға артық

II де – х т.

Мұғалім: Бұл есептерді салыстырғанда қандай ұқсастық байқадыңдар?

Оқушы: Есептердің берілуіндегі барлық сандар бірдей, және екі есепте де «4 тоннаға артық» делінген.

Мұғалім: Есептердің қандай айырмашылығы бар?

Оқушы: Бірінші есептің берлуінде бірінші складта қант екінші складтағы қанттан төрт тоннаға артық.

Яғни, х = 18+4; х = 22 (т).

Ал, екінші есепте бірінші складтағы қант екінші складтағы қанттан төрт тоннаға артық. Онда екінші складтағы қант бірінші складттағы қанттан төрт тоннаға кем.

Яғни х = 18-4; х = 14 (т).

Міне осы жерде салыстыру, ойлау, даму үрдісі орындалады. Оқушылар I есепті қосу амалымен, II есепті азайту амалымен шығарды.

Сонымен, өз бетімен қорытындыға келу - өз бетімен нәтижелі ойлаудан шығады. Міне, осылайша, бақылау мен салыстыру әдістерін қолданып дамыта оқыту жүзеге асады. Олай болса, бақылау мен салыстыру – математиканы дамыта оқытудың негізгі әдістерінің бірі [10].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет