Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ



бет31/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
VI ТАРАУ.

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ



§ 1. Сабақ - математиканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.

1.1. Сабаққа әдістемілік мақсат қою.

1.2. Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесі.

1.3. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

1.1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екені педагогикадан мәлім. Негізінен сабақта білім беру, дамыту, тәрбиелеу және практикалық мақсаттар жүзеге асырылады.

Сондықтан сабаққа қалай жақсы дайындалу және жүргізу, жүргізілген сабақты қалай дұрыс бағалау? сұрақтары туындайды.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттігіне байланысты мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын көтеру, математиканы жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылып отырғанда, математика сабағын рационалды құру көкейкесті болып отыр.

Математиканы оқыту практикасында оқу жұмысын ұйымдастырудың тәжірибесі жинақталған. Сабақты жүгізудің тиімді жолдары туралы әртүрлі әдістемелік оқу құралдары, статьялар, математика сабағына арналған дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар және т.б. бар.

Сабақты жақсы дайындықпен жүргізу үшін және дұрыс бағалау үшін оған қандай негізгі талаптар қою керектігін білу керек. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин [...,4 бет] еңбектірінде «Сабақ – оқу тәрбие үрдісінің белгілі бір шектелген уақытта өтетін біртұтас, логикалық тиянақты бөлігі. Сабақта оқу – тәрбие үрдісінің негізгі элементтері: мақсаттар, мазмұны, құралдар, әдістер, ұйымдастыру бір-бірімен күрделі қарым - қатынаста болады.

Сабақтың сапасы осы компоненттердің әрқайсының дұрыс анықталуына және олардың өзара тиімді сәйкестенуіне байланысты. Сабақ жүргізуге қолданылатын кезкелген жеке әдістемелік тәсіл, оқу – тәрбие үрдісінің объективті заңдылықтарынан туындайтын педагогика ғылымының ұсынған талаптарына сай болу керек. Сабақтың негізгі белгілері:

- әрбір сабақта білім беру және тәрбиелеу мақсаттары қойылады;

- бұл мақсаттар нақты оқу материалы арқылы жүзеге асады;

- мақсаттарға жету үшін сабақ қолайлы оқыту әдісімен жүргізіледі;

- сынып оқушылары тегіс жұмысқа жұмылдырылады.



1.2. Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесі.

Әрбір сабаққа негізгі дидактикалық мақсаттар қойылуы керек. Математика сабағында бірнеше оқу мақсаттары қойылады:

- оқушылардың білім, білік, дағуыларын тексеру;

- жаңа ұғым қалыптастыру, жаңа сабақ түсіндіру;

- жаңа сабақты бекіту.

Қойылатын мақсаттардың ішінде негізгісін анықтай білу керек.

Сабақтың негізгі мақсаты сабақтың тақырыбын көрсетеді және сабақта не істеу керектігіне жауап береді.

Мәселен, «Герон формуласы» тақырыбына VIII сыныпта 2 сағат беріледі.

Сабақтың негізгі мақсаты: Герон формуласын дәлелдеу және оны қолданып есеп шығару.

Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мынандай міндеттер қойылады:

- Пифагор теоремасын қолдана білу;

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 тең екенін білу;

- квадрат теңдеуді шеше білу;

- Герон формуласын проблемалық жолмен дәлелдеп, оны есеп шығарғанда қолдана білуге жаттықтыру.

Мұғалім қолайлы мезетте оқушыларға сабақта не біліп, нені дәлелдеп үйреніп шығу керек, ол не үшін керек екенін хабарлайды.

Осылайша оқушылардың алдына проблема қойылады.



I. Үй тапсырмасы тексеріледі. (Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов, С.Б. Кадомцеваның 8 кл. Геометрия оқулуғы бойынша).

№490 (б) есебі тақтадағы дайын сурет бойынша тексеріледі.




1 ) r АВС – тең бүйірлі болғандықтан ВД – биіктік, биссектриса - әрі медиана. Олай болса 1= 2= 600, АД=ДС=9см.

2) r АДВ – тік бұрышты, 3=900–600 =300

3) ВД - 300 бұрышқа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартсына тең, яғни АВ=2ВД.

4) ВД=х см болса АВ=х см.

Пифагор теоремасы бойынша АВ2=ВД2+АД2



(2х)22+9

22+81

2=81

х=3

АВ=6 см.

5)

№ 491(а)
АВ2=АС2+СВ2

АВ= =13(cм)

АД=х, ДВ=13-х

r АСД ( Д=900)-дан СД2=АС2+АД2=25-х2

rСДВ ( Д=900)-дан СД2=СВ2-ДВ2=144-(13-х)2=

144-169+26х-х2 =26х- х2-25; 25-х2=26х- х2-25; 26х=50; х= .

СД= =

Осы есептер арқылы Герон формуласын дәлелдеуге дайындық жұмысы жүргізілді.

II. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Оқушылардың алдына проблема есеп түрінде қойылады: «Кезкелген үшбұрыштың үш қабырғасы бойынша ауданын табыңдар».

Кезкелген үшбұрыштың кем дегенде екі бұрышы сүйір болады. rАВС үшбұрышының А және В бұрыштары сүйір болсын. Онда СД биіктігі АВ қабырғасында жатады.

АД=х деп алсақ, ВД=с-х.

rАСД және rВСД ға Пифагор теоремасын қолдансақ,

b2=h2+x2, a2=h2+(c-x)2,

h2= b2-x2, h2=a2-(c-x)2,

b2-x2= a2-(c-x)2,

b2= a2-c2+2 cx,

,

h2= b2-x2=(b-x) (b+x),











Осы формуланы оқушылар өздігімен дәлелдеп шығады.



III. Жаңа материалды бекіту.

№499(а) есебін шығарады.

IV Сабақтың қорытындысы.

, мұндағы

Үйге тапсырма №499(б), 491(б), 492, 495(б).

Өз бетімен жұмысқа дайындалу ;

Көпбұрыш аудандарының формуласын жаттау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет