Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


X-ТАРАУ. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет217/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

X-ТАРАУ.
КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ


§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Көлік құралдарының шамадан тыс көбейіп кетуіне, жүргізушілердің жүргізушілік қабілеттерінің төмендігіне, яғни жүргізу тәжірибелерінің аздығына (немесе тіптім жоқтығына), жолдың дұрыс жөнделмеуіне, жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін сақтамауларына (ішімдік пен есірткі заттарын пайдалануларына) байланысты өкінішке орай күннен-күнге жол-көлік оқиғаларының саны артуда.


Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұл қылмыстың қылмыстық-құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалысы ережелерін бұзудан; ә) заңда көзделген зардаптардың болуынан; б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.
Жол-көлік оқиғалары ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынандай түрлерге бөліп көрсетуге болады: көлік құралдарының соқтығысуы; велосипедшіні, көлік арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көлік құралдарының аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен құлауы (ұшып кетуі) және т.б..
Автокөлік қылмыстарына – жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып ескермей немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізушілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады. Яғни, олардың әрекеттерінен, нақты айтқанда көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен.
Көрсетілген ситуациялардың нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік құралдарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.
Жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сияқты криминалистік сипаттағы мұндай элементтерді қарау кезінде, бұл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298-299 баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындығын ескеру қажет.
Жол-көлік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуға – көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әрекеттер жатады.
Сонымен қатар жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізушілердің құқыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықты шамасынан артық күшейтуден, озып өту, қатар жүру мен жылдамдық ережелерін бұзудан; қарама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылысқан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; фар жарығымен жолды көрсетпеуден; теміржолдан өту қозғалысы бойынша ережелерді бұзудан; жол қозғалысына қауіп төндіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден.
Тұлғалардың көлік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеулер адам организміндегі елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның автокөлік, мотоцикл, трактор және басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізу қабілеттілігін төмендететіндігін дәлелді нақтылайды.
Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байланысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көліктік мекемелердегі өкілетті тұлғалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады.
Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылған дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т.б..
Қылмыскерлер көбінде қылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып көміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілердегі зақымдану іздерін жоюға тырысады.
Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән. Бұларға – жолдағы қозғалыс, сырғанау іздері, көлік құралдарындағы, жердегі құрылыстардағы зақымдану іздері, жүргізушілердің, жануарлардың, жаяу жүрген адамдардың зақымдану, жарақат алу іздері жатады.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік құралдары мен құрылыстардың, объектілердің бұзылуымен, болмаса жойылып-құруымен байланысты материалдық шығындардың болатындығы сөзсіз.
Зардаптың өте ауыр түріне – адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әрекеттер де келтірілуі (жарылғыш, қауіпті уытты және радиоактивті заттарды тасымалдаушы көлік құралдарының апатқа ұшырауы ) мүмкін.
Жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистік сипаттамасында тұлғалардың жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бұзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың өздері орындамауы, болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сақтауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т.б..
Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады:

  • жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы. Мысалы, белгілі бір жерге тезірек жетуге ынталану немесе өз ісінің дұрыстығын бекіту нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттер;

  • өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мөлшердегі заттарды жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы).

Нақты жағдайда субъект нормативтік талаптарды елемейді, себебі оларды формальды түрде орындаудың қажеті жоқ, тіптім нақты ситуацияда ол талаптарды орындау артығырақ деп санай келе, бұл жерде қауіпсіздік ережелері бұзылса нәтижесі ешқандай ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды деп ойлайды.
Қауіпсіздік ережелерін қасақана сақтамау әрекеттері (әрекетсіздіктері) келтірілетін зардаптарға байланысты қылмыстық өзіне сенушілікпен ұлғасуы мүмкін. Кінәлі тұлға болатын ситуацияны алдын ала біле тұра жеңіл ойлылықпен немесе өзінің жүргізушілік тәжірибесіне, әккілігіне және т.б. сенуімен ереже тәртіптерді қасақана бұзады. Мұнда жол-көлік қозғалысы ережелерін қасақана бұзу ниеттері, бұл қылмыстардың келтірілетін зардабына қатысты субъектінің абайсызда жасағандығын куәландырады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу кезіндегі жағдайлар, яғни орны, уақыты және басқа да жағдайлар криминалистік мәнге ие болады.
Жол жағдайы объективті және субъективті жағдайлардан тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жүргізушімен көлік құралын жүргізу кезінде ескерілуі керек. Мысалы: түнгі уақытта жарықтандырудың және жолды жөндеу жағдайларының дұрыс болмауы, жаяу жүрушілер мен жүргізушілердің мінез-құлық, жүріс-тұрыс және жылдамдық жағдайлары және т.б.
Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында автокөліктердің үзіліссіз шамадан тыс көп жүруі кезінде, сондай-ақ ауа райы нашар болған күндері (жаңбырлы, қарлы, боранды т.б.), түңгі уақыт аралығында жол-көлік оқиғаларының орын алуы байқалынады.
Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де криминалистік мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталықтарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс қолдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі. Техникалық ақаулықтағы автокөлікті жүргізу кезінде көбінде ауыр зардаптарға әкелетіндей апаттар болып жатады.
Жол-көлік оқиғасы – себептер мен салдардың жиынтығын құрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудың ақиқатты себептерін анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен қатар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға жалпы мыналар жатады: көлік құралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік құралдарының, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті қозғалысты бақылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуесқой) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет