Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау



бет203/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау

Тонау және қарақшылық шабуылдары бойынша қылмыстық іс көбінесе жәбірленушінің өзінің арызымен, ал егер шабуыл кәмелетке толмағандарға немесе әйелдерге қарсы жасалса және олар қорқыныш сезімінде болып жасалынған қылмыс туралы өздері арыз бере алмаса, туысқандарының, көршілерінің арызы бойынша қозғалады. Күзетшілерге шабуыл жасалынған кезде қылмыстық іс олардың арызы немесе лауазымды тұлғалардың хабарлауы бойынша қозғалады. Жәбірленушілердің емдеу мекемелеріне келіп түсуінен анықтама және тергеу органдары қарақшылық шабуылы туралы есту жағдайлары да кездеседі. Егер жәбірленушінің нашар хал жағдайына байланысты жауап алу мүмкін болмаса және іс бойынша куәлар жоқ болса, қылмыстық іс емдеу мекемелерінен алынған хабарламаларының немесе оқиға болған жерді қарау нәтижелері негізінде қозғалады.


Тонау және қарақшылық шабуыл істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің кезектілігі, көбінесе, қылмыс жасау үстінде ұсталған қылмыскерге қатысты немесе жасалған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалуымен тікелей байланысты.
Тергеудің алғашқы кезеңінде жалпы болжаулар ұсынылуы мүмкін: тонау және қарақшылық шабуыл шынымен жәбірленуші хабарлаған жағдайларда жасалынды; шабуыл шынымен жасалынған, бірақ оқиғаның мән-жайлары арызданушымен бұрмаланған; басқа қылмыс орын алған (бұзақылық, біреудің өміріне қастандық жасау); тонау және қарақшылық шабуылы болған жоқ, тек шабуыл инсценировкаланған.
Тергеу ерекшеліктерінің қатарына уақыт факторын есепке алу маңыздылығын және осымен байланысты жедел-тергеу тобының оқиға болған жерге шығуға жоғарғы деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігін жатқызуға болады. Тонау және қарақшылық шабуылы тез арада жасалынатын қылмыстар қатарына жататынын ескеру керек.
Тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу ситуациясы тергеушінің іс-әрекетінің алгоритмін анықтайды.
Тонау және қарақшылық шабуылдарын тергеудің алғашқы кезеңіндегі біртектес тергеу ситуацияларына келесілер жатады:

  • тонауды немесе қарақшылық шабуылды жасаған тұлға қылмыс үстінде немесе оны жасағаннан кейін бірден ұсталса;

  • тергеушіде қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті жасаған тұлға жөнінде жеткілікті мәліметтер бар, бірақ ол әлі ұсталынбаса;

  • қылмыс жасаған тұлға жөнінде мәліметтер болмаса.

Егер тонау немесе қарақшылық шабуылы туралы хабар жәбірленушіден тез арада түссе, тергеу әрекеттерінің тәртібі келесідей болу керек: ізін суытпай сезіктіні ұстау, жәбірленушіден жауап алу, тану үшін көрсету, жәбірленушіні және сезіктіні куәландыру, оқиға болған жерді қарау.
Жәбірленуші мен өз көзімен көрген-куәлардан жауап алу кезінде шабуылдың жағдайлары, қылмыскердің ерекше белгілері, сонымен қатар, ұрланған заттардың белгілері мен бағасы анықталады.
Егер қылмыстық іс қылмыстың жасалу фактісі бойынша қозғалып жатса, онда тергеу әдетте, жәбірленушіден жауап алудан, оқиға болған жерді қараудан, киімді қарау және жәбірленушіні куәландырудан, жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындаудан, өз көзімен көрген-куәгерлерден жауап алудан басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет