Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі



бет210/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.

Қорқытып талап ету қылмыстарын қозғауға көбінесе жәбірленушілердің арызы, керек жағдайларда құқық қорғау органдарының қылмыс белгілерін тікелей өздерінің анықтауы себеп болады. Қорқытып талап ету қылмыстары туралы жалған арыздардың түсу мүмкіндігіне байланысты бұл мәліметтерді ҚІЖК-ң баптарына сай тексеру керек.


Қорқытып талап ету қылмыстары бойынша түскен арыздарды тексеру кезінде жәбірленуші мен барлық болуы мүмкін куәлардан сұрау әрекеттері (отбасы мүшелері, қызметтестер және осы мән-жай туралы білуі мүмкін өзге де тұлғалардан), сонымен қатар, сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.
Тексеру жұмыстарын тергеуге кедергі келтірмейтіндей және жәбірленуші мен куәларға қауіп тумайтындай (қылмыскер білмейтіндей) жағдайда жүргізілуі тиіс. Тергеудің алғашқы кезеңінің типтік ситуациялары келесі жағдайлармен анықталады: қорқытып талап ету – бірақ рет жасалды ма, әлде жүйелі түрде бола ма; қылмыскер қорқытып талап еткен мүлкі берілді ме және жәбірленуші жаңа талап етушіні тани ма. Осыларды ескере отырып, мынандай екі типтік ситуацияны көрсете аламыз:
1. Құқық қорғау органына қорқытып талап етуге ұшыраған, бірақ талап етілген заттарды әлі бермеген жәбірленуші арызданады. Ең алдымен тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдағаннан кейін: арызданушыдан егжей-тегжейлі жауап алу; қылмыскерді ұстағанға дейін берілетін қорқытып талап ету затына қарау жүргізу; телефонмен сөйлесулеріне тыңдау жүргізу және оны жазып алу; қорқытып талап етушіні қылмыс үстінде ұстау әрекеттері жүргізіледі. Егер қылмыскер жәбірленушіге таныс болса, осы тұлғаның араласатын адамдарын анықтауға, оның қылмыстық ниетін және де қылмыс үстінде ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.
2. Талап етілген затты қылмыскерге бергеннен кейін жәбірленушінің арыздануы. Бұл ситуацияның үш нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші нұсқа – қылмыскерді жәбірленуші таниды және қорқытып талап ету жүйелі сипатқа ие болған. Мұндай жағдайда жоғарыда көрсетілген ситуациядағыдай, қылмыскерді келесі қорқытып талап еткен кезде, қылмыс үстінде ұстауға шаралар қолданылады.
Екінші нұсқа – қылмыскерді жәбірленуші таниды, бірақ қорқытып талап ету қылмысы қайталанады деген мәлімет жоқ. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғалып арызданушыдан жауап алынғаннан кейін, жедел-іздестіру шараларын жүргізу қажет. Олардың нәтижесіне байланысты телефонмен сөйлесуді тыңдау және жазып алу, қылмыскерді ұстау (басқа адамдардан қорқытып талап ету кезінде немесе басқа қылмыс үшін), одан жауап алу, сезіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу, жәбірленуші мен куәлармен беттестіру жүргізу туралы мәселелер шешіледі. Үшінші нұсқада – қылмыскерді жәбірленуші танымайды және оның қорқытып талап ету қылмысын тағы қайталауы мүмкін туралы мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайда тергеуші тек қана жәбірленушіден жауап алумен шектеледі.
Қорқытып талап етуші ұсталғаннан кейін тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыскерден жауап алынады, тінту, оқиға болған жерді қарау әрекеттері, әртүрлі сараптамалар жүргізіледі, соның ішінде фоноскопиялық сараптама.
Тергеудің бастапқы кезеңінде, жалпы ереже бойынша, екі жалпы типтік болжау жылжытылады:
-жәбірленушінің арызында көрсетілген жағдайларда қорқытып талап ету қылмысы жасалған;
- жалған мәлімет беріліп отыр.
Сонымен қатар, жеке болжаулар да қарастырылады. Ең алдымен қылмысқа қатысты тұлғалар туралы: қылмыс бір адаммен; қылмыс тобымен; жәбірленушінің табысы туралы хабардар тұлғамен; жәбірленушімен араздық қатынастағы адаммен жасалған деп және т.б. болжаулар жасалады.
Қорқытып алу қылмысы бойынша алғашқы тергеу әрекеті әдетте құқық қорғау органдарына келген арызданушылардан жауап алудан басталады. Жауап алу алдында тергеуші арызданушыға оның құқық қорғау органдарына жүгіну фактісі мен беретін көрсетпелері белгілі бір уақытқа дейін құпия түрде сақталатындығы жөнінде және өзі мен туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді. Жауап алу кезінде талап ету жолдары қандай жағдайда және қалай талап етілгендігі: талап етуші қанша ақша соммасын немесе қандай құнды заттарды беруді талап еткендігі; арызданушыны немен қорқытқандығы; арызданушы қылмыскердің талабын орындады ма, орындаған жағдайда қанша көлемде ақша немесе құнды затты және оны қашан, қайда, қандай жағдайда бергендігі; жәбірленушінің талап етушіні білетіндігі, оның ерекше белгілерін атап беру мүмкіндігі; егер қылмыскермен байланыс телефон жүйесімен жүзеге асырылса, оның сөйлеу мен дауыс ерекшеліктері; бұрын арызданушыға байланысты қорқытып талап ету жағдайының болғандығы немесе басқа адамдарға байланысты талап ету фактісін білетіндігі; қорқытып талап етуде кімді күмәнға алатындығы анықталады.
Егер жәбірленуші талап етушімен таныс болған жағдайда, олардың танысуы қашан, қай жерде және қандай жағдайда, танысуға кімнің мүмкіндік жасағандығы; қылмыс жасағанға дейін қылмыскер мен жәбірленушінің қандай қарым-қатынаста болғандығы қосымша түрде анықталады. Жәбірленушіден оның табыстары туралы, өмір сүру жағдайы туралы кім және қашан сұрастырғандығын, арызданушыда ақшалар мен құнды заттардың болуы қылмыскерге қайдан мәлім екендігін міндетті түрде жауап алушы анықтауы тиіс. Мақсатты түрде келесідей сұрақтар қойылуы тиіс: жәбірленуші қылмыскердің іс-әрекетін бекітуге қандай да бір әрекеттер жасауға тырысты (талаптанды) ма.
Сондай-ақ жауап алу кезінде жәбірленушінің қорқытып талап ету туралы кімге, қашан және қандай жағдайда хабарлағандығы, осы жағдайда не істеу керектігі жөнінде кіммен ақылдасқандығы, кімнен және қанша көлемде ақша алғандығы, қарыз алу жағдайының себептерін қалай түсіндіргендігі жөнінде де анықтау қажет.
Қорқытып алушының алғашқы тергеу кезеңіне тән әрекеттерінің біріне- телефон жүйелерімен сөйлесуді тыңдау және басып алу жатады. Бұл тергеу әрекетін қорқытып алушылар жәбірленушімен телефон арқылы байланыс жасауға әрекет ету жөнінде негіздер болған жағдайда міндетті түрде жүргізу керек. Тергеуші жәбірленушіге алдымен бұл тергеу әрекетінің мәні мен маңызын түсіндіріп, одан жұмыс орны немесе үйінің телефонымен қорқытып алушымен сөйлесуін тыңдауы және басып алуы жайында жазбаша түрде арызын алады және анықтама органдарына жеке тапсырма береді. Жеке тапсырма бойынша телефон жүйесімен сөйлесуді тыңдау мен басып алу үшін міндетті түрде маман (әдетте ішкі істер органдарының жедел-техникалық қызметкерлері) шақыртылады.
Тергеуші бұл тергеу әрекетін жүргізу барысында орындаушылардан процесуалдық тәртіптің және заңның қатаң түрде сақталуын талап етеді. Тергеуші телефон жүйесімен сөйлесуді тыңдау мен басып алуға қатысушыларға мәлім болған мәліметтерді жариялағаны үшін жауапқа тартылатындығы туралы ескертіп, хаттамаға қол қойғыздыруға міндетті.
Фонограмманы кассетасымен және тыңдау хаттамасын алғаннан кейін тергеуші куәгерлердің қатысуымен фонограммаларды қарай отырып, оның түп-нұсқалығын, жарамдылығын (бүтіндігін), дұрыс буып-түйілуі мен сақталуын тексереді. Фонаграмманы кассетасымен тыңдап және қарау жүргізілгеннен кейін ол заттай дәлелдеме ретінде іске тіркеледі.
Тергеуші тергеу ситуациясына байланысты қорқытып алушыларды қылмыс үстінде ұстау туралы шешім қабылдайды және жәбірленушіден қылмыскер талап еткен затына алдын ала қарау жүргізеді. Талап етілген зат жалпы тәртіп бойынша қаралады (ақша купюраларының нөмірлері, әрбір купюралардың немесе берілетін заттардың жеке белгілері, олардың қалай буып-түйілетіндігі көрсетіледі және т.б.). Ақша немесе басқа да нәрселер арнайы химиялық заттармен өңделіп, ол жөнінде хаттамада көрсетіледі; егер талап етілген зат қағазға оралып берілетін болса, кейін сараптаманың көмегімен екі бөліктің бір бүтін екенін анықтау үшін ораған қағаздың бір бөлігін жыртып алады (бұл да хаттамада көсетіледі).
Егер қорқытып талап ету жәбірленушіге күш қолдану арқылы жүргізілген жағдайда, міндетті түрде жәбірленушінің өзіне куәландыру, ал киімдеріне қарау жүргізу керек. Күш қолдану әрекеті үстінде жәбірленуші мен қылмыскердің киімдері бір-біріне үйкелсе, байланысқа түскен заттар алынып микрообьектілер сараптамасына жіберіледі.
Қорқытып талап етушілерді ұстау үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Тергеуші ұстау әрекетіне дайындық кезінде жедел-іздестіру қызметкерлерімен, бірігіп жоспар құрады. Операцияға басқа да орган қызметкерлері (Ерекше Бағытталған Милиция Жасағы – ОМОН, МАИ) қатыстырылуы мүмкін. Ұстау жоспары жағдайдың және қылмыскердің жүріс-тұрысының өзгеруін ескере отырып құрылады. Қатысушыларды міндетті түрде жоспар бойынша белгіленген ұстау орнымен таныстырып, мүмкіндігінше жоспарланған операцияның жеке кезеңдері бойынша жаттығу жұмыстары (қорқытып алушыларды сескендірмеу үшін жаттығу жұмыстарын басқа жерде) жүргізіледі.
Сонымен қатар, ұстау әрекетіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алдын ала шешіледі.
Қылмыскерлер ұстауға қатысушыларға қарсы әрекет етіп, талап етілген заттың көзін тез арада жойып жібермес үшін ұстау әрекеті кенеттен, жылдам және шешімді түрде жүргізілуі шарт.
Қорқытып талап етушілердің тұрғын-жайын тінтудің мақсаты (кейде олардың жұмыс орны тінтіледі) талап етілетін заттарды: қару-жарақты, хаттарды, жазба кітапшаларды, фотосуреттер мен басқа да құжаттарды табу және олардың көмегімен сезіктінің кіммен араласатындығын анықтау.
Қорқытып талап ету қылмыстары бойынша оқиға болған жерде іздер мен басқа да заттай дәлелдемелердің табылуы мүмкін жағдайда оқиға болған жерге қарау әрекеті жүргізіледі. Көбінесе қорқытып талап ету күш қолдану, сондай-ақ, мүлікті зақымдау немесе жою әрекеттері арқылы жасалса, оқиға болған жерді қарау қажеттілігі туындайды. Қарау әрекетін жәбірленушінің қатысуымен жүргізген жөн. Ол қажетті түсініктемелер беріп, нақты оқиғалардың қай жерде болғандығы және іздердің (қолдың, аяқ киімнің және т.б.) қай жерде болуы мүмкін екендігі жөнінде анықтамалар бере алады. Қылмыскерлер ұстаған заттар микрообъектілердің қайнар көздері немесе олардың тасымалдаушылары бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет