Материалдары



Pdf көрінісі
бет51/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Аружан Дүйсен 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Кадастр мамандығы 1- курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Бағдатұлы Міржақып 
Аңдатпа.
Мақалада Ұлы ақын Абайдың шығармашылығының қазіргі студент-
жастармен яғни ұрпақ сабақтастығы жөнінде баяндалған. Қазақты тану үшін Абайды 
оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі 


164 
тануының, басы да, соңы да! Абайды тану – Абай айтқан сындардан толық қорытынды 
шығару. Міне мақаланың осы тұста маңыздылығы көрінеді.
Түйінді сөздер:
Абай, ұрпақ, қарасөз, ұрпақ сабақтас тығы, Құнанбай, дана сөз. 
Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,
Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa. 
Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,
Мыңмeн жaлғыз aлстым, кінә қоймa, – 
дeсeк сірә, қaтeлeсeтін шығaрмыз. Өйткeні оның өлeңдeрін әр оқығaн сaйын, 
жaңa әсeр мeн ойлaр қaптaйды дaeріксіз тeбірeнeсің, толқисың. Aқын жүрeгін тeрбeгeн 
сeзімдeр, aрaғa ғaсырлaр сaлып сaғaн орaлғaндaй күй кeшeсің.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, 
Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының 
көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің 
философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. 
Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. 
Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының 
шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды 
қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ 
қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, 
солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты. 
Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері 
көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, 
содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған публицистикалық 
үлгіде жазылған. Оның сөлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен 
туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері 
сұрау-жауап түрінде, өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі [1]. 
Абай әлемі, оның өлеңдері мен қара сөздері бір халық қана, яғни қазақтың 
рухани жан дүниесінің сәулесі болған жоқ. Ол әлемдік деңгейде талданып, үлкен 
сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы. Себебі Абай әлемі кешегі парсы, араб, 
кейінгі орыс мәдениетімен ұштасып жатыр. Оған дананың өзі алған білімдері мен 
айтқан сөздері куә. 
Аталған жұмыстың тақырыбын Абайдың қара сөздеріне қарата отырып 
алуымызға бірден-бір себеп, оның қара сөздері қайта-қайта оқуды талап етеді. Себебі 
философиялық мәнге ие, жанрлық жағынан күрделі, стилдік ерекшелігі қалыптасқан. 
М.Әуезовтың «Абай жолын» қанша рет оқысаңыз, сонша рет түрлі ойға қаласыз. Себебі 
шығарманың ерекшелігі сондай деңгейде жазылған [1]. 
Ал аталған шығарманың бас кейіпкері атанып отырған дана Абайдың өз сөздері, 
қара сөздері мың ойланып, толғануға жеткізбейді деп айта аласыз ба?!
Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз 
тіршілігін оңалтып, рақат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолы-на 
жұмылдырады: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, “Болмасаң да ұқсап 
бақ, бір ғылымды көрсеңіз. 
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз” дейді. Дүние бір алып құрылыс, 
оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырамдайды: “Әсемпаз болма әр неге, 
өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” дейді. 
Абай ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың 
философиялық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осыда. 
Ендеше, Абайдың қара сөзіне жүгінелік. 
Төртінші сөз: Өмірдің мәні Абай үшін бос өткен уақыт та, арзан күлкімен өтер 
жылдар да емес. Ойсыз, арсыз, мәнсіз күлкі мас адамның кейпін көз алдыңа әкеледі. 


165 
Ғафилдік, яғни ойсыз өмір сүретін адамдардың бұл дүниеде де, ақыретте де жаны жай 
таппақ емес. Ұқыптылық, әр нәрсені пайымдап, үйлестіріп, мың ойланып, мың 
толғанып шешетін адамның тірлігі оңды, өмірі мәнді. Демек ол адамның өмірі бақытты, 
соңы кенішті. Уайым-қайғысыз өмір бола ма? Әрине, жоқ. «Жатқанға жан жуымас» 
деген осындай өмір тәжірбиесінен алынса керек. Сондықтан да Абай еңбек етуді, 
қарекет жасауды жөн деп біледі. Біреуді табалап күлме. Оның қамсыз қаракетіне күйін, 
ызаланып күл. Жақсылықты танып күл [2]. 
Одан рахат аласың, ғибрат аласың. Ғибратты адам салиқалы адам. Ол өз 
кемшілігін өзі түзей алады. бұл бос масаттауды тоқтатады, өтірік, бояма күлкіден 
сақтан. «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі». Абай қысқа ғана ғұмырды босқа, 
«жарамсыз қылықпен» құр өткізуге қарсы. Міне, осындай тығырықтан шығаратын жол 
бар ма? Абай ақын бар дейді. Ол үшін… «әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа 
сүйеніп» еңбек ету қажет. 
Сонда қара жер ииді, еңбегіңнің зейнетін көресің. Көз сүзіп, тіленіп өмір сүру ит 
өмірмен пара-пар. Міне, Абай жай ғана ой айтпайды. Ол өз заманының, болашақ 
дәуірінің жастарына тығырықтан шығатын жолды нұсқайды. Еңбек ету, өмірден өз 
орныңды табу – адамдық жол. Сонда берекелі өмір сүресің. Осы принцип кез келген 
қоғамның алдында тұрған міндеттерді айқындайды. Бүгінгі заманға жүгінелік. 
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «…Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың 
мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді [1]. 
Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында 
тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына 
қуандық. …Абайды Абай қылған қилы тарихтың қырық қатпар шындығы қазіргі 
заманалық құбылыстармен тікелей жалғасып жатыр. Абай …ғаламат тәуекелге бара 
алған ерекше парасат пен ерекше рух иесі. …Халқына жаны шындап ашитын қайраткер 
орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді. …Абай қазақтың суырып салма 
поэзиясын шын мәніндегі реалистік жазба поэзияға айналдырушы… …Өміршілдік – 
Абай дүниетанымының ең терең және етене қабаттары еді. …Абай әлемі бізді жеті 
түнде адастырмас Темірқазық іспетті. …Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын 
мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар…» Демек, Абай ілімі бүгін де қажет, 
ертең де қажет бола береді. Ілімі тозбайды, ілім оздырады. 
Оныншы сөз: Кез келген адам өзінен соң із қалғанын, ұрпақ қалғанын аңсайды. 
Сол үшін Құдайдан бала тілейді. Өмірдегі баланың орны, оның тәлім-тәрбиесі Абайды 
қатты толғандырады. Сонымен, қазаққа бала не үшін керек? Абайша айтқанда, «өлсем 
орнымды бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын 
дейді» 

2


Міне, осындай мақсат-мүдде қойған адамның не ойы бар, не ойланары бар? 
Абай баладан қашпайды. Бірақ өмірге әкелген соң әр ата-ана оның болашағына 
жауапты. Өзің ит өмір сүрсең, бала да сондай ит өмір сүруі керек пе? Баланы тек өз 
мүддең үшін ғана пайдалану – арсыздық. 
Өмірде жақсылық қылсаң сол адам да құранын оқиды. Өзің кәсіпке үйретпесең 
балаң қалай кәсіп істейді? Абай айтады: – Ахирет үшін бала тілеме; – Қартайғанда 
асырасын деп ойлама; – Малың болса, кім асырамайды. Осы Абай айтқан сөздердің 
артық-кемі бар ма? Жоқ. Өйткені баланы өзің жақсы асырай білуің керек, оған білім 
беруің қажет. Жол көрсететіндей өзіңнің таза жолың болуы керек. Егер баланы 
масаттандырып, тентектікке үйретіп, ең арзан молдаға беріп, хат танытуды ғана мақсат 
етсең, «қу, сұм бол» деп үйретсең, ондай бала кім болып шығады? Ол елінің тұтқасы 
бола ала ма? «Құдай Тағала саған мал табарлық қуат берді, ғылым берді» 

сонда, 17-б


Осы байлық, білімді қалай, қайда жұмсау керек? Арыңды сатып, абыройыңды сатып, 
тіленшілік жасау жақсылық жолы емес. 
Оны, яғни жиған-терген, тапқан малыңды «ғылым табуға жұмсау керек» деп ой 
түйеді Абай. Дүниенің кілті де, байлықтың жолы да – ғылымда. «Ғылымсыз ахирет те 


166 
жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат 
орнына бармайды» 

сонда, 17-б

. Малды иттікпен тапқанымен оны адамшылықпен 
жұмсау керек. Сондай қазақ Абай көзіне түспеген. Сондықтан да бос өмірден 
сақтандырады. Дүние де, мал да, бала да ғылым үшін, білім үшін жұмсалуы керек. 
Осыларды қара сөзбен айтып қана қоймай өлеңдеріне де арқау етті. «Ғылым таппай 
мақтанба», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан». Міне, Абай 
философиясы осы. Ол өз ұлтын, өз халқын ерекше сүйгендіктен жаны күйзеле жазады. 
Бұл өз халқын мұқату үшін емес, өз ұлтын түзету үшін жазылған ой-толғақтар. 
Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе, 
әсте. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолында» қос дара тұлға – Құнанбай мен 
Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге 
көтерді. Төменде аталмыш мәселеге ден қойып, кейбір аспектілерге оқырман назар 
аударып көрмекпін. 
Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1885) күллі саналы ғұмырын ел жұмысына сарп 
етті. Заманы патшалық Ресей қазақ даласын отарлау үшін қабылдаған Ескі (1822 ж.) 
және Жаңа Ережелер (1868 ж.) аралығына тап келді. Қазақ мінезі, болмысы қалай 
өзгерді десек те, қазақ елі қандай бағытқа бұрылды десек те, һәмишә өзгерістер мен 
бұрылыстардың осынау екі Ереже аралығы – Құнанбай заманы сағасына құяры сөзсіз. 
Демек, кейіпкеріміздің бейнесін толық ашуға сол заманның қыры-сырын, қат-қабат 
қалтарысын түгендеу керек. Бірақ бұл мақала міндеті басқа. Құнанбайдың «тобықтыны 
ел қылған» қайраткерлігі, Абай, Шәкәрім тәрбиесіне тигізген ықпалы және 
мұсылмандық бейнесі деген қырларын демдеп көрсек те жеткілікті. 
Құнанбайды Тобықты елі ә баста «мырза» деген, Мекке сапарынан соң «қажы» 
атаған. Қажының халық қамқоршысы болған қайраткерлік қыры аз айтылып-жазылып 
жүрген жоқ. Зерттеуші ғалымдардың еңбегі көбіне ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов 
жинақтаған естеліктерге, поляк саяхатшысы Янушкевичтің күнделігіне және өз ұрпағы 
Абай, Шәкәрім, Ахат айтқан сөздерге негізделеді. 
Мұхтар Әуезов 1933 жылғы Абайдың толық жинағында: «Құнанбайдың кім 
болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын» деп мәлімдеген еді. Десе дегендей, 
Құнанбай туралы қанша айтсақ та артықтық етпейді. Ол Тобықты руларын 
орналастыру, дау-жанжалды реттеу, ауыл басы молда ұстау, мұсылмандықты өтеу 
(намаз оқу, зекет беру), балаларды оқыту т.б. әлеуметтік істерде көп еңбек сіңірді. 
Өзінің айналасына жақсы жерден қыз алу, араағайын татулығын сақтау, сол үшін 
бірінің баласын екіншісі бауырына салу салтын екті. Қысқасы, Ырғызбайлардың жалы 
күдірейген көшелі елге айналуы – Құнекеңнің арқасы [3]. 
Енді Құнекеңнің тәлім-тәрбиелік ықпалы дегенге ойысар болсақ, оның 
көпқырлы мәселе екені шүбәсіз. Сөз басында айтылғандай 1868 жылға шекті уақытты 
Құнанбай заманы десек, осыдан берідегі дәуірді Абай заманы деп анықтау заңды. 
Өйткені, Абайдың тұстастары «Жаңа низам» аталған жаңа Ереже жағдайында өмір 
кешті. Сөйтіп, «Абай жолы» роман-эпопеясының әкелі-балалы екі басты кейіпкері екі 
түрлі дәуірдің өкілдері болып табылады. Былайша айтқанда, бірі – ескінің арты, бірі – 
жаңа жолдың басшысы еді.
Келіп тұрған соң жаза кетейін, Тобықтының атқамінерлер қосынын екіге бөле 
қарастырсақ жөн. Біріншісі – Құнанбай құраптас Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, 
Байдалы, Түсіп, Бәзіл, Құлыншақ сияқты ақсақалдар. Бұлар – елдіктің киесі, ескіліктің 
жол-жоралғысына (сыбаға, жол, сауға т.с.с.) қанық әрі хандық (бектік) дәуір заңына 
жетік басшылар. Игі жақсылар, Абай тәлім алған ұстаздар да осылар. Екіншісі – 
Абайдың замандас, тұстастары Майбасар, Тәкежан, Оразбай, Жиренше, Күнту, 
Әбділда, Асылбек, Байғұлақ, Қыздар, Абыралы, Арап, Дүтбай, Көжекбай сияқты 
атқамінерлердің жаңаша тобы. Бұл топты ел іші «іргелілер» немесе «игі жақсылар» 
демеген. Өйткені, бұлар – отаршылық жүйенің өнімі, сол себепті «нәрсіз, шірік орта 
болды» (Әуезов). 


167 
Ел жадында сақталғаны – Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта 
отырып, «ата салтынан адаспа, балам» дегені. Сол сияқты Абайға таққан мына үш түрлі 
міні мынау: «Ең әуелі – сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, 
жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге 
жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді 
алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың», – 
депті. Оған Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы 
судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын 
жайдақ су артық деп білемін... Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз 
жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен 
орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті (М.Әуезов. Абайдың 
туысы мен өмірі). 
«Кезінде Құнанбайдың Абайға таққан үш міні, – деп жазады әдебиетші ғалым 
Серік Қирабаев, – тарихи шындықтан алынған. Соған қарап, Құнанбайды тек ұнамсыз 
жағынан ғана көру көбірек байқалып жүр. Шындығында, Құнанбай өз заманының ең 
ақылды, көреген, қайырымды, батыр адамдардың бірі болған». 
Құнанбай 1868 жылғы реформадан соң билікті балаларына тапсырып, өз елінің 
ақылгөй қариясы болғанды жөн көреді. Қажының жолыққан сайын «мен халық 
аманатымен өмір кештім, сен де солай ет, қарағым» деген ақыл-кеңесі өз өмірінің бет 
бағытына елеулі түрде ықпал еткенін немересі Шәкерім Құдайбердіұлы ырза сезіммен 
жазады [3]. Құнекеңнің дін жолындағы істері мен діндарлығы көпке аян. «Тегінде 
Құнанбай аса діндар кісі болған. Бірақ сол діндарлық көп уақытта ұсақ фанатизмге де 
жетіп отырған» (Әуезов). 1876 жылы қажылыққа, Мекке сапарына аттанған. Онда 
басқа да қажылармен бірігіп, қазаққа деп қонақ үй – тәкиә салдыртады. Меккеден 
келген соң «дүние сөзін сөйлемеймін» деп, ешбір жанмен тіл қатпай қойып, оңаша үйде 
шымылдықтың ішінде жалғыз отырып, құдайға құлшылық қылған. Бұл жайлы сырт ел 
«тілі байланған» деп те аңыз қылған екен. Бірақ соңғы жылдарында маңайында 
болғандар ол сөзді бекерге шығарады. 
Сонымен, жазба мағлұматтардан Құнанбай бейнесі бірде - патша өкіметінің 
қырдағы өкіл-ұлығы аға сұлтан, енді бірде - жолынан жүк қалдырмас қоңыраулы қара 
нардай күллі Тобықтының көшін бастаған көсем мырза, сонымен қатар, Абай, Шәкерім 
сынды ұлы тұлғалардың тәрбиеші абызы ретінде алдымыздан шығып отырады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Абай ілімі: Даналық пен даралық //https://jasqazaq.kz/ 
2.
Абай шағармашылығы туралы //
https://massaget.kz
 
3.
Құнанбай мен Абай //https://abai.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет