Көмекші материалдарға өнімдер құрамына тікелей кірмейтін, бірақ өндірістің түрлі сатыларында қажетті шикізат түрлерін жатқызады. Оларға коагулянттар, иониттер, қышқылдар, иониттер регенерациясы үшін ас тұзы, залалсыздандыру құралдарын және т.б. жатқызады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары Арақтар және ликер-арақ өнімдері өндірісінің негізгі шикізатын атаңыз.
Арақтарға қойылатын негізгі талаптар және классификациясын келтіріңіз.
Ликер-арақ өндірісінің суына қойылатын талаптарды атаңыз, оларды өнім сапасына әсер ету тұрғысынан негіздеңіз.
Арақтар және ликер-арақ өнімдері өндірісіне арналған табиғи суда судың сапалық көрсеткіштерінен қандай ақауларын түзету керек?
Әртүрлі сұрыпты спирттің сапасы қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады?
Спирт қоспалары арақтар мен ликер-арақ өнімдерінің қай көрсеткіштеріне әсер етеді? Олардың химиялық сипаттамасын беріңіз және органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштерге мүмкін әсерін түсіндіріңіз.
Ликер-арақ өнеркәсібінде пайдаланылатын өсімдік шикізатына сипаттама беріңіз классификациясын келтіріңіз. Оларды пайдалану жолдарын және сақтау шарттарын атаңыз.
Қосымша шикізатқа шикізаттың қандай түрлері жатады? Ол қандай мақсаттарға қолданылады?
Қосымша шикізатқа не жатады? Оны ликер-арақ өндірісінде қолдану мақсаттары қандай?