Материалдары


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет143/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Список использованной литературы 
1.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 2. – Алматы, 1997. 
2.
Кан Г.В. История Казахстана. Учебник. Алматы, 2007. 
3.
Алаш-Орда, сборник документов, Алма-ата, Айкап 1992, с.96-99.
4.
Kазахская политическая и интеллектуальная элита: клановая принадлежность и внутриэтническое 
соперничество//Ж. Вестник Евразии 
ТІЛ МЕН ҦЛТТЫҚ МҼДЕНИЕТТІҢ, ҦЛТТЫҚ КОДТЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Исина Жаннҧр Аманкелдіқызы 
ф.ғ.к., «Қазақ тілі мен ҽдебиеті» кафедрасының меңгерушісі 
Мҥрсҽлім Дастанбек
Қазақ тілі мен ҽдебиеті мамандығының 4 курс студенті 
Қазақстан, Ақтҿбе 
 
Аннотация 
Мақалада тіл мен этнос қалыптасу барысында өзара тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің мұрагерлік 
қызметінің негізінде жүзеге асатындығы жөнінде айтылған. «Тіл дамуының өзі – ру-тайпа тілдерінен халық 
тіліне, халық тілінен ұлт тіліне қарай өрбитін тарихи құбылыс» деген ғылыми теорияның негізінде жазылды. 
Кілт сөздер: тіл, этнос, ұлттық мəдениет, ұлттық код. 
 
Лингвомҽдениеттанымдық тҧрғыдан зерттеудің теориялық негіздері –

ғасырлар бойы жинақтаған 
рухани жҽне материалдық мҽдениетінің жетістіктері мен ҧлт ҿркениетіне қатысты ақиқат белгілерін 
таңбалайтын тҧрақты тілдік бірліктерді зерттеу.
Тіл білімінде «қазіргі лингвистиканың қҧрылымдық, яғни тілді ҿз жҥйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының 
антропоцентристік қағида негізінде – сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның (тілдің) функционалды 
қолданыс табатын ҽлеуметтік орта, тарих, мҽдениет пен танымдық ҥрдіспен байланыстыра қарайтын 
зерттеулердің нҽтижесі болып табылар соңғы он жыл кҿлемінде тіл мен мҽдениеттің ҿзара байланыс тетіктері 
мен жалпы ҧлттық дҥниетаным, ҧлттық мҽдениеттің тілдегі кҿрінісін зерттейтін лингвомҽдениеттану ғылымы 
пайда болды», – деп айтуға толық негіз бар.
Лингвомҽдениеттанымдық тҧрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас жҽне танымдық қызмет атқаратын 
қҧрал ғана емес, сондай-ақ ҧғым – тіл – мҽдениет жиынтығынан қҧралатын, халықтық жаратылыстан тҧратын 
ҧлттық мҽдени код, қор, мҽдени ақпарат кҿзі ретінде танылады. Кез-келген халықтың басынан кешкен тарихы, 
бҥкіл рухани, мҽдени байлығы, болмысы, дҥниетанымы, ҿмір тіршілігіне, кҥнделікті тҧрмысына қажет 
бҧйымдары, ҽдет-ғҧрпы, салт-санасы, тҥсінігі т.б. біздің санамызда тілдік шығармашылықтың дамуының 
нҽтижесінде туған тілдік бейнесі. 
 
Шындық ҿмірдің мҽдени ақпаратын танытатын ҽрбір лингвомҽдени бірлік, ол фразеологизм болсын не мақал-
мҽтел болсын дҥниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомҽдени кҿрсеткіш ретінде қарастырылады.
 
Олардың 
мазмҧндық қҧрылымы тіл мен мҽдениет арасындағы ҿзара байланыстылықты айқындайды жҽне таңба 
мазмҧнындағы лингвистикалық, мҽдени ақпараттармен танылады.
Тіл – ҽрбір елдің, ҽрбір ҧлттың тарихын, мҽдениеті мен тҧрмыс 
тіршілігін, тіпті сол ҧлттың ҿз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ҧрпақтан-ҧрпаққа жеткізетін ҧлы 
қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. 


172 
Тіл қарым-қатынас қҧралы болуымен бірге оны тҧтынушы халықтың салт-дҽстҥрін, ҽдет-ғҧрпын, 
дҥниетанымдық ерекшелігін, ҧлттық болмысын, рухани-мҽдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму 
тарихын ҧрпақтан ҧрпаққа жалғастырып жеткізуші, жинақтаушы қызмет атқарады. Академик Ҽ.Қайдардың 
пікірінше: «...тіл – қорған, тіл – қару, ҿнер алды –қызыл тіл, тіл – ҧлттың жаны мен тҽні т.т... Ҿз тілінен 
айрылған ел – ел емес, ҧлт – ҧлт емес. Ҿйткені, этностың ҧлт санатына қосылуы ҥшін қажетті де міндетті 
шарттарына ортақ табиғи орта, ортақ кҥнкҿріс кҿздері, ортақ тіл, ортақ психология жататыны белгілі, 
сондықтан да қазақ халқы бҥгінгі жержҥзілік жаһандану процесінде біртҧтас ҧлт болып қалуы ҥшін ана тілінің 
тас тҥйін етіп ҧйыстыратын ҧйытқы болар қҧдіретті кҥшіне сҥйену керек...». 
Кез-келген ҧлт немесе этнос қалыптасу ерекшелігіне сҽйкес белгілі кезеңдерді бастан кешіреді. Қарым-
қатынас қҧралы ретінде тілдік таңбалардың этнос тілінде қолданысқа тҥсуі – тіл мен этностың ажыратып алуға, 
бҿліп-жаруға келмейтіндігінің тағы бір дҽлелі. Тіл тарихы халық тарихымен қатар ҿріліп жатады. Тарихшылар 
қазақ жҧртының этногенездік тарихи кҿздері мен тҥркі тілдері жҥйесіндегі орнын айқындауға байланысты 
қыпшақтық негізді айқындап береді. Сонымен қатар, қазақ тілінің бастау бҧлағы болып табылатын ескі қыпшақ 
тілі кҿптеген тҥркі халықтары тілінің этностық қалыптасуының басты негіздерінің бірі. 
А.А.Потебняның «халық – тілді жасаушы, тіл – «халықтық рухтың» нҽтижесі, сондықтан да тілден біз 
ҧлттық ерекшеліктерді кҿреміз» деген пікірінің маңызы зор. 
Тілімізде ҧлттық мҽдениеттің ҿзегін қҧрайтын қастерлі ҧғымдар мен кҿзқарастардың қалыптасуына, тіл 
мен мҽдениеттің сабақтастығының дамуына ҿзіндік ҥлес қосқан ғалымдардың қатарына В.Фон Гумбольдт, 
А.А.Потебня, А.Вежбицкая, А.Шмелев, Ю.Апресян, В.Воробьев, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Г.Смағҧлова, 
С.Жанпейісова, А.Сейілхан т.б. жатқызуға болады.
Тіл – тарихи қҧбылыс. Бірқатар тҥркі тілдерінің (ҿзбек, қазақ, қарақалпақ, татар жҽне т.б.) ҿз алдына отау 
тігіп, жеке тіл болып қалыптасу кезеңі, ескі қыпшақ тілі туралы жазылған жазба нҧсқалардың тҥзілу уақытына 
тҧспа-тҧс келеді, яғни Х-ХY ғғ. болып есептеледі. Сондықтан тарихи тақырыпқа байланысты мҽселелер сҿз 
болғанда (ҽсіресе қазақ тіліне, оның тарихына орай) орта ғасырлық ескі қыпшақ жазба жҽдігерліктерінің де 
ғылымға берер мҥмкіншіліктерін ескеру қажет. 
Қазіргі қыпшақ тілдес мемлекеттердің тҽуелсіз ел болып қалыптасуына орай, XI-XIY ғасырлар 
аралығындағы ескі қыпшақ мҽдениетін зерттеу ісі жаңа тҧрпатқа ие болып отыр. Қазақ, ҿзбек, башқҧрт, 
қарақалпақ, ҽзербайжан, қырым татарлары жҽне т.б. этностар мен тайпалардың жеке ел болып қалыптасу ізі – 
осы ескі қыпшақ мҽдениетімен, тарихымен, тілімен ҿте тығыз байланыста, осының негізінде ҧлттың ҧлт болып 
қалыптасуында тілдің аса зор рҿл атқаратындығын байқауға болады

Қазақ тілінде «ҧлттық қҧндылық» деген философиялық-танымдық ҧғым бар. Ҧлттық қҧндылықтардың 
қатарында тҧрақты тіркестеріміз бен мақал-мҽтелдер, қанатты сҿздер де бар. Ал, ҧлттық қҧндылықты тілсіз 
жҥзеге асыру мҥмкін емес. Сондықтан ҿткеніміздегі этномҽдени қҧндылықтардың барлығы тіліміздің ҿзекті 
ҧстанымына айналуы керек. Ал, қазіргі таңда орта ғасыр жазба ескерткіштерінің қазақ тіліне қатыстылығын 
анықтаудың маңызы ерекше. Белгілі ғалым М.Арынның «Тіл – ойды ҧлттық ерекшеліктерді ескере 
отырып қҧрап беруші орган» деген пікірінде де «тіл мен ҧлт» біртҧтас деген қағиданың негізі жатыр.
Жалпы, қазақ тілін рухани-танымдық тҧрғыдан бір жҥйеге тҥсіріп зерделеген білікті ғалым Ж.А.Манкеева 
болатын. Ғалым «Қазақ тіліндегі этномҽдени атаулардың танымдық негіздері» еңбегінде 
ұлт-тіл-мəдениет
ҥштігінің ажырамас бірлікте екендігін орынды пікірлерімен дҽйекті дҽлелдеді. 
Қазақ тілін, қазақ ҧлтының мҽдениетін зерттеуде халық тарихының 
алатын орны зор. Сан мыңдаған жылдар қалыптасқан ҧлттың да ҧрпаққа айтар сыры сансыз. Халық тілінің 
этномҽдени сипатын зерделеуде халықтың рухани байлығының негізінің орта ғасыр жазба ескерткіштерінде 
жатқанын аңғардық. Шежірелі тарихымызға ҥңіле қарасақ, қазақ ҧлтының кҿне қыпшақтардың мҧрагері 
екендігіне кҿзіміз анық жетеді. Тҥркітану ғылымында соңғы кездері осы мҽселе зерттеліп, соны ойлар жарық 
кҿрді. 
Тіл этностың мҽдени байлығының куҽгері. Тілдің бҧл қасиетіне себепші ҧлттық байлықты ҧрпақтан-
ҧрпаққа жеткізуші кумулятивтік қызметінің маңызы ерекше. Этностың кҿнеден тамырланған этномҽдени 
тарихы аса қҧнды мҧра. Жазба тілдегі фразеологиялық бірліктерді тек тҧрмыстық лексиканың ауқымында 
қарастыруға болмайды. Оларды ҧлттық сана мен ҧлттық таным сабақтастығының нҽтижесінде пайда болатын 
мҽдени лексиканың аясында қарау қажет. Халқымыздың рухани мол мҧрасын этномҽдени тҧрғыдан зерттеу 
тілдік тҧрғыдан, сонымен қатар тарихи, ҽдеби, археологиялық, этнографиялық тҧрғыдан зерттелді. 
Ш.Уҽлиханов, Ҽ.Марғҧлан, Ҽ.Қайдаров, М.Ҽуезов, Р.Сыздық, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ж.Манкеева, 


173 
Н.Уҽлиев т.б. ғалымдар еңбектерінде мҽдени лексика туралы ой қозғайды. Ж.Манкеева «Қазақ тіліндегі 
этномҽдени атаулардың танымдық негіздері» еңбегінде мҽдени лексиканың қабаты ақын-жыраулар 
шығармашылығы, диалектілік лексика, фольклор, фразеология т.б. тараушаларға бҿлініп қарастырылған.
Ҽ.Қайдар қазақ этнолингвистикасын зерттеуде қҧнды-қҧнды пікірлер айтып, «Этнос жоқ жерде тіл 
болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданың негізінде этнос пен оның тілі арасындағы табиғи 
тҧтастықты сипаттай білді. 
Тіл мен этнос қалыптасу барысында ҿзара тығыз қарым-қатынаста болуы 
тілдің мҧрагерлік қызметінің негізінде жҥзеге асады. «Тіл дамуының ҿзі – ру-тайпа тілдерінен халық тіліне, 
халық тілінен ҧлт тіліне қарай ҿрбитін тарихи қҧбылыс» деген ғылыми теорияның негізінде тілдің кумулятивтік 
қызметі жатыр. 
«Тіл – тарихи категория. Ол ҿзінің ішкі даму заңдылығы бойынша ҿрбиді, дамиды, жетіледі. Ешқандай саяси 
ҽлеуметтік формацияның ықпалына бағынбайды, бірақ ҽрбір заман-дҽуірде ҿз халқының ҿмірімен бірге ҿседі, 
онымен біте қайнасып, бірге кҥн кешеді. Ел басынан ҿткен ҿзгерістер таңба басқандай болып жазылып қалады. 
Тіл – халықтың тарихы, халық тілдің анасы»

Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобынан бҿлініп шығып, оқшаулану 
ҥдерісін бастан кешірді. Бҧл қҧбылысты этнос пен тіл бастарынан қатар кешірді. В. Фон Гумбольдттің «тіл 
халық рухының, оның танымы мен менталитетінің кҿрінісі» деген концепциясына сҥйенген антропологиялық 
тіл білімі қазақ топырағында да даму ҥстінде. Тіл мен мҽдениетті сабақтастырған этнолингвистиканың негізін 
қалаған академик Ҽ.Т.Қайдаров болса, бҧл сала Р.Ғ.Сыздықова, Е.Жанпейісов еңбектерінде жалғасын тапты.
Ҽр этностың ҿмір сҥру сипаты ҧлттың рухани ерекшеліктері, ойлау ҧғымдары мен бағыт-байламдарын 
сипаттайтын тілдік жҥйесі арқылы ана тілінде сақталады. Ол – ҽр халықтың материалдық, экономикалық, 
ҽлеуметтік жағдайына байланысты дамитын, қоғамдық санасына сҽйкес негізделетін, «ҧжымның жадында 
жинақталған жҥйе». 
Сайып келгенде, тіл – этномҽдени қҧндылықтарды сақтап, болашақ ҧрпаққа жалғастырушы, ҧлтты біріктіруші 
қҧрал болып табылады. 
Этнолингвистика ғылымы этнос пен этнос тілінің негізінде қалыптасқандығын кҿптеген ғалымдар атап айтсақ, 
В.Гумбольдт, В.Вундт, А.А.Потебня, Г.Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ т.б. ғалымдар жоққа 
шығармайды. Кез-келген халықтың,
 
этностың ҧлттық бейнесін тілі арқылы ғана жан-жақты танып білуге 
болады.
Ҧлт тҧлғасын танып-білуде, фразеологизмдер мен мақал-мҽтелдердің лингвомҽдени ерекшеліктерін анықтауда 
мҽдениеттану саласының қосар ҥлесі мол. «Мҽдениет» ҧғымы жеке адамға тҽн қасиеттен басталып, бҥкіл 
ҧлттық менталитетті, ҧлттық сананы, дҥниетаным, салт-дҽстҥр, рухани-материалдық байлықтың бҽрін 
қамтитын кҥрделі қҧрылым. Ал, ҧлт мҽдениетіне келетін болсақ, ҽр халықтың табиғаты негізге алынады. 
Белгілі орыс мҽдениеттанушысы А.И.Беляевтың пікірінше: «Этнические культуры – эти особые исторически 
выработанные способы деятельности, благодаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов 
к условиям окружающей их природной и социально-культурной среды». 
Ҧлт мҽдениеті ҽрбір этносқа тҽн қҧбылыс. Кез-келген халықтың дҥниетанымы мен таным-тҥсінігі этнос 
мҽдениетінің ауқымында қарастырылады. Халық бойындағы қасиеттерді танып-білудің ең басты қҧралы – тіл. 
 
Лингвомҽдениеттанудың негізгі нысаны «
тіл 
мен 
мəдениет
» сабақтастығымен сипатталатындықтан, тіл мен 
мҽдениет екі тҥрлі семиотикалық қҧрылымда болғанымен, бір-бірін толықтыратын, ҿзара тығыз байланысты 
тҧтас жҥйе.
Кез-келген ҧлттық тілдің шынайы табиғатын тану ҥшін тілдің ҿзіндік заңдылықтарын білумен қатар оның 
тҥпкі тамыры сол тілде сҿйлеуші этностың сан ғасырлық жҥріп ҿткен тарихымен, кҥнделікті ҿмірде орныққан 
мҽдениетімен, ой-танымымен тікелей байланысты. Ал, ҧлт тарихы мен мҽдениетін, ой-танымын саралауда 
мақал-мҽтелдер мен фразеологизмдерді де лингвомҽдениеттанымдық тҧрғыдан зерттеудің маңызы зор.
 
Осындай қажеттіліктердің негізінде ҧлттық тілді халықтың мҽдениетімен біріктіре қарау мҽселесі 
лингвомҽдениеттану ғылымының тууына себепші болды. Бҧл бағыттың іргетасын В. фон Гумбольдт, Я. Гримм, 
Ф. де Соссюр, Р. Раск, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Г. Штейнталь еңбектері қалағаны байқалады. Ҽрі қарай 
жалғастырушы орыс ғалымдары В.А. Маслова, В.Н. Телия, Е. Верещагин, В. Костомаров, В. Воробьев, 
А.Арутюнова, т.б. қалады. Сондай ғалымдардың бірі В.Н. Телия лингвомҽдениеттануды тіл арқылы танылатын 
этнос мҽдениетінің диахрондық сипатына назар аударатын этнолингвистиканың «тілдің корреспонденциясы 
мен мҽдениеттің ҿзара қатынасының синхронды тҥрін зерттейтін жҽне сипаттайтын бір бҿлшегі» деп 
анықтайды.


174 
Тілдік бастаудың негізінде мҽдениет қалыптасты. Адами нақтылықты анықтауда тілдің рҿлі зор. Ал, адами 
нақтылыққа ие болған адамзат тіршілігінен мҽдениеттің ҽлемі бастау алды.
 
Шын мҽнінде, ақиқат дҥние 
бейсаналы тҥрде тілдік нормалар негізінде жасалады. Адам баласының қандай да бір қҧбылысты ҽрқалай кҿруі, 
естуі, қабылдауы тілдік нормалардың ҿз кҿрінісінің формасына сай болуымен байланысты. Осыған орай 
мҽдениеттанушылар мҽдениет тілін былайша анықтайды: «Мҽдениет тілі дегенімізді оның кең 
мағыналылығымен сҽйкес алар болсақ, бҧл – адамдардың коммуникативті байланыс жасап, мҽдениет 
кеңістігіндегі бағдарын айқындауға мҥмкіндік беретін қҧралдар, таңбалар, рҽміздер мен мҽтіндер. Мҽдениет 
тілі – бҧрын болған не жаңадан пайда болатын тҥсініктер, қабылдаулар, ҧғымдар, бейнелер жҽне басқа да осы 
тектес мҽндік қҧрылымдар (мағынаны жеткізуші) ҧйымдасатын нақтылықты тҥйсінудің ҽмбебап формасы 
болып табылады».
Мҽдениеттің тілсіз дамуы мҥмкін емес. Тіл – мҽдениеттің ҿмір сҥру формасы болса, мҽдениет – тілдің 
ішкі қҧрылымы . Осы ерекшеліктеріне байланысты, тіл мен мҽдениетті бір-бірінен бҿліп қарауға болмайтын 
тҧтас бір дҥние деуге болады. Нҽтижесінде антропоҿзектік бағытқа сай тіл мен мҽдениеттің байланысын, тілдің 
мҽдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығару қасиеттерін анықтайтын ҿзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу 
ҽдістері мен қағидалары бар арнайы ғылым саласы лингвомҽдениеттану қалыптасты.
«Тіл – тек мҽдениетті танытушы қҧрал ғана емес, тілдің бойында оның (мҽдениеттің) арқауын қҧрап, 
негізін қалайтын ҧлттық рухтың ізін айқындап тҧратын ҧлы кҥш. Лингвомҽдениеттану негізінде ҧлтқа тҽн 
мҽдени-танымдық жҥйенің қалыптасуын анықтауға болады. Ал бҧндай зерттеулерге тілдің кумулятивтік 
қызметі негіз болады» деген А.Сейілханның пікірінің мҽні зор жҽне ғалымның: «Лингвомҽдениеттану – этнос 
мҽдениеті мен сол тілде сҿйлеуші халықтың лексикасының мҽдени-тілдік деректерін сипаттайтын, жҧрт 
мҽдениетін ҿз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ҧлттық рух пен ҧлттық тілдің туын кҿтеретін, 
халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы ҿз тҧғырына жеткізіп келешекке танытатын, тілдік деректерді 
ҧлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын, этнолингвистика пҽнімен ағайындас, ҧлттық рух пен тіл 
арасында ҿзіндік жолы бар, тілді мҽдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, 
қоғамдық-ҽлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пҽн» деген анықтамасын, біздіңше, 
қазақ тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің нҽтижесінің қорытындысы, тҥйіні деп бағалауға болады.
Демек, «тіл негізінен белгілі бір мҽдениеттің қҧндылықтары мен белгілерін ҿз бойына сіңіреді, ҥнемі 
антропологиялық, логикалық жҽне философиялық факторларға сҥйеніп отырады. Ҿзінің символдық жҽне 
бастапқы қызметі арқылы тіл басқа тіршілікті бейнелей алады жҽне белгілі бір мҽдениеттің қҧрамдас бҿлігі 
болып табылатын қҧбылыстардың жинағын білдіреді».
Ҧлт тілі мен мҽдениетінің негізінде кез-келген халықтың руханияты, дҥниетанымы, салт-санасы, ҧлттық 
мінезі жатыр.
Қорыта айтқанда, тіл мен этнос – ажырамас бірлікте, оларды ҧлттық мҽдениетіміздің қҧндылықтары ретінде 
зерттеу ісі қазақ тіл білімінің даму тарихында ерекше орын алады. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҼДЕБИЕТТЕР: 
1. Елемесова Ш. Кҿркем мҽтіндегі ҧлттық мҽдениеттің тілдік релеванттары: Ф.ғ.к. дис. Алматы, 2003. – 
127 б. 
2. Қайдаров Ҽ.Т. Ҧлтты ҧйыстыратын қҧдіретті ҧйытқы. – Алматы,2003.–319 б. 
3. Потебня. А.А. Слово и миф. – М, 1989, 156 б.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мҽдени лексикасы (филол. ғыл. докт. ғыл дҽр алу ҥшін) Алматы, 1997 -
176 б. 
5. Қайдаров Ҽ.Т. Этнолингвистика // Білім жҽне еңбек. 1985, № 10. 
6. Омарбеков С., Жҥнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жҥйесі. Алматы: Мектеп, 1985, 5-6 б. 
7. Исаева Ж. Ҽдеби тілдің нормасынан ауытқыған сҿздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі. А, Арыс,2004, 5


175 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет