Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Сабақта білім беру мақсатынан басқа дамыту, тәрбилеу мақсаттарын да жүзеге асыру. 3



бет32/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
2. Сабақта білім беру мақсатынан басқа дамыту, тәрбилеу мақсаттарын да жүзеге асыру.

3. Сабақтың материалын негіздеп таңдап алу:

- сабақтың мазмұны оның негізгі мақсатына сай келуі;

- оқу материалы бір сабаққа лайықты болуы;

- сабақта нақтылық пен абстракциялық тиімді қатынаста болуы;

- теория мен практика қажетінше байланыста болуы.

4. Сабақта оқушылар белсенді қатынасатындай әдіс қолдану.

Жоғарыда келтірілген сабақта проблемалық оқыту әдісін қолдану арқылы оқушылар жаңа материалды меңгеруге белсенді қатысып, өз бетімен Герон формуласын дәлелдеп шықты.



5. Сабақ дәл, айқын ұйымдастырылуы үшін мұғалімге қойылатын шарттар:

- материалды еркін білу;

- оқыту әдістерін, түрлерін білу;

- оқушылардың жеке ерекшеліктерін білу;

- сабақтың барлық деталдарын ойластыру;

- уақытты дұрыс пайдалану;

- сабақтағы жұмысты мұғалім мен оқушыларға дұрыс бөлу;

- тақтадағы және дәптердегі жазуды ойластыру;

- сабаққа кажетті техникалық құрал жабдықтарды күні бұрын дайындау.

Сонымен математика сабағына қойылатын негізгі талаптар қарастырылды.

1-5 талаптар әмбебап. Қоғам және өмір талабына сай бұл талаптарға қосымша басқа талаптар қосылуы мүмкін.

1.3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына жалпы сипаттама.

Барлық оқу – тәрбие мақсаттары бір сабақта жүзеге аспағанымен, әрбір сабақ математика курсының бір бөлігі болғандықтан, оның атқаратын міндеті, мақсаттарынан адамды оқыту, дамыту және жан - жақты тәрбиелеу біртұтас жұмысы құрылады.

Сонымен оқушыны білімді, білікті, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру біртіндеп, сабақ сайын, күнбе - күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз.

Сабақ – бір тұтас тиянақталған оқу пәнінің бір буыны.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш деңгейден тұрады.

1) Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы.

2) Мұғалімнің тақырыптық дайындығы.

3) Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы.

Қазіргі кезде оқулықтардан басқа мұғалімдерге көптеген арнайы әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, есептер жинақтары бар. Мұғалімдерге арналған сабақ жүргізуге нақты нұсқаулар, сабақты жоспарлау, бақылау жұмыстары және өз бетімен жұмыстар, қиын есептердің шешулері келтірілген оқу құралдары баспадан шығып тұрады.

Мұғалім тек өз жұмыс жүйесінде дидактикалық принциптегі оқу үрдісінің заңдылықтарын және жоғарыда қарастырған математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асырып отыруы керек.

1) Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығына тоқталайық.

Алдымен мұғалім математика оқу бағдарламасымен, мектеп оқулығындағы оқу материалымен танысып, оқушыларды неге оқытатынын анықтайды.

Мұғалім, оқушылар бұрынғы оқу жылдары не оқып білуге тиісті екеніне байланысты өткен материалдың негізгі тақырыптарын қайталауды жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнының жобасы бойынша бір жылдық курсқа қажет математикалық оқу және әдістемелік әдебиет тізімін жасайды.

Оқу жылының басынан бастап жаңа сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасы қандай екенін анықтап, оқушыларға жалпы мінездеме жасау керек.

Білімі, қабілеті төмен оқушылардың бұрыннан білмеген, түсінбеген тақырыптарын анықтап, олармен қосымша жекеленген жұмыс жүргізу жоспарланады.

Мұғалім жарты жылға күндізбелік жоспар құрады, математика кабинетін жабдықтайды, дидактикалық материалдар, таблицалар, плакаттар, геометриялық моделдер, құралдар, техникалық құрал-жабдықтар дайындайды. Календарлық жоспардың үлгісі «Математика және физика» журналына басылады. Осындай дайындық жұмысы оқу жылының екінші жарты жылдығының алдында да жүргізіледі.



2) Мұғалімнің тақырыптық дайындығы.

Оқулықтағы оқу материалы тақырыптарға, параграфтарға және пунктерге бөлінген. Әрбір тақырып логикалық және танымдық жағынан толық аяқталған бір – бірімен байланысқан сұрақтардан тұрады; әрбір пунктта бір – екі сабақтың оқу материалы бар.

Мұғалімнің алдына, өтелетін тақырыптағы сабақтар жүйесін қалай құру керек? – деген сұрақ тұрады.

Бұл этаптағы мұғалімнің тақырыптық дайындағы мынадай болады:

- оқулықтағы оқу материалының мазмұнымен танысу және қажетті оқу материалын және есептерді анықтап алады.

- оқу материалын және есептерді әрбір сабаққа бөледі.

- өтілген сабақты бекітуге және қайталауға уақыт бөледі; өзіндік жұмыс пен бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Өзіндік және бақылау жұмыстарының үлгісі «Дидактикалық материалдарда», «Математика және физика» журналында басылады. Тематикалық жоспар құрылады.

3) Мұғалімнің және оқушылардың сабаққа дайындығы.

Құрылған тематикалық жоспар бойынша әрбір сабаққа дайындық жұмысы басталады. Мұғалім сабақтың мазмұнын анықтап, оны жүргізу әдісін таңдап алады.

Оқушылар тақырыпқа ену үшін, мұғалім олардың алдына проблема қоюды не есеп беруді ойластырады.

«Үшбұрыштардың ұқсастығының анықтамасы» тақырыбы бойынша оқушыларды үшбұрыштардың ұқсастығының ұғымына енгізу жолын қарастырайық. Бұл параграфқа 2 сағат бөлінеді. Бірінші сабаққа пропорционал кесінділерге анықтама беріліп, үшбұрыштың биссектрисасының қасиеті қарастырылады. Екінші сабақта ұқсас үшбұрыштардың анықтамасы беріледі.

Екінші сабақтың негізгі мақсаттары: үшбұрыштардың ұқсастығының анықтамасын енгізу; ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы туралы теореманы дәлелдеу және оның есеп шығарғанда қолданылуын қарастыру.

I. Үй тапсырмасын тексеру.

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Ұқсас үшбұрыштардың анықтамасын енгізу. Ол үшін күнделікті өмірде бір формадағы, бірақ өлшемдері әртүрлі заттар қарастырылады (футбол добы мен теннис добы, дөңгелек үлкенді - кішілі тарелкалар).

«Геометрияда бірдей формадағы фигуралар ұқсас деп атылады», - дейді мұғалім. Кезкелген екі квадрат, екі дөңгелек ұқсас. Оқушылар ұқсас фигураларға мысал келтіреді. Оқушыларға ұқсас үшбұрыштардың кардон қағаздан жасалған моделдері беріледі. Мұғалім:

- Ұқсас үшбұрыштардың анықтамасы қалай оқылады?

- Сәйкес қабырғалары туралы не айтуға болады?

- Сәйкес бұрыштары қандай?

- деп ойлан-дыру керек. Осындай дайындықтан кейін ұқсас үшбұрыштардың анықта-

масы беріледі: АВС және А1В1С1 ұқсас деп аталады, егер А= А1, B= B1, C= C1 және , (k ұқсастық коэффициенті).

Ұқсас үшбұрыштар былай белгіленеді: АВС ~ А1В1С1

Ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы туралы теореманы проблемалық әдіспен оқытуға болады.

Алдын ала тең бұрыштары бар үшбұрыштардың аудандарының қатынасы туралы теореманы қайталап дайындық жүргізіледі.

Оқушылар бірден:

Мұғалім: «Ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы ұқсастық коэффициенттің квадратына тең екенін дәлелдеңдер», деп оқушылардың алдына проблема қояды.

Оқушылар: екенін білеміз.

(жаңа қайталанды)

(2) формула бойынша

онда деп теореманы өздері дәлелдейді.

Ауызша есеп шығарылады:

а) АВС ~ А1В1С1, А=300, В=850, С=650,

А1, В1, С1 неге тең.

б) АВС ~ А1В1С1, АВ=3см, ВС=4см, АС=6см,

А1В1=12см.

В 1С1 және А1С1 – ді есептеңдер.

Жауабы: В1С1 =18см, А1С1 =9см.

III. Сабақты бекіту.

№ 544,545,548.

№545.


Шешуі:

АВС ~ А1В1С1,

; болсын,

онда .Осыдан

Жауабы: 175см2, 252 см2.

№548.


Шешуі: АВС ~ А1В1С1, онда





IV. Сабақтың қорытындысы.



I. АВС ~ А1В1С1

және

2. АВС ~ А1В1С1

III. АВС ~ А1В1С1

Үйге тапсырма: § 13. №543, 546, 549.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы осымен шектелмейді. Жұмыс барысында туындайтын басқа көптеген сұрақтарды мұғалім өз тәжірибесіне байланысты шешіп отырады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математика сабағына әдістемелік мақсат қалай қойылады?

2. Математика сабағына қойылатын талаптар жүйесін атаңдар.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі қандай?

4. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру жолдарын анықтаңдар.

5. Сабақты талдаудың схемасы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет