Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)



бет197/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)

Тергеу барысында айыпкер ретінде қылмыстық іске тартылатын тұлға анықталған жағдайларда тергеудің жаңа кезеңі басталады. Тергеудің бұл кезеңінің міндеті қылмыскерді әшкерлеу және олардың кінәлілігін дәлелдеу.


Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. Сезіктінің берген жауаптары мен көрсетпелері дәлелдеменің қайнар көзі болып табылады. Жауап алу кезінде дәлелді жауаптар алудың маңызы ерекше. Қылмыстың әрекеті орындаушы тұлғаға ғана мәлім фактілер дәлелдеме болып табылуы мүмкін. Сондықтан да олар мұқият тексерілуі қажет. Тексеру әрекеттері қатарына тергеу эксперименті, көрсетпені оқиға болған жерде тексеру және басқа да әрекеттер жатқызылуы мүмкін. Қылмыскер өзінің кінәлілігін өкінішпен мойындауы, болмаса мойындамауына қарамастан келесі мәселелердің көмегімен оны әшкерелеу қажет.
Қылмыскерді әшкерелеу оқиғаны көзімен көрген-куәлердің берген жауаптары мен көрсетпелерінің көмегімен оларға қылмыскерді тануға көрсету және қажет болған жағдайларда беттестіру әрекетін жүргізу арқылы; сондай-ақ қылмыскердің тұрғын-жайларына, жұмыс орындарына және т.б. жерлерде тінту жүргізу; қылмыскерді куәландыру, олардың киімдеріне және бұл шараларды жүргізу кезінде табылған обьектілерге қарау әрекетін жүргізу; бұл обьектілерді тануға көрсету мен заттай дәлелдемелерді идентификациялық зерттеу нәтижелері көмегімен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған әрекеттерді жүргізбес бұрын қылмыс жасалған сәтте қылмыскердің сол жерде болғандығы дәлелденуі қажет, бұл қылмысты жасау үшін уақытының жеткілікті болуы, сондай-ақ физикалық күшінің, белгілі бір тәжірибесінің, ептілігінің, қылмыс құрал-жабдықтарының болуы; адам өлтіру қылмысына әкелетіндей әрекеттерді оның нақты өзінің жасағандығы дәлелденуі керек.
Қылмыскердің жеке басын зерттеу – тергеліп отырған бұл кезең тек процесуалдық сипаттағы сұрақтарды шешу, айыпкердің әрекетін қылмыстық-құқықтық саралау және кейінгі соттық жазалауды жекелеумен ғана емес, сонымен қатар, бұл әрекеттер құрылған болжаулардың жылжуына маңызды ықпал етуімен және тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдерін таңдап алумен де тығыз байланысты.
Кінәнің түрі мен ниетін анықтау – тергеудің бұл кезеңіндегі маңызды бөлімі. Қылмыс жасауда нақты бір кінә түрі мен белгілі бір ниеттің болуын міндетті түрде дәлелдеу қажет. Келесідей мән-жайлар анықталуы тиіс:

  • Қылмыс жасаған тұлға өзінің жасаған әрекеттерінің зардабы қандай болатынын алдын ала білді ме, әлде жоқ па, қандай мақсатты көздегені. Бұл жасалған қылмыс жағдайларының ерекшелігі жөніндегі фактілік мәліметтер бойынша обьективті бағалауға болады; қылмыс жасау тәсілі мен құралы, оның зақымдау (зақым келтіру) қасиеті; жәбірленушінің хал-күйі мен жағдайы; айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі жүріс-тұрыс мінез-құлқы (қылмыс жасауға және оның ізін жасыруға дайындалу әрекеттері, болмаса керісінше жедел-жәрдем «шақыруға», жасауға және т.б. әрекеттенуі); айыпкердің психикалық ерекшеліктері және оның қылмыс жасаған сәттегі психикалық жағдайы, адам өлтіру қылмыстарын жасау кезіндегі оның физикалық хал-күйінің ерекшелігі;

  • Айыпкердің жәбірленушімен қарым-қатынасы, жеке бас араздығының болуы немесе болмауы (өштесудің, жанжалдың, қорқытудың және т.б.), жәбірленушінің өліміне байланысты пайдакүнемдік ниеттің немесе басқа да жеке басына қатысты мүдденің болуы;

  • Жәбірленушінің өлер алдындағы және қылмыс жасалу кезіндегі жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы (жәбірленуші жағынан балағаттаудың, шантаж жасаудың, арандатудың және т.б. болу, болмауы). Тергеушінің қорытынды кезеңіндегі басты мәселе қылмыстық істі кейінгі сот-тергеуіне жіберуге байланысты негізді, әрі дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Бұл шешімді қабылдау алдын ала дайындық жұмыстарын қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет