Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Өсімдік шикізаты. Оны сақтау шарттары



бет49/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Өсімдік шикізаты. Оны сақтау шарттары

Арақ және ликер-арақ өнімдері өндірісінде өсімдік шикізатының 100-ден аса түрлері пайдаланылады.
Өсімдіктердің қолданылатын бөлігіне қарай, бұл технологиялық көзқарастан аса ыңғайлы, өсімдік шикізатын 5 топқа бөледі:

  • шөптер және жапырақтар;

  • тамырлар мен тамырсабақтар;

  • гүлдер;

  • ағаш қабығы;

  • жемістер мен жидектер.

Алғашқы үш топта хош иісті және хош иісті емес шикізатты ажыратады, осыған сәйкес сақтау шарттары мен оларды пайдалануға талаптар әртүрлі болады. Хош иісті шөптерге арамшағыр, иссоп, жаужапырақ, жалбызды; хош иісті еместерге трифоль, сасықшөпті, т.б. жатқызады. Хош иісті тамырларға калган, жанжабілді, хош иісті еместерге генциан тамыры, мия, қызғылт симізот тамырларын жатқызады. Шикізаттың үшінші тобында тек хош иісті заттарға бай гүлдер мен гүлшоғырларды (қалампыр, акация, мойыл, раушан гүлдерін, т.б.) қолданады. Хош иісті, күйдіргіш-татымды, ауызды қуыратын дәмі бар өсімдіктердің (емен, даршын ағашы, хина қабығы және басқа) қабығын пайдаланады.
Жемістер мен жидектер шикізаттың ең ауқымды тобын құрайды. Жемістерге тек дәстүрлі түрлерді –алма, алмұрт, шетенді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өсімдіктердің құрғақ жемістерін де – біртұқымды: бәден, кофе, кубеба, бадам, қара бұрыш; көптұқымды: ерең, ваниль, кардамон, какао бұршақтары, аскөкті және т.б. жатқызады.
Цитрус жемістерінен де кептірілген және жаңа піскен қабықтарын пайдаланады: апельсин, лимон, мандарин және т.б.
Жемістер мен жидектерді жаңа піскен, сонымен бірге кептірілген түрінде пайдаланады. Ең жиі жаңа піскен мүкжидек, итбүлдірген, кептірілгендерінен – қара өрік, кептірілген өрік, шие, шетен, мойылды қайта өңдейді.
Зауытқа шикізат түріне байланысты әртүрлі ыдыстарда келіп түседі. Құрғақ жемістер – кендір немесе қағаз қаптарда, шөптер, тамырлар, тамырсабақтар – кенеп теңдерде, бағалы хош иісті шикізат – парафин құйылған шыны герметикалық жабылған аузы кең құтыларда, кептірілген жеміс-жидекті шикізат, какао бұршақтары, бұрыш, шай – картон қораптарда немесе шере жәшіктерде. Жаңа піскен жеміс-жидекті шикізат жәшіктер, бөшкелер, себеттер, електерде (бүлдірген, таңқурай және басқа) жеткізіледі.
Кептірілген шикізат түрі мен ыдысына байланысты құрғақ қоймаларда 4 0С-қа дейін температурада 1,5 жылдан 6 айға дейін сақталады. Жаңа піскенін ашық алаңдарда шикізат түріне байланысты 6-12 сағат аралығында, салқындатылатын қоймаларда 0-минус 0,5 0С температурада 7 тәуліктен (бүлдірген, таңқурай) 240 тәулікке дейін (мүкжидек), ал қысқы сұрыпты алмаларды 360 тәулікке дейін сақтайды.
Барлық шикізат бұзылу белгілерінсіз, ластанбаған, зиянкестермен зақымданбаған болуы тиіс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет