20
фәлсафалық өлең. Фәлсафалық тұрғыдан –
ةفرعم
الله
( мағрифату Аллаһ) – «Алла тану».
Енді нысанға алып отырған «қол» сөзіне келсек бұл да жоғарыдағы тілдік бірліктердің
қатарындағы фәлсәфа, нақты айтқанда мантиқ (логика) термині –
لوق
(қаул) – сөз,
айтылым деген мағыналарымен қатар логикада пайымдау (суждение) деген термин
ретінде қолданылады.
Бұл терминді Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінен кездестіреміз. Ол өзінің
«Логика ғылымы туралы» трактатында ақылмен пайымдалатын обьектілер туралы айта
келе: «Осы екеуін, яғни ақылмен пайымдалатын объектілер оны білдіретін оралым – ой
қорытындыларын ертедегілер
قظُن
(нутқ) – «сөз» және
لوَق
(қаул) – «айтылған сөз» деп
атаған. Ақылмен пайымдалатын
объектілерді олар
لوَق
(қаул) – «айтылған сөз» деп
атаса, ал
قظُن
(нутқ) – «сөз» деп адамның ішіндегіні, жанында (жүрегінде. – Ә.Ә.Д)
барды атады. Осы екеуін білдіретін – ақылдағы
لوَق
(қаул) сөз де жүректегі
قظُن
(нутқ)
сөз де сыртқа дыбыс арқылы шығарылады. Адам өзі үшін белгілі бір пікірді растағысы
келсе, бұл іштегі, көңілдегі «айтылған сөз» (
قظُن
– нутқ), ал сол пікірді басқаларға
растағысы келсе, ол сыртқа дауыс арқылы «айтылған сөз» (
لوَق
– қаул). Қызметі қандай
да бір пікірді растау болып табылатын «айтылған сөз» мейлі ол көңілдегі «айтылған
сөз» болсын (
قظُن
– нутқ), мейлі дыбыспен «сыртқа шығарылған айтылған сөз» болсын
(
لوَق
– қаул) оны ертедегілер силлогизм деп атаған»
[11], – деп трактатында мантиқтың
(логика) үш басты негізін ашып көрсетеді:
1) Мантиқ – адамның ойлау күші. Ойлау арқылы адам ғылым мен өнерді таниды
және өзге тірі мақұлықаттардан ерекшеленеді;
2) Мантиқ – жанда (жүректе) орналасқан сөз (
قظُن
– нутқ);
3) Мантиқ – дауыс арқылы
сыртқа шығарылған, айтылған сөз (
لوَق
– қаул).
Әл-Фараби «Логикалық трактатында» (
ةيقطنملا لئاسرلا
– Әр-рәсәиʼлу-л-
мантықиа) логикалық пайымға қатысты «қаул» (
لوَق
) сөзінің негізінде:
«қаул би-л-
фиғл»
(
لعفلاب لوَق
) – ассерториялық пайым немесе бір нәрсенің бар екенін мойындауды
не терістеуді білдіретін пікір; «қаул мисәлии» (
يلاثم
لوَق
) – аналогиялық пайым немесе
бір нәрсенің ұқсастық, үйлесімділігіне байланысты пікір [12,672], сонымен қатар
«Китәб әл-хитаба»
(
ةباطخلا باتك
) – «Риторика» трактатында «силлогистикалық
айтылым» (
يسايقلا لوقلا
– әл-қаул әл-қиасии)
[12,458]; «күмәнді айтылым» (
لًكشملا لوقلا
-
әл-қаул әл-мушәккәл)
[12,460] сияқты т.б логикалық терминдерді қолданады.
Әл-Фараби логика-гносеологиялық зерттеулерінде, өзі айтқандай, Аристотельдің
алты логика кітабын қамтитын «Органон» жинағына сүйенеді. Жоғарыда келтірген
дәйектемеде біз астын сызып көрсеткен ертедегілер
деп нұсқап отырғаны герек
ойшылдары Платон мен Аристотель. оның формалды логиканың заңы силлогизмге
(араб.
سايق
– қиас) қатысты айтқандарын негізге алып отыр.
Міне, Абай өлеңінде осы мантиқ терминін (
لوَق
– қаул) қолданған. Ал енді бұл
терминнің қазіргі өлең мәтінінде дұрыс оқылмауының себебіне келетін болсақ,
алдымен, араб таңбалы қадим жазуында араб-парсы сөздері, сөз тіркестері, метатіл сол
тілдің орфографиялық ерекшеліктерін сақтап жазған. Яғни консонантты дыбыстық
жазуға негізделген араб жазуында диакретикалық белгілері (харакаттар) сақталып
жазылады. Әсіресе Құран аяттары мен хадис сөздерінде бұл заңдылық қатаң сақталады.
Кейбір қадими қолжазбаларда араб-парсы сөздері
немесе пәндік аталымдардың
харакаттары (дауыссыз дыбыстың асты-үстіне қойылатын қысқа дауысты дыбыстар)
қойылмауы да мүмкін. Содан кейбір сөздер дұрыс оқылмай жатады. Сөз қылып
отырған араб тілді (
لوَق
– қаул) терминін харакатсіз оқығанда қадим жазуында «қол»
немесе «құл» деп оқуға болады, сөз болып отырған Абай өлеңі мәтінінде солай оқылған
да. Екіншіден, «қаул» (
لوَق
) сөзін термин ретінде қарастырмағандықтан, яғни аялық
21
(фондық) білімнің болмағандығынан дұрыс оқуға көңіл бөлінбеген. Ең басты олқылық
Абай шығармаларындағы діни-фәлсафалық, логикалық
аталымдар мен терминдерге
түсінік берілмеген, мазмұнына сай текстология жасалмаған.
Қорыта айтқанда, Абай таным теориясындағы Аристотель философиясынан
бастап классикалық ислам фәлсафашыларының тракттатарындағы «Алла тану»,
«Таухид», «Тасдиқ» іліміне қатысты тұжырымдарды мәтін коцептісі (мазмұнды
барынша сығып) аясында өзінің он алты жол, төрт шумақ өлеңімен жеткізген.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қоры, КП-336/1, №87 бума.
2.
Сонда. КП-336/2. № 98 бума.
3.
Сонда. КП-5020, № 88 бума.
4.
Сонда. КП-6714/1,
№ 143 бума.
5.
Қазақ ақыны Ибраһим Құнанабайұғының өлеңі. – Санкт Петербург:
Восточная электро типография И.Бораганского,1909. – 120 б. (48-бетте).
6.
Абай. Абай Құнанабай ұлының таңдамалы өлеңдері. Ташкент: Туркестанское
государственное издательство, 1922. – 293 бет. (144-бетте).
7.
Абай Құнанабайұлы. Толық жинақ. Алматы: Қазақстан баспасы, 1933. – 402
б.(193-194 беттер).
8.
Абай (Ибраһим) Құнанабайұлы шығармалары. Өлеңдер мен поэмалар .1т. –
Алматы: Қазақстан көркем әдебиет баспасы, 1939. – 284 б. (196-бетте).
9.
Абай тілі сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов. – Алматы:
«Ғылым», 1968. – 734 б. (391-бетте).
10.
Жақыпбайұлы Б. Абай өлеңдерінің текстері. Ақынның туғанына жүз жыл
толған мерекесіне арналған ғылыми еңбектер. – Алматы, 1945. – 310-338 б;
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы, 2005.
11.
Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 1-том.
Метафизика. Астана: ТОО»Лотос – Астана», 2007. – 336 б. (174- бетте).
12.
Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – 672 с.
Достарыңызбен бөлісу: