Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет27/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математиканы оқыту үрдісінде тәрбие жұмысы қалай жүргізіледі?

2. Диалектикалық материалистік көзқарасты тәрбиелеу деген не?

3. Адамгершілік қасиеттерді қалай тәрбиелеуге болады?

4. Математика сабағында оқушылардың ұлттық таны-мын тәрбиелеудің қандай жолдары бар?

§ 3. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ

Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуда математиканы оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдана білу қажет. Оқыту – мұғалімнің оқушыларға білім беруі ғана емес, ол оқушы мен мұғалімнің арасындағы тиімді қарым - қатынастың күрделі үрдісі. Оқыту – үйрету мен үйренуден тұрады.

Ү й р е т у мұғалімнің жаңа материалды түсіндіретін, оқушылардың оқып, зерттеп отырған құбылыстарын бақылауларын ұйымдастыратын, олардың үйренуін, алған білімдерін қолдана білулерін басқаратын және олардың білім, білік және дағдыларын тексеретін мұғалімнің іс - әрекеті.

Ү й р е н у – мұғалімнің басшылығымен жаңа материал-ды қабылдау барысында мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, зерттеп отырған фактілерді, заттарды, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды түсініп, қабылдаған фактілерді қорытып, бекітіп және мұғалімнің тапсырмаларын орындағанда білімдерін қолдана білетін оқушылардың саналы іс - әрекеті [28].

Сонымен, оқыту әдістері үйрету әдістері мен үйрену әдістерінен тұрады деп айтуға болады.

М а т е м а т и к а н ы о қ у (үйрену) әдістеріне оқушылардың өз беттерімен белсенді ізденіп білім алу жолдары жатады.

М а т е м а т и к а н ы о қ ы т у әдістері деп белгілі бір математикалық білім, білік және дағды жүйесін оқушыларға беру тәсілдерін түсінеміз.

М а т е м а т и к а н ы о қ ы т у т ү р л е р і деп оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін түсінеміз. Математиканы оқытудың жалпы түрлеріне сынып сабақтық, сынып – топтық, лабораториялық және практикалық сабақтар жатады.

Математиканы оқытудың басқа түрлеріне математиканы проблемалық түрде оқыту, математиканы саралап оқыту, техникалық құрал жабдықтарды кеңінен қолданып оқыту жатады.

Математиканы оқытудың бір түрінде оқушылардың танымдылық іс - әрекеттерін әртүрлі ұйымдастыруға болады. Яғни, бір сабақта оқыту әдісі де оқу әдісі де қолдалылады. Мысалы, «Геометриялық денелердің көлемін моделдері бойынша табу» тақырыбындағы лабораторлық сабақта матемаиканы оқыту мұғалімнің нақты нұсқауымен жүргізілгенмен, лабораторлық тапсырма эвристикалық әдістен орындалады. Мұнда математиканы оқыту әдісі де оқу әдісі де жүзеге асып тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет