Қайталау сұрақтары:
1.Түрлендіру дегеніміз не ?
2.Түрлендірудің қозғалмайтын нүктесі дегеніміз не?
3.Тепе−тең түрлендіру дегеніміз не?
4.Кері түрлендіру деген не?
5.Қозғалыс деп нені айтады ?
6.Қозғалыстың 1-салдары ата?
7.Қозғалыстың 2-салдары ата?
8.Қозғалыстың қандай қасиеттері бар ?
9.Тең фигура дегеніміз не?
10.Қандай фигураларды центрлік симметриялы фигура деп атайды ?
11.Қандай қозғалыс бұру деп аталады ?
12.Параллель көшіру дегеніміз не ?
13.Параллель көшірудің қандай қасиеттері бар ?
14.Нүктеге қарағанда симметрия фигураны қалай бейнелейді?
15.Көшіру векторы қандай вектор деп аталады?
16.Параллель екі түзудің қанша симметрия бар?
17.Центрлік симметрияда шеңбер өзіне тең шеңберге ауысатынын дәлелдеңдер?
18.Нүктеге қарағанда симметриялы кесінділердің теңдігін дәлелдеңдер?
19.Қандай жағдайда екі кесінді параллель көшіруді беттеседі?
20.Қай жағдайда параллель көшіруде екі сәуле беттеседі?
Пайдаланылған әдебиет:
И. Бекбоев, А. Абдиев, Ж.Қайдасов, Г. Хабарова Геометрия 9-сынып/ Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. 27-48 бет
Ә.Н.Шыныбеков Геометрия 9-сынып/ Алматы: «Атамұра» баспасы, 2005. 75-81 бет
№6. МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ ВЕКТОРЛАР
Жоспары:
Векторларды анықтау. Векторды базис бойынша жіктеу
Декарттық координаталар жүйесі. Векторларға сызықтық амалдар қолдану
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі
Екі вектордың векторлық көбейтіндісі
Векторларды аралас көбейтіндісі
Векторлардың перпендикулярлық және коллинеарлық шарттары
Негізгі ұғымдар: вектор, вектор ұзындығы, нөлдік вектор, қарама – қарсы бағытталған векторлар, векторлардың сызықтық комбинациясы, үшбұрыш, параллелограмм, параллелограмм диагоналі, бірлік вектор, тең векторлар, коллинеар векторлар, жазықтықтағы базис, компланар векторлар, векторлардың қасиеттері, векторлардың координаталары, бұрыштың косинусы.
Оқушылардың білімін тереңдетіп, есептер шығару ептілігін арттыру мақсатында, біз 2010 жылығы жаратылыстану бағыты бойынша оқитын 7-9 сыныптарға арналған «Геометрия» оқулығы авторы: Атанасян және де 2010 жылғы жаратылыстану бағыты бойынша оқитын 9 сыныптарға арналған «Геометрия» оқулығы авторы: Шыныбеков оқулықтарына салыстыру жұмысын жүргіздік. Салыстыра келе, геометрия бөлімінде мектеп бағдарламасында қамтылмаған векторларға берілген кейбір есептердің түрлерін шығарудың жаңа тәсілдерін қарастырылған. Мысалы, екі вектор арқылы салынған параллелограммның ауданын табу, төбелерінің координаттары берілген үшбұрыштың ауданын табу, векторлар үшін параллелограмм ережесін қолдануға берілген есептер және т. б. Осы оқулықтарда Вектор ұғымы, бағыттас векторлар, векторлардың теңдігі, қарама-қарсы бағытталған векторлар, векторларды қосу, санға көбейту. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі векторлар. Векторлардың скаляр көбейтіндісі тақырыптары енгізілген. Бұл тараудың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын жоғары математиканың көптеген негізгі (мысалы жазықтықтың теңдеуі, кеңістіктегі түзудің теңдеуі сияқты) ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер арқылы немесе анықтауыштар көмегімен шешуді, үшбұрыш пен көпбұрыштардың аудандарын координаттар көмегімен табуды, үшбұрыш пен параллелограмның ауданын табудың векторлық әдістерімен) танысады.
Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қасиеттерді, теоремаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіреді деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |