Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


VII-ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет205/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

VII-ТАРАУ.
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ


§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қарқыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: бұл тектес қылмыстық әрекеттер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялық құрылымдарға және азаматтарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандырылатын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық қол сұғушылық заты ақша болып табылады. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді.
Алаяқтық қылмысы әртүрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, сондай-ақ басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру және т.б.) ойнағанда әртүрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.
Алаяқтар жоғары кәсіпқойлығымен, техникалық жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтын алаяқтар басқа да ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі.
Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті құқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарықтағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әртүрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Қазіргі кездегі алаяқтық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар заңды тұлғаның атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.
Кейінгі жылдары алаяқтық қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) алу үшін жалған мәліметтер жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды қолдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.
Басқа тәсілдерге тоқталатын болсақ: 1) мемлекеттік және қоғамдық материалды құндылықты қоймалардан, базалардан және басқа да обьектілерден жалған құжаттарды пайдалану арқылы алу; 2) жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекеттік зейнетақыларды немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жолмен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялық банктерден әртүрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшердегі ақшалай сомаларды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе қалған соманы төлеуден жалтару арқылы иелену.
Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бұрын, міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк құжаттарын қолға түсіріп, ұрланған ақшаны аударатын ұйымдарды анықтайды және құжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Басқа да қажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын және т.б. алдын ала анықтап біледі. Сонымен қатар, дайындық жұмысына қылмыскердің көздеген тиісті коммерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып келісулері жатады. Ұрлық қылмыстары құжаттарды белгіленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мұндай қылмыстық іс ақша айналымын құрайтын құжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады.
Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяқтар мынандай тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұқсас затты беру; сауда жасағанда, ақшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардың орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; ақшаның орнына жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір қызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы жалған жолмен ақша алу; тауарларды және басқа да материалдық құндылықтарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау.
Алаяқтық қылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұқсас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің атынан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.
Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері арқылы жүзеге асырылатындықтан, соңғылары барлық уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ойластырады. Осындай мақсатта картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына, жалған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге заңды болып көрінетіндей барлық шараларды қолданады.
Алаяқтық қылмысы қолданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мемемелерінде жасалады. Алаяқтардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңгейі, құқықтық білімдері, ой-өрісінің жетіктілігі анықталады.
Алаяқтардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйелдер құрайды.
Соңғы жылдары қылмыстың жекеленген түрлері бойынша мамандандырылып ұйымдасқан топтарды құру кеңіңнен таралуда. Бұл топтардың ішінде қылмыскерлер атқаратын рөлдерін өзара бөледі. Әдетте әртүрлі әуесқой ойындарды өткізген кезде біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал басқалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялық әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Топтың мұндай түрі техникалық жабдықтылығымен, шапшаңдығымен, басқа топ қылмыскерлерімен тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал ұлттық-аумақтық атаққа ие.
Жәбірленушілердің ішінде қасақана заңды бұзатын адамдар көп кездеседі. Оларды көбінде алаяқтар пайдаланады. Мұндай тұлғалар тәртіптен тыс визалар, шетелдік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетелдік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен өткізуге, өздерінің мүлік-заттарын валютаға сатуға тырысады.
Заңды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаяқтардың алдауына ұшырап, қылмыс құрбаны болуда. Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін көбінесе тұрғын үйі бар жалғыз басты қарттар, психикалық аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жанұялар, кәмелетке жасы толмағандарға жасайды.
Алаяқтық қылмыстарын жасау тәсілдері туралы мәліметтерді олардың қалдырған іздері арқылы ала аламыз. Олардың қатарына: жәбірленушілер мен басқа да адамдардан алаяқ және оның әрекеті жайында мәліметтерді алуы; жәбірленушіде қалған қылмыс құралдары (жасанды ақша, қолхат, жалған құжаттар мен бағалы қағаздар, жасанды зергерлік бұйымдар, заттар және т.б.); қылмыскерлердің алаяқтық әрекетіне дайындығын нақты көрсететін түпнұсқалық құжаттарды (телеграмма, келісім-шарттар) және т.б. жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет