Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет201/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
Қарау барысында:

  • ұрлық объектісі болып не табылады;

  • ұрлық орнына қылмыскер қай жақтан кіріп, қай бағытта жасырынды;

  • тауарлы-материалды құндылықтар орналасқан жерге кіруде қылмыскер қандай әдіс-тәсілдер мен техникалық құрал-жабдықтар қолданған;

  • техникалық құралдар ретінде қандай саймандар мен құралдар қолданылған;

  • қылмыскер қандай әрекеттерді және қандай кезектілікпен қолданған;

  • ұрлық жасауға қанша адам қатысқан;

  • оқиға болған жерде қылмыскердің және оның әрекеттерінің қандай іздері қалдырылған және оның үстінде қылмыс болған жерден қандай іздер (қылмыскердің үстінде, киімінде, қолданған құралдарында) қалуы мүмкін;

  • табылған іздер мен өзге де заттай дәлелдемелерде қылмыскердің кәсіби дағдысын, сыртқы бет-келбетін, тұлғасын, қылмыстық әрекеттерді жасаудағы тәжірибесін анықтауға болатын белгілер бар ма;

  • ұрлықты инсценировкалау белгілері жоқ па.

Қарау кезінде ұрланған заттардың үлгілері (паспорттың, аттестаттың, фабрикадан жабыстырылған қағазының (ярлык), буып-түйген қорабының) алынып, іске тіркелуі керек.
Ұрлық істері бойынша қарау кезінде алынатын мән-жайларды бекіту, алу және қолдану қылмыстық-процесуалдық заңдар талабына және криминалистиканың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жәбірленушіден жауап алу кезінде келесі мәселелер анықталады: қылмыс қайда және қашан жасалғаны, нақты не ұрланғаны, ұрланған заттардың айрықша белгілері қандай; отбасының мүшелері және олардың ұрлық болған кезде қайда болғаны; ұрлық кезінде пәтер жабық тұрды ма (жабық тұрса қалай), кілттер қайда тұрды; олар тұрған жер туралы кім біледі, үйде ешкімнің жоқ екенін кім біледі; ұрланған заттарға кім қызығушылық білдірді; жәбірленушілер ұрлық жасады деп кімді ойлайды. Жәбірленушіден жауап алу кезінде жоғалған заттарды отбасы мүшелерінің бірі немесе оның қайда тұрғанын білетін және пәтерге кіре алатындардың біреуі алды ма деген негіз жоқ па екенін анықтау керек.
Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау істері бойынша материалды жауапты тұлғалардан (дүкеннің, қойманың, базаның меңгерушісі, сатушылар), сонымен қатар ұрлық жасалынған объектіні күзеткен адамдардан жауап алынады. Материалды жауапты тұлғалардан ұрлық болғаны қашан анықталды, оны кім және қалай анықтағаны; нақты қандай құндылықтар ұрланған, олардың құны және ерекше белгілері; құндылықтар қай жерде сақталынған және оның орналасқан жері туралы кім білгені; объект күзетілді ме, егер күзетілсе қалай; полиция келгенге дейін объектіге өзгерістер енгізілген жоқ па; объектіні сұрастырған немесе ұрлық болғанға дейін, ұрлық болған кезде жанында адамдардың болған-болмағанын; жұмыс тәртібі және одан ауытқушылықтардың болғанын; бұрын ұрлық немесе ұрлыққа оқталу болған-болмағаны анықталып сұралады. Әкімшілік өкілдерінен және материалды жауапты тұлғалардан, сонымен қатар, қайта есептеу қашан жүргізілді және оның нәтижесі қандай болған; қайта есептеу актілерінің қайда екендігі; ұрланған заттар қашан қабылданды және қай жерде тұрғандығы; ұрлық қай уақытта және не себептен анықталмағандығы анықталады. Барлық осы мәліметтер тінту және басқа да тергеу әрекеттері кезінде қолданылуы мүмкін. Күзетшілерден олар қорғайтын объектіден кеткен жоқ па (кеткен болса қанша уақыт бойы болмағандары); объектінің жанында сезікті адамдарды байқаған жоқ па; қылмыскердің кіргенін және ұрлықтың жасалғанын көрсететін өзге бір дыбыстарды естіген-естімегені сұрастырылады.
