Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


§ 2. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ



бет26/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
§ 2. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

2.1. Оқыту үрдісінде тәрбиелеу туралы.

2.2. Диалектико- материалистік көзқарасты тәрбиелеу.

2.3. Адамгершілік қасиеттер тәрбиелеу.

2.4. Математика сабағында оқушылардың ұлттық таны-мын тәрбиелеу.

2.1. Оқыту үрдісінде тәрбиелеу туралы.

Республикалық деңгейдегі әлеуметтік тапсырмалардың бірі - жеке адамды қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - үлтық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген. Бұл әлеуметтік тапсырманы мектепте әрбір сабақта жүзеге асыруга әр мұгалім ат салысады.

Математиканы оқыту барысында да оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге болатыны мәлім. Тәрбие жұмысының нәтижелі болу үшін төмендегідей талаптар қойылады:

- оқушыларды тәрбиелеу үздіксіз әрі жоспармен жүргізілу керек;

- тәрбие жүмысы айқын және көрнекі жүргізілмеуі де мүмкін, оқушыларға оқытушының болмысы, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері кунделікті үлгі ретінде әсер етіп, тәрбиелейді;

- оқушылардың оқып үйрену үрдісінде тәрбиелеу біртіндеп өзін-өзі тәрбиелеуге көшу керек.

Математиканы оқыту үрдісінде тәрбие жұмысының түрлері төмендегідей болады:

1. Диалектико - материалистік көзқарасты тәрбиелеу.

2. Адамгершілік қасиеттер тәрбиелеу.

3. Математика сабағанда оқшылардың ұлттық танымын тәрбиелеу.



2.2. Диалектикалық материалистік көзқарасты тәрбиелеу.

Дидактика талабы бойынша математиканы тәрбиелей отырып оқыту керек. Яғни, математиканы оқыту барысында тек білім жүйесін ғана қабылдатып қоймай, онымен қатар жалпы мәдениетке тәрбиелеп отыру керек. Оқушыларға адамзат қоғамының мәдени тарихында математиканың рөлін, математиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, жаратылыстану және техникалық ғылымдардағы математика-ның фундаментальды ролін түсіндіріп отырудың мәні зор.

Математиканың басқа ғылымдармен және практикамен байланысын көрсету және математика тарихын пайдалану оқушылардың материалистік көзқарастарын қалыптастырып, жалпы мәдениетін арттырады. Математиканың методологиялық сұрақтары арқылы оқушылардың ғылыми көзқарасы тәрбиеленеді.

Оқушыларға математиканы оқыту үрдісінде математикалық абстракциялар (сан ұғымы, фигуралар, функциялар және т.б.) математиктердің «таза санасының» - нәтижесі емес, ол адамзаттың ғасырлар бойғы тәжірибесінің нәтижесі және нақты өмірдегі әртүрлі объектілер мен құбылыстардың бейнесі, ғылыми қорытындысы екенін көрсету керек.

Математика өмір қажетінен пайда болғандығы белгілі. Математикалық білім неғұрлым терең дамыған сайын, соғұрлым өмірге, практикаға кеңінен еніп отыр.

2.3. Адамгершілік қасиеттер тәрбиелеу.

Математиканың өзі дәл ғылым, оны меңгеру үшін еңбектену, іздену керек. Математикалық тұжырымдар айқын және нақты дәлелденеді, анықтамаларда артық сөз болмайды. Кез келген математикалық ұғым, математикалық тұжырым тұрақты, өзгермейді. Сонымен математика мазмұнының өзі адамды шыншылдыққа, дәлдікке, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Геометриялық фигуралар, математикадағы симметрия, теореманың дәлелдеу жолының дәлдігі, дұрыстығы, әсемдігі, айқындығы оқушыларға эстетикалық тәрбие береді.

Математиканың шығу тарихы, ұлы математик ғалымдар-дың өмірбаяны оқушылардың математика ғылымына, математика ғалымдарына сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятады. Математикадан алғашқы оқулықтар жазған ғұлама ғалым Мұхаммед ибн-Муса ал-Хорезми, ұлы ғалымдар Омар - Хаям, ал - Фараби, Н.И. Лобачевский және т.б., кәзіргі кездегі белгілі математик ғалымдар М. Өтелбаев, Қ. Қасымов, Б. Блиев, Ө. Сұлтанғазиндердің өмірбаяндарымен таныстырып отыру қажет.

Сонымен, адамгершілігі зор ұрпақты тәрбиелеу - елдің ертеңін ойлау.



2.4. Математика сабағында оқушылардың ұлттық танымын тәрбиелеу.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің басты бағыттары:

1) көргенді атану - қазақ тағылымының басты шарты, не нәрсе болса да көз жеткізу, иландыру... шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антыңа берік болу, аманатқа борышты болмау.

2) ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетіңнен, сөйлеген сөзіңнен, қарым-қатынасыңнан, көз қарасыңнан ғибрат исі шығып тұру.

3) ерте тұр, кеш жат, аз сөйле, көп тыңда, сөзің жерде қалмасын, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау.

4) ... рухыңа кір салмау, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, өз қатарыңнан кем болмау, асып-таспау, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның бойына үлес қосу... .

Осы келтірілген ұлтық тәрбиенің негізгі бағыттарың толығымен математиканы оқыту үрдісінде жүзеге асыруға болады.

Әрқайсына тоқталатын болсақ:

1) математиканың тұжырымдары – ақиқат және оның ақиқат екендігі дәлелденеді, көз жеткізіледі;

2) математиканы меңгеру барысында ақыл-ой дамиды;

3) математикада сөз қысқа, артық сөз пайдаланылмайды;

математиканы меңгерген оқушы аз сөйлеп, көп тыңдайды; білгенін жолдасына түсіндіруге жалықпайды;

4) ақыл-ойы жетілген оқушы өз қатарынан кем болмайды, үлкендерді силайды.

Оқушылардың ұлттық танымын тереңдету халық педагогикасының элементтерін математика сабағында колдану арқылы жүргізіледі. Халық педагогикасының әдістері оқушыларды өз халқының әдет-ғұрыптарымен таныстырып қана қоймай, өз халқына деген мақтаныш сезімін оятып, ұлттық танымын тереңдетеді.

Ұлағатты ұлттық ұғымдарды математикамен байланыс-тырып, сабақта қолдануға болады.

Б е с а с ы л, б е с д ұ ш п а н.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұщпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)

Осындай көптеген ұлтымыздың ұлағатты ұғымдарын есептің мазмұнына енгізсе, не санға байланысты келтіріп отырса, оқушы әр сөздің мағнасын ұғынып, келешекте үлгі тұтады.

IV-VIII сыныптар аралығында математика сабағында натурал сандармен жұмыс істегенде «Қасиетті сандар», «Жеті қазына», «Қырық бір құмалақ», 3 және 7 санына байланысты халықтық ұғымдарды қолдануға болады.

Ата-бабамыздың қазақ халқына қалдырған мұрасының бірі – киіз үйді геометрия сабағында көрнекі құрал ретінде «Бұрыштар», «Параллель түзулер» «Төртбұрыштар», «Аудан», «Айналу денелері» тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.

Міне осылайша, оқушылар қазақ халқының даналығының ғасырлар бойғы тәжірибесінің жиынтығы – киіз үймен танысып, сол даналықтың қыр–сырына үңіледі.

Қазақтың өз тілі, өз ғылымы, өз мәдениеті болғанын айта келе, «Өлшем бірліктер» тақырыбын өткенде қазақтың бұрынғы өлшем бірліктерін келтіру керек. Мысалы:

Бармақ – дюйм – 2,54 см.

Мысқал – доля – 4,44 см.

Шақырым – верста – 1,066 см.

Қадақ – фунт – 409,5 г.

Қолдың қары – ярд – 0,9144 см.

Сонымен, математика үрдісінде мақсат қойып үздіксіз, жоспармен жүргізілген тәрбие жұмысы нәтижелі болады [14].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет