Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


-ТАРАУ. АРАҚ ЖӘНЕ ЛИКЕР-АРАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет46/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)
10 сынып БЖБ 2 тоқсан, Билет8., Әмірғали Диана БҚБ-303 ОСӨЖ 2 СБ, дүниетану тест
2-ТАРАУ. АРАҚ ЖӘНЕ ЛИКЕР-АРАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  1. АРАҚ ЖӘНЕ ЛИКЕР-АРАҚ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ



    1. Арақ ассортименті және сипаттамасы

МЕМСТ Р 51355-99 сәйкес арақ деп сулы-спиртті ерітіндіні арнайы сорбентпен өңдеумен, ингрединттер қосып немесе қоспай, келесі сүзумен алынған, күштілігі 40,0-45,0%, 50,0% және 56,0% спиртті ішімдіктерді атайды.
Ликер-арақ өнеркәсібімен арақтар және ерекше арақтар өндіріледі. Физико-химиялық көрсеткіштер бойынша арақтар мен ерекше арақтар кесте 9.1-де келтірілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Кесте 9.1 – Арақтар және ерекше арақтардың физико-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

Спирттен жасалған арақтар үшін норма

Спирттен жасалған ерекше арақтар үшін норма

Жоғары тазалықты

«Экстра»

«Люкс»

Жоғары тазалықты

«Экстра»

«Люкс»

Күштілігі, %

40,0-45,0; 50,0; 56,0

40,0-45,0

Сілтілігі – концентрациясы (HCl)=0,1 моль/дм3 100 см3 арақты титрлеуге жұмсалған тұз қышқылының көлемі, см3 көп емес

3,0


2,5


2,0


3,0


2,5


2,0


1 дм3 сусыз спирттегі альдегидтердің массалық концентрациясы, мг көп емес

8,0


4,0


3,0


8,0


5,0


4,0


1 дм3 сусыз спирттегі сивуш майының (1-пропанол, 2-пропанол, изобутил спирті, 1-бутанол, изоамил спирті) массалық концентрациясы, мг көп емес

8,0

6,0

6,0

8,0

6,0

6,0

1 дм3 сусыз спирттегі күрделі эфирлердің массалық концентрациясы, мг көп емес

15,0

10,0

5,0

20,0

15,0

10,0

Сусыз спиртке қайта есептегенде метил спиртінің көлемдік үлесі, % көп емес

0,03


0,02


0,02


0,03


0,02


0,02

Органолептикалық көрсеткіштерге қойылатын талаптарға сәйкес арақ сыртқы түрі бойынша – бөгде қоспаларсыз мөлдір сұйықтық, түсі бойынша – түссіз сұйықтық, бөгде дәм мен хош иіссіз, арақтың осы типіне тән дәм мен хош иіске ие болуы тиіс. Арақтардың дәмі араққа тән, жұмсақ, хош иісі араққа тән, ерекше арақтардың дәмі жұмсақ, хош иісі өзіндік ерекше болуы тиіс.
Арақтарға өзіндік дәмі мен хош иісін қалыптастыру үшін түрлі тұздар (ас тұзы, қоскөмірқышқылды натрий және басқа), қышқылдар, астық өнімдерінің тұндырмаларын, ерекше арақтарға бал, өсімдік шикізатының тұндырмалары, хош иісті спирттерді енгізеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет