Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


VI-ТАРАУ. ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ЖОЛЫМЕН ЖАСА ЛҒАН МҮЛІКТІ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет202/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

VI-ТАРАУ.
ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ЖОЛЫМЕН ЖАСА ЛҒАН МҮЛІКТІ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ


§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы

Тонау – бұл бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау, яғни осы мүлікті иемденуші тұлғалардың және басқа азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері және басқа тұлғалардың қатысуын ұрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді.


Қарақшылық – бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.
Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік құқығына қол сұғады. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасалатын тұлғалардың өмірі және денсаулығы табылады.
Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жай формасында мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен кездесуі мүмкін. Алайда қарақшылықтан айырмашылығы, бұл күш көрсету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылмайды.
Қарақшылықпен шабуыл жасау қылмыстарының ауырлататын жағдайларда жасалуы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы; қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық; ұйымдасқа топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қарақшылық. Сонымен қатар, қарақшылық аса қауіпті рецидивиспен жасалған және қайталап жасалынған қарақшылық, мүлікті ірі мөлшерде ұрлау жатады.
Заңда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін анықтауға негіз болады.
Ең алғаш шешілетін мәселеге – қылмыстың барлық болған жағдайларын анықтау жатады. Қарастырылып отырған қылмыстарға қатысты бұл ең алдымен қарау жүргізіліп жатқан себепке байланысты қандай оқиға орын алғанын (тонау немесе қарақшылық па, жай немесе сараланған түрі ме және т.с.с.), бұл оқиға қандай нақты көрініс тапқанын анықтау керек.
Аталған мәселелерге сәйкес, алдын ала тергеудің алғашқы кезеңінде іздестіруге, бекітуге және алынуға жататын іздердің сипаты анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды немесе қарақшылық шабуылын анықтайтын немесе жоққа шығаратын іздер, сонымен бірге, оқиға болған жерді қарау кезінде инсценировкаланған қылмыстың ұйымдастырылғанын көрсететін іздер; қылмыскердің әрекет жасау тәсілін, ашық түрде мүлікті ұрлаудың немесе қарақшылық шабуылдың мазмұнын сипаттайтын; қылмыстық іс-әрекет жасау кезінде күшті қолданғаны немесе қолданамын деп қорқытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жәбірленушілерге қатысты жасалғанын сипаттайтын және жәбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-әрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақшылық шабуылдың мақсаты болып нақты не табылды, қандай заттар мен құндылықтар тоналды, олардың кейінгі тағдыры қандай екенін анықтауға мүмкіндік беретін; тонаудың немесе қарақшылық шабуылының қатысушыларын, сонымен қатар, өздерінің әрекеттерімен қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған немесе оның ашылуына кедергі келтірген тұлғаларды көрсететін; ұйымдасқан қылмыстық топты көрсететін: тұрақтылығын, қаруланғандығын, қылмыстық іс-әрекеттерді бірнеше рет жасағандығын және жауапкершілікке тартылатын қылмыскерлердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды көрсететін іздер. Тонау немесе қарақшылық шабуылдың нақты орны мен уақыты туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау қажет. Мұндай мәліметтер қылмысқа кінәлі айыпталушының жалған алибиін әшкерелеуге маңызды болып есептелінеді.
Тонау мен қарақшылық шабуылдары қылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызатын дәлелдемелермен қатар, осы қылмыстардың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар туралы қорытынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді және оларды болдырмау шараларын анықтау керек.
Басқа қылмыстармен салыстырғанда тонау мен қарақшылық шабуылдың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • әдетте бұл қылмыстар топпен жасалады;

  • алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі;

  • тез, дөрекі және қатаң түрде жасалады;

  • оқиға болған жерде заттай дәлелдеме ретінде танылатын заттардың көлемі шектеулі болып келеді.

Бұның барлығы тергеуге өз әсерін тигізеді. Қарақшылық шабуылдың бір топ адамдармен алдын ала дайындалып жасалуы осы қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын белсенді түрде қолдануға мүмкіндік туғызады. Қарақшылық кенеттен, қару-жарақ қолданып жасалғандықтан жәбірленушілер көбінесе қылмыскерлерді толық анықтап, көре алмайды, бұл кейіннен оларды іздестіру мен тану үшін көрсету кезінде қиындықтарды туғызады. Осыған байланысты тонау мен қарақшылық қылмыстарын тергеу бірқатар талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • тергеудегі жылдамдық пен жеделділік;

  • тергеу барысындағы тергеу әрекеттері мен жедел шаралардың өзара байланыстылығы;

  • криминалистикалық техника тәсілдерін белсенді қолдану;

  • қылмыстық тіркеу мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

Тонау және қарақшылық шабуылды жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік, қоғамдық және азаматтардың жеке және өзіндік меншіктері табылады. Белгілі бір көлемде заттардың бірлігі (мүлік) осы қылмыстардың жасалу әдістері мен оларды тергеу әдістемесінің ұқсастықтарын көрсетеді.
Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу аталған қылмыстардың көбісіне тән қасиет. Қылмыскерлер алдын ала қылмыс жасау орнын (дүкен, қойма, пәтер) немесе шабуыл жасауға ниеттенген тұлғаны белгілейді (инкассатор, сатушы, күзетші), қылмыс жасауға қажетті құралдарды дайындайды (бұзу құралдарын, атыс немесе суық қаруларды), көлік құралдарын дайындайды, өзара рөлдерді бөледі, ұрланған заттарды жасыру мен өткізу жерлерін іздестіреді.
Тонау және қарақшылық шабуылдар, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе екі-үш немесе төрт адамнан тұратын топпен жасалады. Қарақшылықпен жасалатын топтар көбінесе тұрақты болып келеді және олармен бірнеше қылмыстар жасалады. Бұл топтарды бұрын сотталған трасологияның, дактилоскопияның, баллистиканың мүмкіндіктерін, ауызша суреттеудің маңызын білетін қылмыскерлер басқарады. Көп жағдайларда қылмыскерлер беттеріне сыртқы белгілерін жәбірленушілер мен куәларға анықтап көруге кедергі келтіретін маскілерді киеді (шүберек, беторамал, көзге арналған тесігі бар шұлықтар), қылмыс жасаған орнында саусақ іздерін қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын қолғаптарды пайдаланады, қылмыс жасағандарын әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді табуды қиындататын арнайы қару-жарақтарды немесе ұрланған заттарды сақтайтын жабдықтарды дайындайды.
Дүкен, банк қызметкерлеріне, инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалады: қылмыскерлер өнеркәсіптің, мекеменің, ұйымның жұмыс тәртібін, инкассаторлардың, кассирдің, банкке ақшаны жеке өзі өткізетін сауда орындары қызметкерлерінің қозғалыс маршрутын байқап зерттейді. Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін олар шабуыл жасау орны мен уақытын, топтың құрамын анықтайды, көлік құралдары мен қару-жарақтарын дайындайды, қылмыс жасағаннан кейінгі кету жолдарын ойластырады, ұрланған заттарды жасыру үшін орын дайындайды. Мұндай қылмыстар күндізгі уақытта немесе электрлік жағынан жақсы жарықтанған жерлерде (адамдар көп жүретін көшелерде, ғимараттарда) жиі жасалатындықтан, оларды тануға қиындық туғызатын жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Алдын ала егжей-тегжейлі дайындығы жоқ тонау және қарақшылық қылмыстары жиі кездеседі. Оларға қылмыстық қол сұғушылық үшін алдын ала белгіленген объектінің болмауы тән болып табылады. Мысалы, қылмыскерлер бірнеше пәтерлерді аралап, қоңырау соғады, егер есікті қарт адамдар немесе балалар ашса, оларға шабуыл жасап (ұрып-соғады, байлайды) құнды заттарды ұрлайды. Мұндай қылмыстар әдетте күндізгі уақытта, демалыс немесе мейрам күндері, яғни тұрғындардың көпшілігі жұмыста, қала шетінде, пәтерде ешкім болмаған кезде немесе балалар және қарт адамдар қалған кезде жасалады. Әдетте, бұл қылмыстарды бас бостандығынан айыру орындарынан енді ғана босап шыққан қылмыскер-гастролерлер, сонымен қатар басқа аудандарда тұратын, яғни кездейсоқ танылып қалудан қауіптенбейтін тұлғалармен жасалынады.
Қылмыскерлердің жеке басына сипаттама беретін болсақ, олардың типтік психологиялық портреті – жұмыс жасамайтын, аморальды өмір сүретін, жүйелі түрде алкоголь, есірткі заттарды қолданатын ер адамдар жатады. Олардың басым көпшілігі бұрын осындай қылмыстар үшін сотталған болып келеді. Қылмыскерлер әр уақытта тонау және қарақшылық шабуылдарын кенеттен жасауға талпынады. Пәтер тұрғындарына немесе күзетшілерге шабуыл жасауда олар үй-жайға кедергісіз кіру мақсатымен өздерін жеке меншік пәтерлер кооперативтерінің (КСК), газ қызметкерлері, энергия жабдықтау, полиция, өрт пен сақтандыру қызметінің өкілі ретінде, жәбірленушінің отбасы мүшесі жұмыс істейтін өнеркәсіптің өкілі ретінде атайды. Егер қылмыс ашық жерлерде жасалынса, шабуыл кенеттен артқы жағынан немесе торуылдан (құрылыстың бұрышынан, бұталардан немесе жекелей тұрған ағаштардан) жасалады. Жәбірленушіге күдік тудырмай қасына келу үшін қылмыскерлер арақашықтықтан шылым тұтатып алуға, жолды көрсетіп жіберуді немесе өзге де назарын аударатын сұрақтарды қояды. Әңгіме басталып кеткен уақытта олар жәбірленушіге жақындаса, шабуыл жасайды.
Тонау және қарақшылық шабуылдың құрбандары болып көбінесе әйелдер немесе мас күйінде болып қарсылық көрсете алмайтын ер адамдар болады.
Тонау және қарақшылық шабуылдарда әдетте теріден жасалған бұйымдар, бағалы заттар, ақша, хрусталь, суреттер, антиквариатты бұйымдар, тұрмыстық техника және жоғары сұраныстағы заттар мен құндылықтар ұрланады.
Тәжірибеде тонау және қарақшылық шабуылдарын жасайтын тұлғалар алғашқы қылмысы ашылмай қалғаннан кейін және жазаланбайтындығын сезінгеннен кейін тұрақты топтарға бірігеді және ұзақ уақыт бойы көрші региондардың аумақтарында тонау мен қарақшылық шабуылдарын жасайды. Сондықтан тергеушілердің көрші криминалдық полициямен тығыз қарым-қатынаста болуы және осындай қылмыстардың жасалғандығы туралы уақытысында бір-біріне мәлімет беріп отыруы маңызды болып табылады.
Осы қылмыстарды тергеу барысында тонау және қарақшылық шабуылдарын инсценировкаланған жағдайлары да кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет