Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Брагоректификациялық қондырғылардың негізгі типтері. Спирттің шығымы, оның шығындары



бет43/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Брагоректификациялық қондырғылардың негізгі типтері. Спирттің шығымы, оның шығындары

ТМД спирт зауыттарында типті ретінде жанама әрекетті қондырғылар қабылданған. Олар жұмыста тұрақты, басқару мен пайдалануда оңай, спирттің жоғары сапасын қамтамасыз етеді; ректификацияда бөлінген қоспалар концентрацияланған түрінде шығарылады.
Өнеркәсіппен өнімділігі тәулігіне 1000, 1500, 2000 дал спирт шығаратын 3 не 4 колоннасы (соңғы тазалау колоннасымен) бар және тәулігіне 3000 және 6000 дал спирт беретін (екі қосымша колоннасы бар: соңғы тазалау және сивуш) БРҚ-лар жасап шығарылады. Ірі зауыттар қатарында сонымен қатар басты фракциядан спиртті бөлу үшін тарату колоннасы орнатылады.
Сур. 8.2-де типті 3 колонналы жанама әрекетті қондырғының аппаратуралық-технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген.
Ашымақ колоннасында тәрелке аралық арақашықтығы 280-550 мм 21-28 бірқалпақшалы немесе електі тәрелкелер бар. Електі тәрелкелермен өнімділігі 3000 дал/тәул және одан көп қондырғылардың ашымақ колонналары жабдықтанған.
Эпюрациялық колоннада өнімділігінен тәуелсіз тәрелке аралық арақашықтығы 170 мм 39-41 көпқалпақшалы тәрелкелер болады.
Спирт колоннасында эпюрациялық колоннадағы сияқты типті тәрелке аралық арақашықтығы 170 мм 71-74 көпқалпақшалы тәрелкелері бар.
Колонналар ашық немесе жабық бумен жылытылады. Олардың әрқайсысына бу конденсациясы үшін жылу алмастырғыштар қосылған.
Қондырғыға келген ашымақ ашымақ жылытқышын 8 өтеді, онда 70-85 0С температураға дейін қыздырылып, сепараторда 5 СО2 және басқа конденсацияланбайтын газдардан босатылады, кейін ашымақ колоннасына 1 енгізіледі.
Конденсацияланбайтын газдармен бірге спирт буларының біраз мөлшері кетеді. Спиртті СО2-ден ұстау үшін конденсатор 4 орнатылған, одан конденсат эпюрациялық колоннаның жоғарғы бөлігіне бағытталады. Төменгі бөлігінде ашымақ колоннасына сынама тоңазытқышы 12 бар гидравликалық бекітпе 13 қосылған.
Ашымақ колоннасынан спиртті-сулы бу көбік ұстағыштан (кейде оны колоннаның ішіне жасайды) өтеді, ашымақ жылытқышында ішінара (50% шамасында) конденсацияланады және колоннаға флегма (дефлегматордағы конденсацияланған сұйықтық) түрінде қайтып келеді.
Будың қалған бөлігі суытқыш суға конденсация жылуын бере отырып, негізгі 6 және қосымша конденсаторда 7 конденсацияланады.

Сур. 8.2
Алынған күшітілігі 40-50% ашымақ дистилляты эпюрациялық колонна 2 қуаттануы үшін төмендегі 20, 27 немесе 36 тәрелкелерге бағытталады. Эпюрациялық колоннадан шығатын бу, негізінен, дефлегматорда 15 және суытқыш сумен жылудың алынуы нәтижесінде аздаған бөлігі конденсаторда 16 конденсацияланады. Конденсаторда конденсацияланатын будың бөлігі басты және соңғы қоспалардың максималды концентрациясына ие және басты фракция (БФ) деп аталады.
Басты қоспалар көпшілігінің булану коэффициенттері спирт концентрациясы төмендеуімен үлкейетінін ескере отырып, олардың эпюрациялық колоннаға толығырақ бөлінуі үшін судың берілуі ескерілген. Бұл амал гидроселекция атауын алған. Колоннаға беруге болатын судың шекті мөлшері – 1 кг енгізілген спиртке 0,9 кг. Бұл жағдайларда сірке-этил және сірке-изоамил эфирлерінің бөлінуі жақсарады, бірақ сірке альдегидінің алынуы біраз нашарлайды. Сірке альдегидінің бөліну үдерісін жақсарту үшін колоннаға буды беруді арттырған жөн.
Басты және ішінара соңғы қоспалардан босатылған ашымақ дистилляты – күштілігі 30-35% спирт-эпюрат спирт колоннасын 3 қуаттандыруға төмендегі тәрелкеге 16 келеді. Спирт колоннасы дефлегматор 17 және конденсатормен 18 жабдықтанған. Сулы-спиртті булардың бір бөлігі дефлегматорда конденсацияланады және колоннаны қуаттандыруға қайтып келеді. Будың ең көп бөлігі конденсаторға бағытталады, онда конденсациядан соң эпюрациялық колоннаның жоғарғы бөлігіне берілетін пастерленбеген дейтін спирт түзіледі. Ол конденсатордан жоғарыдағы 1-3 тәрелкелерден 3% мөлшерінде іріктеліп алынады. Онымен спирт колоннасының пастеризациялық бөлігінде (ректификацияланған спиртті іріктеу жерінен жоғарырақ) бөлінетін және концентрацияланатын басты және соңғы қоспалар алынып кетеді. Бу жылудың суытқыш сумен алынуы есебінен конденсацияланады.
Спирт-ректификат (пастеризацияланған спирт), әдетте, жоғарыдағы 4-10 тәрелкелерден іріктелінеді, тоңазытқыш 20 арқылы өтіп, шам 19 арқылы спирт қабылдау бөліміне және спирт есебі үшін бақылау снарядына 23 бағытталады.
Аралық қоспалар спирт колоннасынан екі өнім – сивуш (бу тәрізді) фракциясы және сивуш спирті түрінде шығарылады.
Сивуш спирті 2% мөлшерінде сұйық немесе бу тәрізді күйінде 17, 20 және 25 тәрелкелерден іріктелінеді және ашымақ немесе эпюрациялық колоннаға бағытталады немесе тауарлық өнім ретінде шығарылады. Сивуш фракциясы 3-4% мөлшерінде бу күйінде төмендегі 5, 7, 9 және 11 тәрелкелерден іріктеліп алынады, конденсацияланады, тоңазытқышта 21 суытылады және сумен жуу жолымен этанолдан босатылу үшін экстракторға 22 бағытталады.
Сивуш фракциясымен бірге, негізінен, төменгі аралық қоспалар – изоамил, изобутил және ішінара пропил спирттері, сивуш спиртімен – жоғарғылары (эфирлер мен ішінара пропил спирті) шығарылады.
Конденсация, суыту және сивуш фракциясынан спиртті экстракциялаудан кейін тауарлық өнім ретінде шығарылатын сивуш майын алады. Сивуш спирті суытылады және қондырғыдан қосалқы өнім түрінде алынып тасталады. Экстрактордан жуу суы спирт колоннасына төменгі 12-14 тәрелкелерге қайтып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет