Суға қойылатын талаптар. Суды дайындау тәсілдері
Су дайын өнімнің негізгі көлемін құрайды, сондықтан оның сипаттамасы арақтар және ликер-арақ өнімінің сапасына елеулі әсер етеді. Су ауыз суы ретінде гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс, алайда кейбір көрсеткіштер бойынша оның сапасы кәдімгі ауыз суына қарағанда қатаң регламенттеледі.
Ликер-арақ өнімдерінің суына қойылатын талаптар кесте 9.2-де көрсетілген.
Кесте 9.2 – Технологиялық мақсаттағы судың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Технологиялық өңдеуден кейін бастапқы кермектігімен (max)
|
1 мг-экв/дм3-ге дейін
|
1 мг-экв/дм3-ден көп
|
Кермектігі, мг-экв/дм3
|
1
|
0,2
|
Сілтілігі, концентрациясы 0,1 моль/дм3/100 см3 HCl ерітіндісінің см3
|
1
|
4
|
Қышқылдануы, мг О2/дм3
|
6
|
6
|
Құрғақ қалдық, мг/дм3
|
100
|
500
|
Fe, мг/дм3
|
0,1
|
0,15
|
Si, мг/дм3
|
3,0
|
7,0
|
PO4, мг/дм3
|
0,1
|
0,1
|
Табиғи судың көрсетілген талаптардан ауытқушылықтары – құрамында кермектік иондары, сілтілік, темірдің жоғарылатылған мөлшері, қалқымалар, коллоидтар, органикалық ластанулар және басқа болуы мүмкін.
Кермек су ликер-арақ өнімдері және арақтардың органолептикалық көрсеткіштерін нашарлатады. Су кермектігінің тұздары спиртте нашар ериді, сол себепті кермек суды қолдану дайын өнімде тұнбалар, қалқымалар, бөтелкенің аузындағы кермектік «сақиналарының» пайда болуына әкеледі. Темір, кальций, магний иондары ликер-арақ өнімдері өндірісінде лимон қышқылымен, тұндырмалар, спирттелген шырындар мен морстардың илік, пектинді заттарымен әрекеттеседі, ол да ішімдіктердің лайлануына, лимон қышқылының артық шығындарына әкеледі.
Суды дайындау тәсілдері бастапқы судың түрлі құрамына қарай әртүрлі, оған бір немесе бірнеше операция кіреді.
Бастапқы судың құрамына байланысты суды дайындау бойынша негізгі ұсыныстар:
Су барлық талаптарға жауап береді:
а) тек сүзу;
б) құрғақ қалдықтың жоғарылатылған мөлшерінде – коагуляциялау.
2. Кермектігі жоғарылатылған су:
а) кермектігі жоғарылатылған су (құрғақ қалдығы – 500 мг/дм3, сілтілігі – концентрациясы 0,1 моль/дм3/100 см3 HCl ерітіндіснің 4 см3-ге дейін) – Na-катиониттеуді пайдалану ұсынылады;
б) дәл сол, тек қышқылдануы жоғарылатылған (6 мг О2/дм3-ден аса), Fe, Si, PO4 иондары бар. Алдын-ала тазалау, яғни Fe, органикалық заттарды жойып тастау, одан кейін Na-катиониттеу ұсынылады;
в) жоғарылатылған сілтілік және жоғарылатылған кермектік – Na-катиониттеу және қышқылмен қышқылдату;
3. Құрғақ қалдығы 500 мг/дм3-ден көп болғанда – иониттермен тұзсыздандыру.
4. Құрғақ қалдығы 3000 мг/дм3-ге дейін болса – кері осмос.
Суды жұмсарту үшін «Сала технологиясы» курсының 1-бөлімінде жан-жақты қарастырылған ионалмасу тәсілдері ең кең тараған.
Әдетте, зауыттарда Na-катиониттеу тәсілін қолданады. Дегенмен, оны бастапқы судың кермектігі 7 мг-экв/дм3-ден аспаса пайдалануға болады. Жұмсартудың бұл тәсілі судың кальций мен магний иондарының катиониттегі болатын натрий иондарын алмасуына негізделген. Бұл кезде өңделген суда кальций немесе магнийдің бір ионы натрийдің екі ионына алмасуы есебінен сілтілік және құрғақ қалдық артады. Катиониттің алмасу сыйымдылығы таусылған жағдайда оны ас тұзының ерітіндісімен регенерациялайды.
Судың бастапқы кермектігі жоғарырақ болғанда, Na-катионитті тәсілдің кемшіліктері болмайтын жұмсартудың Н-катионитті тәсілін қолданады, алайда ол қымбаттау, өйткені регенерация үшін тұз немесе күкірт қышқылдарының ерітінділерін пайдаланады. Оған қоса, бағаналарды жасау мен коммуникациялар үшін коррозияға тұрақты материалдарды пайдалану қажет, қышқылдылығы жоғарылатылған жуу суларын түсіргенде, тазалау жүйелеріне салмақ артады.
Параллель Na- және Н-катиониттеуді немесе жұмсартудың басқа да аса заманауи тәсілдерін пайдалануға болады: электродиализ, кері осмос.
Коагуляцияға құмды сүзгі арқылы жойылмайтын лайы тұрақты су ұшыратылады. Fe органикалық тұздары, кремний, гумин қышқылдары, олардың тұздары және өзге органикалық коллоидтармен жасалады.
Коагулянт ретінде глинозем Al2(SO4)3 ∙ 8H2O немесе темір купоросын FeSO4 ∙ 7H2O пайдаланады. Коагулянттың керекті мөлшерін тәжірибелік жолмен анықтайды, коагуляциялау әлсіз сілтілік ортада, сөндірілген әкпен жасалатын 8,2-ден аспайтын рН болғанда жүреді.
Коагулянт тұндыру құмды сүзгі арқылы сүзу
2-3 сағат
Сілтілік ортада жетілген сорбциялық беті бар үлпек түрінде тұнбаға түсетін және қоспаларды сорбциялайтын алюминий не темір гидрототықтары түзіледі. Коагулянт бөлшектері оң, кремний қышқылының молекулалары, гуминді заттар теріс зарядталған, олардың өзара бейтараптануы өтеді, сонымен бір мезгілде карбонатты (уақытша) кермектік азаяды.
Түссіздендіру және дезодорациялау. Егер түс, иіс коагуляциямен жойылмаса, онда суды өңдеудің қосымша әдістерін қолданады.
Түстілік Fe(HCO3)2 – шала тотық карбонаты түріндегі темірден туады, оны градирняларда немесе деферризаторларда ауамен үрлеу арқылы жояды. Fe(OH)3 тұнбасы түзіледі, кейін оны құмды сүзгілер арқылы сүзумен алады.
Темірсіздендіру үшін, сонымен қатар кварц жүктемесі бар құмды сүзгілер арқылы сүзуді қолданады.
Реагентсіз тәсіл немесе кварц құмын модификациялайтын реагенттермен өңдеуді пайдаланады. Реагентсіз тәсілде құрамында темір және оттегі болатын суды кварц қабаты арқылы сүзгенде, оның түйірлерінің бетінде Fe2+ және Fe3+ тотықтарынан каталитикалық қабық түзіледі. Бұл қабық сүзгімен Fe(OH)3 түрінде бөгелетін Fe3+ тотығуы мен бөліну үдерісін қарқындатады.
Егер реагентсіз тәсіл нәтиже бермесе, онда кварц құмының бетін FeSO4 және KMnO4 ерітінділерін енгізе отырып, Fe гидрототығы мен Fe қостотығынан тұратын қабықпен қаптайды.
Органикалық заттарды жою үшін суды дезодорациялайды. Суды судың қышқылдануын төмендететін және Fe2+ иондарын жоятын KMnO4 ерітіндісімен өңдейді. Бұдан кейін суды Na-катионитті тәсілмен жұмсартады және суды 0,5-1,0% HCl ерітіндісімен өңдеумен минералды заттары жойылған белсенді көмірмен тазалап бітеді. Суды, соның ішінде «Пшеничная» арағын дайындауға арналған суды БАУ-А немесе ДАК маркалы кәдімгі көмірмен өңдеуге болады. Суды өңдеуге дейін және одан кейінгі қышқылдануындағы айырма – 0,2-0,3 мг О2/дм3-ден кем емес.
Суды толығымен тұзсыздандыру үшін дәйекті түрде Н-катиониттеу мен ОН-аниониттеу, кері осмос, дистилляцияны қолданады.
Алайда суды тұзсыздандыру суды дәмсіз етеді, бұл арақ дәміне кері әсерін тигізеді. Арақ өндірісі үшін судың оңтайлы тұздық құрамы жайлы бірыңғай пікір жоқ, бірақ та аздаған мөлшерде натрий, калий, кальций гидрокарбонаттары, калий мен натрий хлоридтері арақтың органолептикалық қасиеттеріне жағымды әсер етеді деп саналады. Зерттеушілер қатарымен деминералданған суға осы тұздардың нормаланған мөлшерін қосуға немесе деминералданған суды су құбырынан сумен шамамен 0,2 мг-экв/дм3 кермектік алынғанша араластыруға ұсынылады, бұл суға үйреншікті дәм береді.
Достарыңызбен бөлісу: |