Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Математикалық негізгі анықталмайтын ұғымдар.
2. Теоремаларды дәлелдеудің қандай әдістерін білесің?
3. Теореманың шарты мен қорытындысын ажыратып көрсетіңдер.
5. «Түзулердің паралельдігі» а//b қанша постулатпен анықталады?
6. Жаңа буын геометрия оқулығының аксиомалар жүйесі.
IV ТАРАУ.
МАТЕМАТИКАНЫ ДАМЫТЫП ОҚЫТУ
§ 1. МАТЕМАТИКАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасының кәзіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осыған орай дамыта оқыту қазіргі педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі. Педагогикада дамыта оқыту, тәрбиелеп оқыту дидактикалық қағидасыне енгізілген еді. Қазіргі кезде математиканы оқытуда негізгі дидактикалық принциптердің бірі – дамыту қағидасы екенін негіздеуге болады.
Біріншіден, адамзаттың даму үрдісі өз еркіне жіберілсе, даму баяу жүрер еді. Ал бала кезінен адамның ашылмаған табиғи қабілеттерін оятса және ол қабілеттерді дамуға бағыттаса, даму процесі жылдам жүреді.
Екіншіден, бүгін таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөль атқарады. Математика адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірде бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе.
Үшіншіден, ойлау қабілеттері дамыған оқушы өз бетімен ізденіске, заттар мен құбылыстарды зерттеуге құлшынады. Осылайша дарындылықтың көзі ашылады.
Міне осы себептер математиканы оқытуда негізгі принциптердің бірі – дамыту қағидасы екендігін және бұл аталған принципті тәрбиелеу қағидасынен бөліп, жеке-дара қою керектігін дәлелдеп отыр [11].
Оқыту әдістемесінің тарихы да осы қорытындыға дәлел. И.Г.Песталоццийдің (1825) «Аққу әні» еңбегінде «Элементарлы білім теориясы – адам баласына табиғи берілген негіздерін, қабілеттерін қалыптастыру және дамыту» делінген [35]. Адам жаратылысындағы «Адам жүрегі, адам ақылы, адам білігі - әрқайсы өзін-өзі дамытуға еріксіз ұмтылады. Бұл табиғаттың мәңгі өзгермейтін заңдары. Көз көреді, құлақ естиді, Аяқ жүргісі, қол ұстағысы жүрек сезгісі, сүйгісі келеді. Ми ойлағысы келеді». Табиғаттың өзі адамды талаптануға, еңбектенуге, ойлауға, шынығуға және сезімдері мен қабілеттерін дамытуға жетелейді. Тек оқу ғана адамды дамытады. Оқушының ақыл-ойының дамуы оқыту процесінде жүзеге асады. «Элементарлы білім беру идеясы адамды жан-жақты гармоникалық дамыту талабынан шыққан» [35]. Сонымен, математиканы дамытып оқыту дегеніміз – математиканы оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойын, өз бетімен нәтижелі ойлауын, инттелектісін дамытып, дендері сау, өнегелі адам қалыптастыру. Дамыта оқыту барысында үш түрлі күш қатар дамиды. Олар: бала денесі, өнегелілік, ақыл-ой. Егер үш түрлі күштің бірі дамымаса, адамның ақыл - есі дұрыс дамымаған дейміз. Естілік, парасаттылық баланың денесінің өсуі, өнегелілігі, ақыл-ойы қатар гармоникалық түрде даму нәтижесінен туады. Қоғамдағы әрбір адам парасатты яғни инттелектуалды дамыған болса, қоғам да жан-жақты дамуы сөзсіз.
Адамның дамуының бір - біріне тығыз байланысты үш компоненті болып отыр. Олар: 1) дененің өсуі яғни денсаулық; 2) өнегелілік; 3) ақылдылық (ақыл-ой).
Дененің өсуі дененің тазалығына, денсаулықтың дұрыстығына байланысты;
Өнегелілік адамның адамгершілік қасиеттеріне, ішкі мәдениетінің жоғарылығына байланысты. Дені сау адамның көп жүріп, көп көріп, көп оқып өнеге алуына, ішкі мәдениетін өсіруіне мүмкіндігі бар.
Дені сау, өнегелі адам оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз.
Олай болса дамыта оқыту қағидасы мынандай үш мақсатты жүзеге асырады:
1) Денсаулықты сақтау арқылы дененің өсуін қамтамасыз ету.
2) Өнегелілікті тәрбиелеу және дамыту.
3) Ақыл-ойды дамыту.
Бүкіл адамзаттың дамуы – дамыта оқытуға тікелей байланысты болып отыр. Осыған орай дамыта оқытуға үлкен көп мән беріп, мектеп денсаулық, өнегелілік, ақыл-ой секілді үш күшті қатар гармоникалық түрде дамытса, болашақта эстафетаны интелектісі жоғары, парасатты азаматтарға береміз. Сонымен, дамыта оқытуға төмендегідей міндеттер қойылады:
1) дене өсуіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау:
- сынып бөлмесінің тазалығын сақтау;
- бөлменің ауасын жаңартып отыру;
- бел омыртқаның қисаймауы үшін оқушының отыры-сын үнемі қадағалау;
- көздің саулығына мән беру т.б.
2) өнегелілікті тәрбиелеп дамыту:
- мәдениеттілік тәрбиелеу;
- қазақтың бұрынғы ұлттық қасиеттерін оқушылар бойына дарыту, себебі сол ұлттық қасиеттер: зор мәдениеттілік, тазалық, тәртіптілік, инабатылық, төзімділік, нәзіктік, үлкендерді сыйлау;
- зейін қойып тыңдай білу, ешкімді сөз сөйлеп тұрғанда бөлмеу, сұраққа толық жауап беру, математикалық объектілердің анықтамаларын бергенде сөйлемді дұрыс құру;
- жауаптың дәлдігі, дұрыстығы арқылы шыншылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
3) Ақыл-ойды дамыту:
а) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту:
- математикалық материалды қабылдай білу;
- логикалық ойлау қабілеттін дамыту;
- математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды талдап қорыта білу;
- оқушылардың математикалық есте сақтау қабілет-терін дамыту;
- ойлау икемділігін дамыту;
б) оқушылардың білімге құштарлығын тәрбиелеп, оны толық және тиянақты меңгерулерін қадағалау;
в) алған білімдерін қолдана білуге бағыттау;
г) өз бетімен нәтижелі ойлау интелектісін дамыту;
д) ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Сонымен, мектепте сабақты дамыта оқытудың мақсат-тары мен міндеттері айқындалды. Біз нақты түрде дамыта оқыту үрдісін математика сабағында бақылап, жоғарыдағы қорытындыларға келдік.
Достарыңызбен бөлісу: |