Артқы қоспалар ұшқыштығы этил спиртінен әрқашан төмен болады, сондықтан К’ < 1. Артқы қоспаларға сірке қышқылы, фурфурол, суды жатқызады.
Аралық қоспалар екі түрлі қасиетке ие: спирттің жоғары концентрацияларында олар артқы қоспалар сияқты, ал төмен концентрацияларында басты қоспаларға тән қасиет көрсетеді. Спирттің белгілі концентрациясында олардың К’ = 1. Әрбір аралық қоспаның өзінің максималды жиналу аймағы бар, онда К’ 1-ге тең, осы аймақта оны іріктеуді жүзеге асырады. Этанол концентрациясы ≥ 70% көл. кезінде К’ = 1 болатын аралық қоспаларды шартты түрде жоғарғы, этанолдың азырақ концентрацияларында төменгі қоспалар деп атайды. Жоғарғы аралық қоспаларға, мысалы, изопропанол, изовалериан-этил, изомайлы-этил эфирлері жатады. Төменгі аралық қоспаларға сивуш майының барлық спирттері (изопропанолдан басқа), изовалериан-изоамил, сірке-изоамил эфирлері жатады.
Аралық қоспаларда сияқты соңғы қоспалар үшін де екі түрлі қасиет тән, алайда олар спирттің жоғары концентрацияларында басты қоспалар секілді және спирттің төмен концентрацияларында артқы қоспалар тәрізді қасиет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |