Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары



бет206/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, алаяқтық әрекеті анықтама органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде анықталады немесе олар жайлы мәліметтер азаматтардың арыздары мен заңды тұлғалардың хабарлауы арқылы белгілі болады.


Алаяқтық қылмыстары азаматтық құқықтық мәмілелермен немесе қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған жағдайларда анықтама органдары тергеуге дейінгі келесідей тексеру жұмыстарын жүргізеді: құжаттар мен нормативтік актілерді талап ету және тексеру, жәбірленушіден, сезіктіден және т.б. түсініктемелер алу, ревизия тағайындау, мамандармен кеңес жүргізу. Осы жұмыстармен қатар жедел-іздестіру шараларын да жүргізеді.
Алаяқтық қылмыстарды тергеудің алғашқы мазмұны бастапқы тергеу ситуациясына байланысты құрылады. Қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтерді негізге ала отырып, тергеу ситуациясын төрт категорияға бөліп қарастыруға болады:
1. Алаяқ белгілі, ол алаяқтық әрекет жасау үстінде немесе оны жасап біткен соң ұсталды. Мұндай жағдайларда тергеу әрекеті келесідей кезектілікпен жүргізілері: сезіктіге жеке тінту жүргізіледі және одан жауап алынады; тінту кезінде алынған заттай дәлелдемелерге қарау жүргізіледі; оқиға болған жерде қарау жүргізіледі; жәбірленуші мен куәлерден жауап алынады.
2. Алаяқ белгілі, бірақ ол тергеуден бой тасалап жүр. Бұл тергеу ситуациясындағы негізгі мәселелердің бірі алаяқты іздестіру болып табылады. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу, заттай дәлелдемелерді қарау тергеу әрекеттерінен басқа да келесідей әрекеттер жүргізіледі: ішкі істер органдары бөлімшелерінің сезіктіні іздестіруге байланысты бағыты анықталады; жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылады; сезіктінің жеке басын және оның болуы мүмкін жерлерді анықтауға байланысты шаралар қолданылады.

  1. Алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері бүркемеленіп заңды мәмілелер ретінде көрсетілген. Мұндай ситуацияларда сезікті жүргізген операциялардың сипаты мен құқықтық негіздерін анықтай отырып, төмендегі зерттеу жұмыстары жүргізіледі: алаяқтық арқылы жасалған келісім туралы құжаттарды қарау және алу, осыған қатысты лауазымды адамдарды анықтау мен олардан жауап алу, бұл операцияларды реттейтін заңдарды қарастыру.

Алаяқтық әрекеттерін жасыру мақсатымен заңды тұлғалардың (акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, жеке кәсіпорындар және т.б.) шаруашылық қызметін тексеру керек. Сонымен қатар, тексерілетін фирманың жарғылық және өзге де құжаттарын алу және зерттеу; инвентаризация мен ревизияны тағайындау; жұмыс орындарын қарау немесе тінту; салымшыларды анықтау және олардан жауап алу (жеке адамдардан инвестиция ретінде жиналған ақша қаражаттары орынсыз жұмсалса); фирманың мүлкін, қаражатын және құнды заттарын іздеу; банктік есептеріне тыйым салу.

  1. Алаяқ белгісіз. Мұндай жағдайда тергеуші: жәбірленушіден, мүмкін куәлардан жауап алады; субьективті портрет құрастырады; криминалистикалық тіркеу арқылы ашылмаған алаяқтық қылмыстарын жасалу тәсілі бойынша және осыған ұқсас жолмен жасалған қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді аты-жөні бойынша іздестіру шараларын жүргізеді; жедел-іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

Тергеудің бастапқы кезеңінде келесідей жалпы типтік болжаулар ұсынылады:

  • алаяқтың қылмысы арызданушының хабарлаған жағдайларындағыдай жасалған;

  • алаяқтық қылмысы орын алмайды, қылмыстың басқа түрі (қорқытып талап ету, шабуыл жасап тонау және т.б.) жасалған;

  • азаматтық-құқықтық мәміле заңды түрде жасалған (заем, айырбастау, сату-сатып алу).

Алғашқы үш ситуацияның ақпараттық негізін талдау нәтижесінде жалпы болжаулар құрып оны тексеру қажеттілігі туындайды, яғни алаяқтық қылмысы шынымен бастапқы алынған мәліметке байланысты жасалған ба, сондай-ақ алаяқтылықты инсценировкалау әрекеті болуы мүмкіндігін анықтау. Жеке болжаулар әдетте, міндетті түрде қылмыскердің жеке басын, оның жүрген жерін анықтау мен бұрынғы ашылмаған ұрлық қылмысын жасаулары мүмкіндігі жайлы мәліметтер алумен, мүлкі үрланған мекемелердің қызметкерлері мен қылмыскерлердің байланысын, қылмыс жасаған жері мен оған келтірген зиянның мөлшерін анықтаумен байланысты құрылады.
Төртінші ситуация негізінен алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, оның бұрыңғы қылмысқа қатыстылығы және оның осыған ұқсас жолмен жасалған ашылмаған қылмыстарына қатысының болу мүмкіндігі анықталады.
Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар: 1. алаяқтық қылмысы жасалды ма (орын алған ба); 2. алаяқтықты жүзеге асыру орны, уақыты, жағдайы, тәсілі; 3. қылмыстық ниеттің болуы; 4. қылмыстық қол сұғылған зат (нені иеленіп алды), алаяқ қанша ақша сомасын заңсыз алды; 5. алаяқтық кімге қатысты жасалған (мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарға, коммерциялық құрылымдарға, жеке тұлғаларға); 6. қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтер (жұмыс орны, еңбек ету сипаттамасы, соттылығы, қылмыс жасау ниеті мен тәсілі, бұрын жасалған қылмыстағы, қылмыстық топтағы рөлі); 7. алаяқтық топ және басқа да қылмыстық әрекетке қатысушылар туралы мәліметтер (құрамы, саны, техникамен және қарумен қамсыздандыруы, сыбайлас жемқорлармен байланысы, мамандандырылуы); 8. жәбірленушінің жеке басы, алаяқпен байланысқа түсу жағдайы туралы мәліметтер; 9. алаяқтық жасауға себеп болған мән-жайлар.
Алаяқтық қылмысы заңды тұлғалардың инсценировкалауымен жасалған жағдайда келесі мән-жайлар анықтауға жатады: мұндай тұлғаның құқықтық мәртебесі және ұйымдасқан-құқықтық формасы, мәміле мен операцияны жүргізетін лицензиясының бар-жоқтығы; бағалы қағаздар шығару тәртібі мен валюталық, кедендік және басқа да заңдылықтардың сақталу тәртібі және т.б.
Алаяқтық жолымен мүлікті талан-таражға салу қылмыстарының бастапқы және кейінгі тергеу кезеңінің жоспарында біреудің мүлкін иелену және ысырап ету арқылы талан-таражға салу қылмыстарының негізгі мәселелері қарастырылуы қажет. Тек бірінші жағдайда тергеудің ұйымдық мәселелерінен гөрі тактика-әдістемелік мәселелеріне, ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен қатар алаяқтық қылмыс жоспарының негізіне қылмыстық оқиға емес, іздестіру мәселелері кіреді (алаяқты, ұрланған мүлікті т.б.). Осындай жоспарда тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тығыз қарым-қатынасына аса көңіл бөлінуі тиіс.
Тергеудің кейінгі кезеңіндегі типтік тергеу ситуациясының мазмұны әдетте талан-таражға салу қылмыстарының ашылу дәрежесіне байланысты (алаяқ іздестіріліп ұсталды ма, оның барлық қылмыстық әрекеті анықталды ма, алаяқтық жасаған адамның кінәсі дәлелденді ме, сезіктінің, айыпкердің басқа қылмыстар жасағандығы жөнінде қосымша ақпараттар бар ма).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет