Қылмыс жасау процесінде қылмыскердің тікелей әсер етеуіне ұшыраған материалды құнды заттар – қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып табылады. Қылмыстың обьектісіне қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың затына осы қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін олардың материалдық көріністері жатады.
Әртүрлі қылмыс түрлерін жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың заты ретінде төмендегілер табылуы мүмкін:
Дегенімен де, бұл элемент барлық қылмыс түрлеріне, мысалы: бұзақылық, жол-көлік оқиғасы, қоршаған ортаны ластау қылмыс түрлеріне тән емес. Қылмыстық қол сұғушылық затының криминалистикалық маңызы, ең алдымен қылмыс жасау процесінде нақты заттарға қылмыскердің әсер етуімен қамтамасыз етілетіндігінде. Қылмыстық қол сұғушылық затының ерекшеліктерін білудің маңызы тергеушіге белгілі бір іздердің түрін тауып, оларды бекітуге бағдар береді. Қылмыстық қол сұғушылықтың бұдан басқа да ерекшеліктерін білу және ол туралы жалпылама мәліметтер – нақты қылмыс категориялары туралы негізделген болжаулар жасауға мүмкіндіктер береді.