Ұрлықты өз көзімен көргендерден өздері куә болған мән-жайлар және ұрлықты ашу үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша жауап алынады. Әсіресе, сезіктінің көзге түсетін белгілерін және олардың болуы мүмкін жерлерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Ұрланған заттарды сатып алушылардан қай кезде және қандай жағдайларда келісім жүргізілгендігі, ұрланған заттарды сатқан тұлғалардың ерекше белгілері туралы, олардың болуы мүмкін жерлері туралы жауап алынады.
Сезіктілерді анықтаған және ұстаған жағдайда бірден жеке тінту жүргізіледі, сонымен қатар, тұрғылықты және жұмыс орны бойынша тінту жүргізіледі. Оның мақсаты – ұрланған заттарды, бұзу құралдарын және ұрлық жасауды жеңілдететін құрал-жабдықтарды; ұрлықты жасағанын көрсететін құжаттарды (тауарға жабыстырылатын қағазды, этикеткаларын, паспорттарын) немесе оларды комиссиялық дүкенге тапсырғандығын көрсететін құжаттарды (квитанция) табу. Тінту кезінде басқа ұрлықтың жасалғанын көрсететін заттар мен құжаттар алынады. Қылмыскерді іздеу және оның басқа жасаған ұрлықтарын ашу үшін оның жүрген жері туралы айғақ беретін құжаттардың (хат, телеграмма, бандеролдер, тапсырыс және құнды хаттардың квитанциясы) маңызы зор. Бұлардың барлығын алып, қылмыстық іс материалдарына тіркеу керек.
Сезіктіні тінтіген кезде басқа ұрлық жасау кезінде ұрланған заттардың ерекше белгілері туралы мәліметтерді білген жөн, себебі олар тінтілуші адамнан табылуы мүмкін.
Сезіктіден жауап алу ол ұсталғаннан кейін және ұстау негізін тексеретін және ұрлыққа қатыстылығын көрсететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік беретін тінту әрекеттерінен кейін жүргізіледі. Шынайы көрсетпелер алынған жағдайда тергеуші мойындалған фактілер мен жағдайлардың шынайылығын нақтылайтын мән-жайларға көңіл бөлуі қажет. Ұсталған адам оларды басқа қылмыстарға қатысу фактісін жасыру мақсатында мойындауы мүмкін.
Егер сезікті өзінің ұрлыққа қатыстылығын мойындамаса, онда одан ұрлық жасалған уақытта қайда болғандығы, оған тиесілі емес заттар қайдан келгендігі, ол өзінің осы қылмысқа қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді қалай түсіндіретіндігі анықталады. Сезіктіні ұрлық үстінде ұстаған кезде жауап алу одан ұрланған заттардың одан табылғандығының фактісі маңызыдылығы жойылмайтындай етіп жүргізілуі керек. Егер сезікті бұл заттарды тауып алдым, жалақы ретінде төленді, сыйлық ретінде алдым және т.б. деп айтса, оның көрсетпелері мұқият тексеріледі, ал нәтижелері кейін сезіктіні қылмыс жасағанында әшкерелеу үшін қолданылады.
Кейбір тергеу ситуацияларында ұрлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеті ретінде тану үшін көрсету жүргізіледі. Мұндай жағдай сезіктіні қылмыс үстінде немесе ұрлық жасағаннан кейін бірден ұстағанда болуы мүмкін. Тану үшін осы қылмыс бойынша сезікті деп танылған адам немесе одан табылған заттар мен құндылықтар көрсетілуі мүмкін. Тану үшін көрсетудің мақсаты болып – ұрлықты осы тұлға жасады ма, ұсталған адамда табылған заттар белгілі адамнан немесе белгілі бір объектіден ұрланды ма, осы сұрақтарды анықтау болып табылады. Танушылар ретінде жәбірленуші және куәлар қатыстырылады.
Ұрлық істері бойынша кейінгі тергеу әрекеттеріне айыпталушыдан жауап алу, беттестіру, тергеу эксперименті, тану үшін көрсету, сараптама тағайындау және жүргізу, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау жатады.
Ұрлық істері бойынша айыпталушыдан жауап алу кезінде қолданылатын тактикалық әдіс-тәсілдер сезіктіден жауап алу кезіндегі тактикалық әдістермен бірдей болып келеді. Айып тағу кезінде тергеу жүргізушіде айыпталушының қылмысқа кінәлілігін дәлелдейтін дәлелдемелердің қажетті көлемі жиналады. Бұлардың әрқайсысын дұрыс қолдану, жауап алынушыға тергеу процесінде алынған заттай дәлелдемелер мен құжаттарды ұсынудың ойластырылған тактикасы айыпталушыдан шынайы жауап алуға және іс бойынша объективті шындыққа жетуге көмектеседі. Сондықтан айыпталушыдан жауап алу алдын ала жасалынған жоспар бойынша жүргізілуі қажет. Жоспарда анықталуға тиіс сұрақтар, олардың дұрыс қойылуы және тәртібі көрсетіледі. Жауап алу кезінде тергеушідегі бар дәлелдемелерді қолданудың тактикалық әдістері мен тәсілдеріне көп көңіл бөлінуі керек.
Беттестіру айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің көрсетпелерінде қарама-қайшылықтар болған жағдайда және оларды жою қажеттілігі туындағанда жүргізіледі. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін беттестірудің тактикалық әдістері мен тәсілдері басқа қылмыстық істер бойынша қолданылатын тактикалық әдіс-тәсілдерге ұқсас.
Тергеу эксперименті инсценировкаланған ұрлықты ашу мақсатында, сонымен қатар, куәлардың көрсетпелерінің дұрыстығын тексеру мен нақтылау үшін жүргізіледі. Ұрлық істері бойынша эксперимент есту, көру және істегі өзге де жағдайларын анықтау үшін жүргізіледі.
Қарастырылып отырған қылмыстық істер бойынша, сонымен қатар сараптаманың мынандай түрлері жүргізілуі мүмкін: трасологиялық – табылған іздер бойынша бұзудың әдісін анықтау мақсатымен, қолданылған техникалық құралдардың түрін анықтау үшін, ұрлық кезінде қолданылған көліктің, аяқ киімнің іздері бойынша идентификация жүргізу үшін; дактилоскопиялық – оқиға болған жерде табылған алақан және саусақ іздерін оларды қалдырған тұлғалармен идентификациялау мақсатымен; қолжазбатану – жазба құжаттарды зерттеу үшін. Аталғандардан басқа тауартану сараптамасы – сезіктіден табылған заттар мен ұрланған заттардың бір топқа жататындығын, сонымен қатар, тауардың сортын, бағасын, артикульін анықтау туралы сұрақтарды шешу үшін. Заттай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасы оқиға болған жерде қалдырылған қан, сілекей іздері бойынша қылмыскерді анықтау мақсатында тағайындалады. Бұл категория істері бойынша материал мен заттарды зерттеу сараптамасы заттардың химиялық құрамы бойынша олардың бір топтылығын, сонымен қатар, арнайы химиялық заттарды, соның ішінде люминофорларды анықтау үшін тағайындалуы мүмкін.
Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеу әрекеттерімен қатар басқа ұйымдастырушылық тәртіптегі шаралар жүргізіледі. Олардың ішінде ұрлық істерін тергеу кезінде инвентаризация мен ревизия (аудит) ерекше орын алады. Инвентаризацияны жүргізудің мақсаты – объектіде қалған материалдық құндылықтардың барлығын бекітіп, оларды мүдделі тұлғалардың жоғалтып, жойып жіберуіне жол бермеу. Ревизияның көмегімен тауар-материалды құндылықтардың жеткіліксіздігінің фактісі, есептеу және есеп беру тәртібінің бұзылғандығы, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті сақтау мен пайдаланудың ережелерінен тыс кетулері анықталады.
Инвентаризация мен ревизия (аудит) анықтама жүргізуші орган мен тергеушінің жазба талабы бойынша осы ұйымның басшысымен тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет