Материалдары


ПРОФЕССОР Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ «АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ



Pdf көрінісі
бет7/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
abai2020

ПРОФЕССОР Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ «АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ
КЛАССИГІ» ЕҢБЕГІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНМЕН 
ҮНДЕСТІГІ 
 
Алдашев Нұрдәулет Мырзалыұлы 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы 
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалаған,тіл 
білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбанов ерекше қызмет атқарды. 
Профессор Құдайберген Жұбановтың зерттеулерінде қазақтың жалпы халықтық
тілінің әдеби үлгісі мен оның белгілі бір жүйеге түсуі тым ерте замандардан 
басталғандығы айтылады.
Профессор Қ.Қ.Жұбановтың пікірінше, бұл үлгі – қазақ ауыз әдебиетінің үлгісі. 
Себебі, жазба әдеби секілді пайда болу сәтінде қағаз бетіне түспегенімен, халық ауыз 
әдебиетінің дәстүрі де өзіні тұрақталған нормаларын мейлінше сақтап, қоғамдық сана 
ретінде қоғам мүшелерімен бірге жасасып келеді. Соның бірі өзінің дәстүрін, тілдік 
нормаларын сақтап қана қоймай, Абай тілі сөз өнерінің айрықша бір саласы ретінде 
кейінгі жазба әдебиеттің, тіпті, бүкіл әдеби тіліміздің қалыптасуына қажетті мол азық 
болғаны мәлім деп тұжырымдайды.
Басқаша айтқанда, ол Абай тілі – жазу мен әдебиеттің жалғасы, даму 
барысындағы жаңа кезеңдері деп санайды. Осындай ғылыми тұжырымдарының,үлкен 
бір белесі – «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегі. Профессор Қ.Жұбановтың 
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің маңыздылығы және қазіргі заманмен 
үндестігі ең алдымен, халқымыздың көркемдікті тану процесіндегі ой-санасының 
тарихынан көптеген қызықты деректер берумен қатар, әдеби тілдің күні бүгінгі 
қалыптасу заңдылықтарын терең түсінуге де септігін тигізеді. Демек, Абай тілін
зерттегенде ғалым тіліміздің өте ерте уақыттардағы лексикалық - стильдік қоры мен 
грамматикалық жүйесінен немесе солардың бағзы бір көріністерінен хабардар 
болатынымыз сөзсіз деп ой түйеді. Профессор Қ. Жұбанов Абай тілін зерттеу, оны 
практикалык; қажетке жарату мәселесі әр түрлі аспектіде жүзеге асуы ықтимал екенін 
де топшылайды. 
Профессор Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің 
маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігі арқылы Абайдың қазақ халқының 
тарихынды, қазақ әдеби тіліндегі алатын орнының ерекшелігін айта келіп,қазіргі жазба 
әдеби тілімізді қалыптастырудағы ролі өте жоғары деңгейде екенін аса бір 
білімдарлықпен жазып қалдырған. Ғалым Абай шығармаларындағы ауыз әдебиетінің 
әр алуан нұсқаларына талмай көз тігіп, оларды халықтың сөз өнерінің ең шынайы 
үлгілері деп бағалайды. Профессор Қ Жұбанов аталмыш еңбегінде тіл білімінің белгілі 
бір мәселелерін талдау үстінде Абай шығармаларынан алынған лингвистикалық 
деректер де мол қамтылады, сондай-ақ лексикографиялық еңбектер мен оқулықтарда да 
фольклор үзінділері басқа тілдік материалдармен тең дәрежеде ұсынылады. Профессор 
Қ.Жұбанов маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігін хакім Абайдың 


27 
шығармалары мен оның мұрасының негізгі көздері көне шығыстың әдеби мұрасы мен 
оған тіл ұстартқаны ерекше болғанын атап көрсетеді. Профессор Қ.Жұбановтың 
көрсетуінше: «Абайды көрші елдердегі замандастары, бастастарымен салыстырғанда, 
Мырза Фаталиден бастап ешкім де шендесе алмай шығады. Ұлт тіліне ,әдебиетіне 
сіңірген еңбегін, ақындық күшін алғанда Абай бәрінен озып шығады. Өйткені, ол кезде 
таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған ол 
елдерде адам болған жоқ», – деп атап көрсетеді [3,254]. 
Ғалым–азаматтың 
осы 
пікірінің 
үндестігін 
профессор, 
абайтанушы 
М.Мырзахметовтың зерттеуінен кездестіреміз. А.Құнанбайұлының шығармаларындағы
шығыстық өрнектер туралы айта келіп, ғалым: «Шығыс классиктері мен Абайдың 
шығармашылық байланысы, әсіресе ,ақын жасаған дидактикалық сарындағы өлеңдерде 
ерекше байқалады. Шығыстан келген Абай өлеңдеріндегі ой ортақтастығы мен өлең 
өрнегіндегі соны үлгілер де біршама сезіледі.Ақынның жастық шағындағы табиғи таза 
еліктеу арқылы дүниеге келген «Иузи – раушан,көзі -гауһар» өлеңінде Абай өлең 
өрнегін қазақта жоқ ғаруз үлгісімен құрады» -,деп ой түйеді [4,28]. Профессор 
Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің маңыздылығының және
қазіргі заманмен үндестігінің тағы бір қыры, ауыз әдебиетінің тілі, оның жазба әдеби 
тіл жасауға қатысы деген мәселелер күні бүгінге шейін лингвистика тұрғысынан 
маңызын жоймаған құнды пікір деп қараймыз. 
Профессор Қ.Жұбанов Абай тілін, оның қазақ әдеби тілінің қалыптасуына 
сіңірген еңбегін айта келіп, «...ендігі міндет — оның шығармаларының табиғатын 
тілдің мәліметтері негізінде зерттей келіп, оның әдеби тілмен ара қатынасын көрсетуге 
тиіспіз», – деп ой тұжырымдайды [3]. Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің 
классигі» еңбегінің маңыздылығының қазіргі заманмен үндестігінің ерекеше бір 
қырын М.О. Әуезовтің 1934 жылы жарық көрген «Абай ақындығының айналасы» атты 
мақаласынан табамыз. Осы ғылыми мәні өте жоғары,абайтану ілімінің бастау 
көздерінің бірі болған осы мақалада: «... Абай мұрасының рухани көздері туралы 
түпкілікті түрде баяндағанын аңғарамыз [12,.239]. Профессор Қ.Жұбановтың «Абай – 
қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігін 
тарихи мәнін М.О.Әуезовтің:«...қазақ филологиясының,әдебиеттану ғылымының алтын 
қорына қосылатын бағалы еңбек», – деп жоғары бағалауы ғалым – азаматқа Абай 
шығармаларының тілінің ұлттық сипаттарын терең ашып, білімпаздықпен талдағанына 
берген баға [12] Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің 
маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігінің тағы бір көрінісі қазақ әдебитілі мен 
жазба тілінің негізі етіп – қазақ халқының ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан 
фольклор тілі деп айта аламыз. 
Бұл үндестіктің тағы бір көрінісі, «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, 
келер – заманның атасы» деп жазған Ұлттың ұстазы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы) 
толғанысы хакім Абайдың зерделі ойларына сүйенгеннен шыққан шығар. Себебі, көне 
де ықылым замандардан бері Абай әлемі ұрпақтар сабақтастығының үзілместей алтын 
жібі болып жалғасып келеді. Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» 
еңбегінің маңыздылығының және қазіргі заманмен үндестігін осы мақала арқылы қазақ 
елінің шаңырағын көтеріп, уығын қадап, іргесін бекітіп, нығайту жолындағы өткен 
жолдарды Абай тағлымы жас ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсетіп отыр.
Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің маңыздылығы 
және қазіргі заманмен үндестігіне зер салсақ,
қазақ халқының ғасырлар бойы бірге 
жасасып келе жатқан Абайдың мұраларын әлі де болса зерделеу арқылы 
«...шығармаларына шын ниетімен тілеулес болғанын,осы идеяны барынша дәріптегенін 
байқаймыз» деген пікірі,халықтың тарихын,рухани байлығын, оның ерекшеліктерін
тану мәселесінің қажеттілігі айтылған. 
Сондықтан Абай әлемі арқылы қазак халқының тарихымен байланысты 
қалыптасу жолын барлауға ұмтылыс жасау арқылы тереңірек түсіну керек екенін айта 


28 
келіп хакім Абайдың мына ғибратты сөзіне назар аударғанды жөн көріп отырмыз: «Әуелі – 
білім – ғылым табылса ондай мұндай іске жаратар едім деп дүниенің бір қызықты 
нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.Оның себебі білім – ғылымның өзіне ғана 
құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп білсең және әр білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рақат тыныштық пайда болады», – деп хакім Абай атамыз 
айтқан ұстанымдағы ой арқылы Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» 
еңбегіні – қазақ елінің жүгін арқалаған тарихи мақала деп есептейміз. Себебі, бұл 
мақала – қазіргі уақытта қоғамға қызмет етуді мақсат ететін, қабілетті, елдің өнері мен
мәдениетін тани білетін, жалпы дүниежүзілік адамзатқа тән бағалы қасиеттерді
бойына сіңірген, халқының тарихы мен салт-дәстүрін білетін жас ұрпаққа қаратып 
жазылған.
Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегінің маңыздылығы 
және қазіргі заманмен үндестігінің көрінісі «...асқан ойшылдығы діни талғамынан да 
айқын көрінеді» ден жолдары ұлы Абайдың өзі де «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп 
айтуы ,Жаратушының шеберлігіне бас иген, осы шеберлікке бас ию арқылы Абай 
құдайға құлшылықтың мәнін түсіндірген деп қабылдай отырып, Абайдың «Әрбір 
ғалым адам хакім емес, әрбір хакім ғалым», «Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса, 
дүние ойран болар еді», «Бұл заманның молдалары хакім атына дұшпан болады. 
Бұлары білімсіздік, бәлки бұзық пиғыл...», «Ғылым Алланың бір сипаты... Бастың аты 
хақ, хақтың бір аты – Алла», «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста, Сонда толық 
боласың елден бөлек», «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген
ғақлияттарына талдау жасап, оған ғылыми тұжырымдамалар беру арқылы 
халқымыздың мың жылдық рухани дүниесін қайта тірілті деп айтсақ артық болмас.
Қ.Жұбановтың 
«Абай 
– 
қазақ 
әдебиетінің 
классигі» 
еңбегінің
маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігі – халық әдебиетінің тарихи шындыққа 
көзделе тұрса да, сол тарихи болмысқа халықтың танымдық қатынасын білдіреді, 
сонымен бірге Абай шығармаларының тілі бслгілі бір тарихи дәуірдің ғана тілі емес, 
сонымен бірге қоғамдағы шындықтарға негізделеді деп есептейміз.
Қ.Жұбановтың 
«Абай 
– 
қазақ 
әдебиетінің 
классигі» 
еңбегінің
маңыздылығы және қазіргі заманмен үндестігі – Абай тілінің ерекшелігін, стилін, 
көркемдеу құралдарын әрі лингвистикалық. әрі танымдық мақсаттан зерттегенін айқын 
көреміз.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Құнанбаев А. Өлеңдер мен поэмалар, Алматы,1976. 
2.
Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы, Алматы, 5 том. 
3.
Жұбанов Қ.Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, «Ғылым»,1999. 
4.
Мырзахметұлы М. Абай және шығыс.Алматы, «Қазақстан»,1993. 
5.
Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. Алматы, 
1989 ж. 
6.
Абайды оқы, таңырқа... Алматы, «Ана тілі».1993. 
7.
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы. Санат, 1995. 
8.
Өміралиев Қ. Абай афоризмі. Алматы, Қазақстан,1993. 
9.
Мырзахметов М. Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю. Алматы. 
Санат,1994. 
10.
Жұбанов 
тағылымы. 
Қ.Жұбановтың 
100 
жылдығыеа 
арналған 
конференцияның материалдары. Ақтөбе, 2008. 
11.
Жұбанов тағылымы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. Ақтөбе, 2002. 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет