Түскен шағымдар бірқатар жағдайларда өтініштерді мемлекеттік органдармен қарау мерзімін созуын, азаматтықты тіркеу, алу және жоғалту рәсімдерін іске асыру үшін құжаттарды алу тетіктерін қысқарту қажеттілігін куәландырады.
Уәкіл балалар құқығының бұзылуына қатысты шағымдарға ерекше назармен қарайды. Есептік кезеңде осындай 32 шағым түсті (2,4%). Шағымданушылар алимент мөлшерін өндіру және белгілеу туралы сот шешімдерін орындамау, медициналық көмек көрсету, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тұрғын-үй мәселелері бойынша мәселе көтереді.
Балаларды асырауға алимент өндіру күрделі проблема болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге осы мәселе бойынша түсетін шағымдар саны да осыны айғақтайды. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес балаларды асырау ата-аналардың міндеті болып табылады.
Алайда, көптеген жағдайда ата-аналары айырылысқан кезде балалар оларды асырау бойынша барлық ауыртпалықты көтеретін аналарымен бірге қалады.
Соттардың алимент өндіріп беру туралы шешімдерінің орындалмауына қатысты шағымдарды қарауы барлық жағдайда оң шешімін таппайды. Бұл жағдай әртүрлі себептерге байланысты болып келеді. Кейбір жағдайларда борышкерлер жұмыс орнын не тұрғылықты жерін ауыстыра отырып, жалақы көлемін әдейі төмендете отырып алимент төлеуден қасақана жалтарады, басқа жағдайларда сот орындаушыларының сапасыз жұмысы себеп болады.
Б. (31.01.07 кіріс № 103/03), Р. (10.05.07 кіріс № 452/03), Ж. (14.05.07 кіріс № 4457/03), Ж. (04.07.07 кіріс № 641/03) өтініштерін қарау соттардың алимент өндіріп беру туралы шешімдерінің орындалмауы сот орындаушыларының әрекетсіздігіне байланысты екендігін көрсетті. Борышкерге іздеу салу, өндіріп алушы мен борышкердің қандай да бір келісімге келуі секілді соттардың шешімдерінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұзарту элементтері сот орындаушыларының белсенділігіне байланысты. Жоғарыда аталған істер бойынша соттардың шешімдерін орындау кезінде бұзушылықтарға жол бергені үшін, сондай-ақ әрекетсіздігі үшін Алматы облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы Ж. сөгіс жарияланды, Шығыс Қазақстан облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы М. қызметінен босатылды, Павлодар облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы К. тәртіптік жазаға тартылды.
Баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесіне қатысты өтініш М. өтініші болып табылады (06.08.07 кіріс № 755/03). Соттың шешімімен өтініш берушінің баласының оның ажырасып кеткен әкесімен бірге тұратын тұрғылықты жері анықталды. Өтініш иесі соттардың шешімдерімен келіспейді, алайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аталған өтініштің өндіріске және қарастыруға қабылданбауына байланысты соттардың әрекеттері мен шешімдеріне құзыреті жоқ.
Осылайша, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен шағымдарды талдау олардың санының аздығын және әртүрлі сипаттағы өтініштер болып табылатындығын көрсетеді. Өтініштердің көпшілігі, өткен жылдардағыдай, алимент өндіріп алу мәселесіне қатысты. Алиментті қасақана төлемеуші балалардың әкелері өз балаларын ұстау бойынша елдің заңнамасында көзделген міндеттерін орындамайды. Кәмелетке томағандар ісі жөніндегі комиссияның балаларды асырау және тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарға немесе кәмілетке толмағандардың өзге де заңды өкілдеріне ақпал ету шараларын қолдану бойынша қызметін белсендіру қажет.
Денсаулық сақтау құқығы азаматтар үшін аса маңызды құқықтардың бірі болып табылады. Адам құқықтары жніндегі уәкілге келіп түскен өтініштердің жалпы санының 2% құрайтын өтініштер денсаулық сақтау саласында адам құқықтарының бұзылуы жиі кездесетін жағдай екендігін куәландырады.
Өтініштердің көптеген бөлігі көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына, дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының шешімімен келіспеуге, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға қатысты болып келеді.
Мысалы, Уәкілеге Л. (24.08.07 кіріс № 824/03) Жетіқара аудандық ауруханасы дәрігерлерінің әрекеттеріне шағымы келіп түсті. Аталған өтініш бойынша құзыретті мемлекеттік органға сауал жолданды. Іс бақылауда тұр.
Алматы қалалық жұқпалы аурулар жөніндегі клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің әрекеттері мен дөрекілігіне А. шағым (03.08.07 кіріс № 746/03) жасады. Оның бес жасар қызының емделуі барасында дәрігерлер ата-анасының рұқсатынсыз пункция жүргізген.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауалы бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «ҚР азаматтардың денсаулықтарын сақтау туралы» Заң нормаларының бұзылуы фактісі анықталды, пункция ата-аналарға хабарлаусыз және жазбаша келісімінсіз жасалған. Кінәлі адамдарға әкімшілік жаза қолдану туралы ұсынысы бар материал аурухана басшылығына жолданды. Бұған қоса, өтініш иесінің қызы стационарлық емделу үшін Педиатрия және балаар хирургиясы ғылыми орталығының консультативтік-диагностикалық ауруханасына жіберілді.
Б. Текелі қалалық ауруханасы дәрігерлерінің немқұрайдылығы мен қате қойылған диагнозы нәтижесінде оның баласына тиісті медициналық көмек көрсетілмегендігіне, бұл баланың өліміне алып келгендігіне шағымданады (16.11.07 кіріс № 1124/03).
Қылмыстық істің мән-жайын тексеру нәтижелері бойынша емдеуші дәрігер Ш. ҚР-сі ҚК-нің 114-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа тапсырылды. Алматы қаласындағы көшпелі сот процесінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Сот медицинасы орталық зертханасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларынан жауап алу нәтижесінде сотталушы Ш. кінәсі туралы материалдарда даулы сәттер туындады.
Қосымша тергеу жұмыстарын жұргізу қажеттілігіне, сондай-ақ сарапшылардың шешіміне жаңа сұрақтар қою отырып кешенді сот-медициналық сараптама тағайындауға байланысты Текелі қалалық сотының 2006 жылғы 18 қазандағы қаулысымен қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді.
2006 жылғы 1 желтоқсанда тергеу органы ҚР ҚІЖК-нің 50-бабы 1 тармағының 8-тармақшасы негізінде іс тоқтатылды және іс кешенді сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Алматы қаласына жолданды. 2007 жылдың сәуір айында Текелі ҚІІБ ТБ қаулысымен Ш. қатысты қылмысты іс «дәлелденбеуіне байланысты» тоқтатылды.
Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының 2007 жылғы 2 ақпандағы қорытындысына сәйкес жүргізілген ем диагнозға сәйкес келмейді, дер кезінде қойылған диагноз кезінде өлім қаупі төмен болуы мүмкін.
Осыған байланысты, жаңа мән-жайларды ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сот сараптамасы орталығының қорытындысын назарға ала отырып, Ұлттық орталық Б. қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру туралы өтінішпен Бас прокуратуға жүгінді.
Зейнеткер Г. кентте мамандандырылған дәрігер-психиатрдың жоқтығына, сондай-ақ Степногорск қалалық ауруханасында, оның пікірі бойынша, өзінің 67 жастағы қарт адам болуына байланысты оны емдеуден бас тартылғандына шағымданған өтініші (05.11.07 кіріс № 1021/03) келіп түсті.
Денсаулыққа тигізген зиянға өтемақы төлемеу мәселесі өзекті болып табылады.
Мысалы, ТМД елдерінен, әсіресе Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағында еңбек еткен, жұмыста зақым алған және мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарынан өтініштер келіп жатады. Көптеген кәсіпорындардың мұрагерлік құқығы белгіленбегендіктен жойылуы себепті өтініш иелері денсаулықтарына келтірілген зиян үшін ақшалай өтемақыларын ала алмайды. Капитализация схемасына сәйкес келтірілген залалға тағайындалған сомаға белгіленген мерзімде өтініш білдіре алмаған шағымданушылар да кездеседі. Бұл мәселе К. өтінішінде (19.03.2007 кіріс № 259/03) көтеріледі. Өтініш иесіне түсінік берілді.
Субъективтік сипаттағы және өтініш иесінің тексеру кезінде расталмаған пікірлеріне ғана негізделген өтініштер бар. Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Г. (26.01.07 кіріс № 1171/03-77(2), 29.03.07 кіріс № 13/03-77-293(5) бірнеше рет жүгінді. Өтініштің мазмұны бойынша, өтініш иесі әйелінің өлімі Саумалкөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің емдеуге немқұрайды қарағандығы және Астана қаласындағы Республикалық ауруханаға емделуге жолдама беруден бас тартқандығы себеп болды деп есептейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, тексеру барысында комиссия емделуші Г. Айыртау орталық аудандық ауруханасында және емханасында қаралған және емделген уақытта медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда кемшіліктер болғандығын анықтаған. Алайда Г. емдеу дер кезінде, толығымен жүргізілген. Сонымен бірге, облыстық ауруханада қойылған диагноз бойынша Г. жағдайының ауырлығы ескеріле отырып, оған облыстық ауруханада емдеу көрсетілген.
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша шағымдарға жасалған талдау кейбір медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін атқаруға немқұрайды қарайтындығын, емделушілерді дер кезінде және толық тексеру бойынша шаралар қабылдамайтындығын көрсетеді. Медицина қызметкерлерін жіберілген қателіктері үшін жауапкершілікке тарту сирек кездесетін оқиға. Осыған байланысты, медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігін тұрақты түрде арттыру үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына бақылауды арттыру қажет.
Өтініштердің жалпы санының 1,8 % пенитенциарлық мекемелердің әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне шағымдануды құрайды.
Солардың бірі П. інісі К. мүддесінде ҚАЖК Жамбыл облысы бойынша басқармасының ЖД-158/4 түзеу мекемесі әкімшілігінің інісің жеке басын анықтайтын құжаттарын рәсімдеу бойынша әрекетсіздігіне шағымданған өтініші (03.10.07 кіріс № 928/02). ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына берген жауаптары бойынша, құжаттандыру бойынша барлық тиісті шаралар қабылданған.
Есептік кезеңде жазбаша өтініштердің жалпы санының 1% құраған өтініштер бір пенитенциарлық мекемеден екіншісіне ауыстыру мәселесіне қатысты болып келеді.
Мысалы, Н. сотталған баласы, ҚАЖК Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. мүддесіндегі оны тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруға ықпал етуді сұрайтын өтініші (14.09.07 кіріс № 884/02). Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен және ҚР Бас прокуратурасынан сотталушы тұрғылықты жері бойынша ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша басқармасының ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылғандығы туралы жауаптар келді.
Осындай сипаттағы өтініштердің қатарында Е. сотталған баласы, ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша басқармасының ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. мүддесіндегі өтінішін (27.08.07 кіріс № 831/02) атап көрсетуге болады. Өтініште баласын тұрғылықты жері бойынша ҚАЖК Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/8 мекемесіне ауыстыруға ықпал етуді сұрайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің берген жауабында сотталушы Е. жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған мекемеге ауыстырудан бас тартылғандығы, сонымен бірге оның ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының ОВ-156/6 мекемесіне жолданғандығы туралы хабарланған.
Шартты мерзімінен бұрын босату мәселесіне қатысты шағымдар саны аз санатта қалып отыр (0,7%).
ҚАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасының АК-159/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Т. өтінішін (12.09.07 кіріс № 873/02) мысалға келтіруге болады. Хатта өтініш иесінің шартты мерзімінен бұрын босату туралы ұсынысынан түзеу мекемелеріндегі жазаның орындалуын бақылау жөніндегі мамандандырылған прокурордың заңсыз бас тартқандығы жазылады. ҚР Бас покуратурасның Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына берген жауабында 2007 жылғы 21 қарашада сотталушы Т. шартты мерзімінен бұрын босату туралы түзеу мекемесі әкімшілігінің ұсынымы Шахтинск қалалық сотына енгізілген.
Осыған ұқсас өтініш сотталушы Қ. өтініші (07.09.07 кіріс № 857/03), онда Қ. 2007 жылғы 1 тамыздағы оны шартты мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан сот шемімен келіспейтіндігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 18-тармағына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот әрекеттері мен шешімдеріне байланысты шағымдарды қарамайтындықтан, Қ. өтініші өндіріске қабылданбады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 109-бабы 5-тармағында белгіленген негіз бойынша мекеме әкімшілігінің кешірім жасау туралы ұсынымымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға өтініш білдіруге кеңес берілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау, күш қолдану, басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына шағымданған өтініштері көптеп келіп түседі.
Көптеген жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарының бұзылуына жүргізген жұмыстарының нәтижесінде олар қайта қалпына келтірілді.
Соның бір мысалы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы Оңтүстік Қазақстан филиалының ҚАЖК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ИЧ-167/3 және ИЧ-167/9 мекемелерінде ұсталатын сотталушылардың мүддесіндегі өтініші (05.06.07 кіріс № 531/02) болып табылады. Хатта аталған мекемелерде сотталушылардың құқықтарының, оларды ұстау жағдайларының көптеген бұзушылықтары, оларда ұсталатын адамдарға қатысты қатыгез іс-әрекеттер, олардың адамгершілік ар-намысын қорлау фактілері анықталғандығы баяндалады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде құзыретті органдар сотталушылардың адамгершілік қарым-қатынас құқықтарын қайта қалпына келтіру және заңды бұзуға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.
Осы санаттағы өтініштер қатарынан құзыретті органдардың тексеруі барысында дәлелденбеген тергелушілер мен сотталушыларға қарсы азаптаулар мен басқа да адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттердің қолданылатындығы туралы шағымдарды қамтитын өтініштерді бөліп көрсетуге болады.
Осындай сипаттағы хаттарға ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/1 мекемесінде ұсталатын Ж. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оған қарсы күш, қорлау және қысым қоданылатындығы туралы (26.01.07 кіріс № 73/02), А. ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/26 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар тобының мүддесіндегі оларға аталған мекеме қызметкерлері тарапынан қатыгез, адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына шағымданған (15.06.07 кіріс № 564/02) өтініштері жатады. Сонымен бірге Р. ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/26 мекемесінде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан сотталған баласы Р. мүддесіндегі өтінішін атап көрсетуге болады (15.06.07 кіріс № 565/02). Хатта оның баласына қатысты аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің азаптау, адамгершілік ар-намысты қорлау іс-әрекеттерін пайдаланатындығына шағымданады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тиісті сауалына орай ҚР Бас прокуратурасынан алынған мәліметке сәйкес, өтініш иелері мүдделерін қорғап хат жазған сотталушылар тобы ұстау режимін қасақана бұзушылар болып табылады және түзеу мекемелері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар түзеу мекемелеріндегі қалыпты жағдайды тұрақсыздандыру, сотталушыларды ұстаудың заңмен белгіленген тәртібін бұзу мақсаттарында жолданғандығы анықталды.
Есеп дайындалып жатқан сәтте Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау, зорлық көрсету, басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына байланысты шағымдар болды: Р. (31.10.07 кіріс № 999/02) ҚАЖК Қостанай облысы бойынша басқармасының УК-161/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан күйеуі Р. мүддесінде аталған мекеме қызметкерлері тарапынан күйеуіне қатысты қатыгез, құқыққа қарсы әрекеттер қолданылатындығына, нәтижесінде оның дене мүшелеріне зақымдар келтірілгендігіне шағымданады. Өтініште шағымданушы мен адвокаттың сотталушымен кездестіру туралы бірнеше рет берген өтініштерін мекеме әкімшілігі қанағаттандырмағаны көрсетілген. Кейінірек Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Астана қаласындағы «Қазақстан адам құқықтары және заңның сақтауы жөніндегі халықаралық бюросы» АҚ филиалы директорының Р. мүддесіндегі хаты (19.11.07 кіріс № 1063/02) келіп түсті, онда 2007 жылғы қарашаның 7-нен 8-не қараған түні сотталушы Р. қайтыс болғандығы туралы мәлімет, сондай-ақ сотталушының өліміне қатысты тергеу жүргізуге және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға ықпал етуді сұраған өтініш қамтылған.
Осы топтағы келесі өтініш Ә. күйеуі Ю. мүддесіндегі ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/10 мекемесі қызметкерлерінің оның күйеуін жүйелі түрде ұрып-соғатындығы және қорлайтындығы туралы, нәтижесінде оның өз-өзіне қол жұмсағандығы туралы өтініші (09.11.07 кіріс № 1042/02) болып табылады.
Қазіргі уақытта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелеріндегі сотталушылардың құқықтары мен заңның бұзылуын анықтау және жоюға құзыретті мемлекеттік органдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуы жағдайын жоғары құқықты мәдениет жөніндегі шараларды қоғамдық бақылау жөнінде іс-шаралармен бірге жүйелі түрде өткізіп отырумен жақсартуға болады.
Орталық атқарушы органдардағы әкімшілік ету мәселесіне қатысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 23 өтініш (1,7%) келіп түсті. Шағымданушылар өз өтініштерінде орталық атқарушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттерімен, министрліктер әзірлеген нормативтік-құқықтық актілермен келіспейтіндіктерін көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Ә. Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің мүгедектігі бойынша тегін емделу квотасын беруден бас тартқандығы туралы өтініші (16.11.07 кіріс № 1057/03).
Б. өз өтінішінде (05.11.07 кіріс № 1029/03) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші басшысының оны жеке қабылдаудан бірнеше ай бойына бас тартып келе жатқандығын, сондай-ақ министрліктің азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесін сақтамайтындығын көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Ж. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс берушіге қатысты қабылданған әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратты ұсынбауы туралы өтініші келіп түсті (05.10.07 кіріс № 931/03). Уәкілдің мекемесі өтініште көрсетілген фактілерге тексеру жүргізді, құзыретті органдарға сауалдар жолдады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өтініш иесіне жұмыс берушіге қатысты қабылданған әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы хабарланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысы аумағында бұрын қолданыстағы жергілікті уақытты ауысрыту және уақытты 1 сағатқа алға жылжытуды енгізу туралы қаулысымен келіспеу мәселесі бойынша Әйтеке би кентінің тұрғыны А. өтініш білдірді (16.01.07 кіріс № 59/03).
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш иелерінің мүгедектік топтарын белгілеу немесе қайта қарауға ықпал етуді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға көмек көрсетуді сұрайтын мүгедектер құқықтарына байланысты мәселелер бойынша шағымдары жиі келіп түседі (1,4 %).
Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге М. әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау органдары қызметкерлеріне шағымданған және мүгедек баласына жәрдемақы алуға ықпал етуді сұраған өтініші (02.08.07 кіріс № 741/03) келіп түсті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Теміртау қаласында тұратын 1-топ мүгедектері мен олардың ата-аналарының ұжымдық өтініші келіп түсті (10.08.07 кіріс № 773/03).
Өтініш иелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы К. іс-әрекеттеріне шағымданады және оның кінәсінен оңалту бағдарламалары бойынша ақшалай жәрдемақы ала алмай жүргендігін хабарлайды. Сонымен бірге олардың қалалық және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне жолдаған өтініштерінің жауапсыз қалуына шағымданады. Хатта мекенжайы көрсетілмегендіктен, ол қажеттілігі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.
З. күйеуінің 3-топтағы мүгедектігін 2-топқа ауыстыруды қайта қарау туралы өтініш білдірді (10.09.07 кіріс № 868/03). Бұл мәселе Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, өтініш тиесілігі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.
П. өтініші (09.02.07 кіріс № 135/03) мүгедектік тобын белгілеуге ықпал етуді сұрайды. Бұл мәселе Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, өтініш тиесілігі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.
К. (25.03.07 кіріс № 283/03), Б. (30.03.07 кіріс № 302/03) өтініштері де осындай сипатта.
Сонымен қатар мүгедектерден тұрғын үй құқықтарын іске асыру (Д. (19.03.07 кіріс № 262/03), зейнеткерлік мәселелері бойынша (Ә. (25.03.07 кіріс № 279/03) өтініштер келіп түсті.
ТМД елдерінен мүгедектердің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүгедектік бойынша жәрдемақы алу мәселелері көтерілген өтініштерінің саны артты. Есептік кезеңде Алтай өлкесінің (Б. мүддесіндегі (02.01.07 кіріс № 14/03) және Свердлов облысының (К. мүддесіндегі (11.03.07 кіріс № 217/03) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен осындай екі өтініш келіп түсті.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі ҚР азаматы болып табылатын, Свердловск облысы аумағында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан және мүгедектігі бойынша жәрдемақы алмаған К. мүддесінде мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы бойынша түсінік беруді және зейнеақы алу тәртібі бойынша қажетті рәсімдердің жүзеге асырылуын сұрайды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге С. мүгедектер К. пен К. мүдделеріне қатысты өтініші (05.07.07 кіріс № 645/03) келіп түсті. Өтініш иесі мүгедектердің жер учаскесіне құқықтарын ресімдеуге кедергі келтіріп отырған жер комитеті қызметкерінің заңсыз әрекеттерін көрсетеді. Сонымен бірге олар өрттен зардап шеккендерге арналған материалдық көмекті ала алмай отыр.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды қолдайды. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қарашадағы Заңымен бекітілген Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабына сәйкес, мемлекет әркімнің өзі және отбасының жеткілікті тамақтануын, киімі мен баспанасын қамтитын, жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру және тұрмыс жағдайын үнемі жақсарту құқығын таниды.
Бас Ассамблеяның 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 ұсынымында жария етілген Мүгедектердің құқықтары туралы декларацияның 7-тармағына сәйкес, мүгедектер экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз етуге және өмірдің қанағаттанарлық деңгейіне құқылы.
Ұлттық орталықтың Павлодар облысы әкімдігіне жолдаған сауалы бойынша өтініш иелеріне материалдық көмек көрсетілді және әкімдік оларға жер учаскесін беру үшін материалдар жинау жұмысын бастады.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселесіне мемлекет ерекше назар аударуы қажет.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ақпарат алу құқығын іске асыруға байланысты өтініштер келіп түсті (1,1 %). Көптеген жағдайда өтініш берушілер түрлі сипаттағы анықтамалар мен куәліктер алуға ықпал етуді сұрайды.
Азаматша К. Целиноград облысы Сілеті ауданы Қарабұлақ кеңшарының таратылуы туралы анықтама алуға жәрдемдесуді сұрап өтініш білдірді (18.07.07 кіріс № 683/03). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес өтініш қажеттілігі бойынша басқа мемлекеттік органға жолданды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге С. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің И. қатысты қозғалған қылмыстық іс фактісі бойынша ақпарат ұсынбауына шағымданған өтініші келіп түсті (27.08.07 №828/03). Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша, С. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізген тексеру барысы туралы ақпарат жолданды.
Шет мемлекеттер омбудсмендерінің азаматтар мүдделеріндегі өтініштері де жиі келіп түседі.
Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Краснояр өлкесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің М. мүддесіндегі (17.07.07 кіріс № 670/03) соғыс жыдарынағы өтініш иесінің еңбек өтілін растайтын мұрағат жазбасын алуға ықпал етуді сұрайтын, Алтай өңіріндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ч. мүддесіндегі (19.02.07 кіріс № 166/03) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің зейнетақы ресімдеу үшін Ч. бұрынғы жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама ұсынбауына шағымданған, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл В.П. Лукиннің Т. мүддесіндегі (10.05.07 кіріс № 450/03) сотқа талап арыз беру үшін қажетті құжаттар алуға ықпал етуді сұраған, Самара облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Х. мүддесіндегі (23.07.07 кіріс № 702/03) қажетті құжаттар алуға ықпал етуді сұраған өтініштері келіп түсті. Жүргізілген жұмыстар нәтіижесінде сұралған құжаттар алынды және өтініш білдірушілерге жолданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығы және мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттарды, шешімдер мен ақпарат көздерін таныстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеттері бекітілген. Конституцияның аталған ережелерін сақтау және қорғау қоғамның тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен дамуының құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ар-ождан және діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті (1,4 %). Ар-ождан бостандығы мәселесі бойынша өтініштер саны 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 71-ден 19-ға дейін айтарлықтай азайды. Өтініш берушілер арасында Саентология шіркеуінің, «Евангелие христиан-баптистері шіркеулерінің халықаралық одағы» ЕХБШ ҰО-ның, Иегова куәгерлерінің діни орталығының өкілдері бар.
З. (22.12.06 кіріс № 13/02), Ж. (26.12.06 кіріс № 1312/02), П. (03.01.07 кіріс № 3/02), С. 08.01.07 кіріс № 20/02) өтініштерінде 2006 жылғы 15 қыркүйектегі «Городская неделя» газетінде жарияланған Павлодар облысының ішкі саясат департаменті директоры орынбасарының сұхбатында өтініш білдірушілердің діни сезімін қорлауына шағым мазмұндалған. Авторлар өз өтініштерінде З. айналысатын лауазымға сәйкес еместігі туралы, заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау мәселелерін көтерген. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тұжырымдамасын назарға ала отырып, бұл өтініштер іс жүргізуге қабылданбады.
Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің төрағасы Г. діни бірлестіктің атынан және оның мүшелерінің тапсырмасы бойынша «Кришнаны тану қоғамы»діни бірлестігіне тиесілі жер учаскелерін және саяжай құрылыстарын алу туралы Қарасай аудандық сотының шешіміне шағымы түсті. Хаттың авторы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтардың соттың іс-әрекеті мен шешіміне арызды қару бойыншв өкілеттерінің жоқтығы туралы хабардар етілді.
Уәкілге Тараз қаласының мұсылман әйелдерінің ұжымдық өтініші (02.09.07 кіріс № 842/03) түсті, онда өтініш берушілердің қыздары оқитын орта білім беру орнының директоры Тараз қаласының Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы Әбдімомынованың тапсырмасын орындау үшін мұсылман-қыздарға хиджаб-орамал киюге кедергі келтіріп, олардың үлгерімін жасанды
төмендетуге ниетті түрде ықпал жасауда. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы нәтижесінде алынған ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің ақпараты бойынша өтініш авторлардың діни сенім белгісі және дінге қатысы бойынша олардың балаларын кемсіту туралы пайымы расталмады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша 12 өтініш келіп түсті (0,9 ℅)
Көбінесе мұндай өтініштер жаппай қуғын-сүргіндерден зардап шеккен құрбандарды оңалту мәселеріне қатысты.
Айталық, Уәкілге оның қызын қуғындалған және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп тануға қатысты мәселемен Ш. (10.05.07 кіріс № 448/02) өтініш жасады. Көтеріліп отырған мәселе бойынша өтініш білдіруші 2003 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесіне, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 52 және 100 баптарына сәйкес ата-анасының қамқоршылығының жоғалтуы ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайлар болып саналады. Осы норма мәнінен ата-анасының біреуінің болмауы ата- аналық қамқорлықтың жоқтығы болып табылмайтындығы туралы түсіндірме берілді.
Есептік кезеңде оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы (0,9℅) осыған ұқсас өтініштер келіп түсті. Оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы өтініштер негізінен Қазақстан азаматтығын алу және тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты.
Оралман ретінде Солтүстік Қазақстан обысы аумағынан тұрғын үй беру туралы Қ. (11.07.02 кіріс № 658/03), О. (14.09.07 кіріс № 881/03), Қ. (14.09.07 кіріс № 88/203) оралмандардың көшіп келу квотасына қосуға ықпал жасау туралы өтініштері өзіндік сипатқа ие. Осы өтініштер тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.
Уәкілдің атына келіп түскен оралмандардың өтініштері оралмандарды бейімдеуді күшейту қажеттігін растайды. Осы мәселелерге ұқыпсыздықпен қарау жұмыссыздық пен кедейліктің өсуіне әкелуі мүмкін. Оған қоса, оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша құқықтық түсіндіру мәселесін күшейту қажет.
Ағымдағы жылы білім алуға азаматтар құқықтарының бұзылғандығы туралы 8 өтініш келіп түсті (0,6%). Өтініштер мүгедек-балалардың білім алуы, балаларды мектепке орналастыру, бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерімен келіспеу мәселелеріне қатысты. Балаларды мектепке орналастыру мәселесі бойынша М. (12.07.07 кіріс № 665/03), .Б. (05.09.07 кіріс № 29003-852 (2)) өтініш жасады.
М. өз өтінішінде өзімен бірге тұратын жиенін Павлодар облысы Ақсу қаласының № 8 орта мектебінде білім алуы мәселесін шешуге ықпал етуді сұраған.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне өтініш жасағаннан кейін осы мәселе оң шешімін тапты.
Баланы мектепке орналастыру мәселесі өтініш білдірушілердің өздерінің сауатсыздықтарынан туындаған. Баланың мектепте оқымауынаі тұратын жері бойынша тіркеудің болмау негізгі себеп болған.
Баланың құқықтары туралы конвенцияның негізгі пастулаты неғұрлым бала құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Аталған Конвенцияның 28-бабының а) тармағына сәйкес қатысушы-мемлекеттер баланың білім алу құқығын таниды және осы құқықты біртіндеп іргеліеуі тең мүмкіндіктер негізінде жүзеге асыру мақсатында олар, атап айтқанда, тегін және міндетті бастауыш білім алуды енгізеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк бередi. Орта бiлiм алу мiндеттi.
Осыған байланысты білім беру органдары мұндай өтініштерді қабылдап, балаларды мектепке орналастыру бойынша шараларды қабылдайды.
Ағымдағы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетімен және денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесе отырып, ата-аналардың бірі О. арызы бойынша Астана қаласының № 1 математика-экономика лицейінің қызметін тексеруді жүзеге асырды. Астана қаласы білім департаментінің тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді шешуге практикалық көмек көрсету мақсатында № 1 математика-экономика лицейінің қызметін шұғыл тексеру жүргізу үсынылды. Денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, қала мектептерінің оқушыларына медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу, медицина қызметкерлерін орналастыру, алдын алу және сауықтыру іс-шаралрын жүргізу бойынша шаралар қабылданды.
Оған қоса, лицей өткізген түрлі іс-шараның оқу-тәрбиеге ықпалы мәселесін қарау ұсынылды.
Өтініштердің өзге тобы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу (0,5℅) болып табылады. Ішінара өтініштер жергілікті атқару орандарының тарбынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу мәселелерін қозғайды.
Айталық, А. өз өтінішінде (10.07.07 кіріс № 648/03) Көкшетау қаласы әкімінің іс-әрекетіне шағымданады, өтініш берушінің ақпараты бойынша олардың кәсіпкерлік қызметтін жүзеге асыруға кедергі келтірген. Өтініш мазмұнынан жеке кәсіпкерлік қызметін жоспардан тыс тексеру нәтижесінде А. 65 520 сома теңге айыппұл салынған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар екендігін жариялайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 4-бабына сәйкес мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде: жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Осыған қатысты өтініш беруші сипатталған фактіні тексеру функциясына жататын өзге мемлекеттік органдарға өтініш бермеген, өтініш ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне тиістілігі бойынша қарауға қайта жолданды.
Жергілікті билік органдарына кәсіпкерлер құқықтарын бұзуға шағымдар аз емес. Осыған ұқсас жер учаскелерін бөлу мәселелері бойынша шағымдармен Т. (15.06.07 кіріс № 561/03), Д. (10.08.07 кіріс № 766/02) өтініш жасады.
Мекемеміздің құзыретінің болмауынан мұндай өтініштерді қарауға мүмкіндіктің жоқтығынан не тексерген кезде аталған мемлекеттік органның тарабынан бұзушылықтардың анықталмуына байланысты кәсіпкерлік құқықтардың бұзылуы туралы өтініштер негіздер оң нәтиже бермеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына 2007 жылы әйелдер құқықтарына байланысты өтініштер келіп түсті (0,6 ℅).
Осы топтағы өтініштерге мысалдар ретінде баласын бұрынғы жұбайына тәрбиелеуге беру туралы сот шешімімен келіспейтіндігін баяндған М. өтініші (06.08.07 кіріс № 755/03) және Щ. түзеу коллониясында жазаны өтеу кезінде шығарылған өтініш берушінің баласын асырап алу туралы сот шешіміне шағымы (18.09.07 кіріс № 896/03) болып табылады. Бұл өтініштер сот іс-әрекеттері мен шешімдеріне азаматтардың шағымын қарауға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құзыретінің болмауынан Адам құқықтары бойынша ұлттық орталыққа іс жүргізуге қабылданды.
Осы топтағы өтініштерге құқықтардың бұзылуы белгіленбеген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» ордендерімен марапаттаудан бас тартуға шағымдармен өтініштерді алуға болады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. (09.10.07 кіріс № 944/03) «Алтын алқа» ордендерімен марапаттау мәселесі бойынша, Ф. (04.07.07 кіріс № 303/03-642(2) зайыбы Ф. мүддесі үшін «Күміс алқа» орденде рімен марапаттау мәселесі бойынша өтініш жасады.
Тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы өтініштер негізінен тұрғындардың коммуналдық қызметтерді көрсету мәселелеріне қатысты.
Әдеттегідей өтініш білдірушілер көрсетілген қызметтерге төлем мөлшерін есептуге, көрсетілген қызметтер сапасымен келіспейтіндіктерін білдіреді.
Осы топтағы өтініштерге В. (06.11.07 кіріс № 1032/03), Горький көшесі, мен Рудный қаласы Паркова көшесі тұрғындарының ұжымдық, Т. (19.03.07 кіріс № 255/03) өтініш жасауы жатады.
Қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету үшін тарифке келіспейтіндігіне қатысты Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны О. (21.05.07 кіріс № 4703) өтініш жасады. Өтінішке сәйкес өтініш берушінің уәкілетті мемлекеттік органдарға атап айтқанда, Рудный қаласының әкімшілігі мен ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қостанай облысы Бәсекелестікті қорғау комитетіне өтініш жасау арқылы құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заңды мүмкіндіктері іске асырылмаған. Осыған байланысты өтініш біреушіге уәкілетті органдарға өтініш жасау ұсынылды.
Сондай-ақ азаматтардың өтініштерінде тиісінша қызметтер көрсету мәселелері көтеріледі. Айталық, Уәкілге Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентінің Новостройка 67 учаскесі тұрғындарының ұжымдық өтініші (27.11.07 кіріс № 1090/03) келіп түсті, онда сумен қамтудың тәулік бойы болмауына байланысты ауыр тіршілік жағдайына шағым мазмұндалған. Сонымен қатар, өтініштер авторлары осы жағдайды ескерместен оларға іс жүзінде қамтамасыз етілмейтін суға төлемге талаптар келіп түсетіні туралы көрсеткен. Өтініш мазмұнынынан өтініш берушілер Мақат кентінің әкімшілігіне жүгінгендерін, алайда олардан Мақат кентінің сумен қамту объектісінің жеке меншікте болуынан судың болмау проблемасын шешу мүмкін еместігі туралы жауап алғандары айтылады. Есепті дайындау сәтінде өтініш іс жүргізу үстінде болды.
Мұндай өтініштер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасының төмен деңгейін, тұтынушылармен жұмыс жүргізудің болмауын сипаттайды.
Бұрынғысынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бағытталған шағымдардың елеулі саны ұлттық белгілері бойынша кемсітуге байланысты өтініштерді құрайды. Есептік кезең ішінде осы санаттағы келіп түскен өтініштердің саны 4 шағымды (0,31℅) құрайды.
Жоғарыда аталған екі өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі құзыретті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар жіберумен жұмыс жүргізді, алайда көрсетілген ұлттық белгілері бойынша кемсітуге байланысты фактілер расталмады.
Мұндай өтінішке мысал Алматы қаласы Абай көшесі № 40 үй тұрғындарының ұжымдық шағымы (05.12.06 кіріс № 1194/03) болып табылады, өтініштің мазмұнынан өтініш берушілер аталған үйді бұзуға келіспейтіндіктерін баяндап және Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 1253 қаулысын заңсыз деп санайды. Кейбір меншік иелері құқықтары словян болығандықтан ұлттық белгісі бойынша олардың құқықтарын қысым жасалды деп түсіндіреді.
Алайда тексеру нәтижесі ұлттық белгілері бойынша кемсіту фактілерін растамады. Осыған ұқсас ШҚО Семей қаласының № 31 аралас орта мектептегі оқитын балалардың ата-аналарының орыс тіліндегі оқытумен сыныптарға алудың тоқтатылуымен келіспейтіндіктері туралы ұжымдық өтініші (28.0.07 кіріс № 9503) болды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі өтініште көрсетілген фактілерге тексеру жүргізіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне сұрау жіберді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде авторлар көтерген өтініш бойынша адам құқықтарын бұзу мәселесі анықталмады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қалған басқа өтініштермен белсенді жұмыс жүргізуде, нәтижелері бойынша өтініш берушілерге толық және дәлелді жауаптар береді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Байқоңыр қаласында тұратын азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.
Осы уақытқа дейін Байқоңыр қаласында тұратын азаматтардың үйлерін жекешелендіруге қатысты мәселе шешілмей қалып отыр. Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы келісімнің 10-бабының 5-тармағына сәйкес олардың атқару билігі органдарының қалыптастырылуы мен мәртебесі тәртібінде Байқоңыр қаласының қалалық әкімшілігіне берілген объектілер мен мүліктерді жекешелендіру жүргізілмейді, осының салдарынан Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекетіміздің басқа азаматтарымен қатар өз тұрғын үй құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері жоқ.
Осындай өтінішке мысал О. Байқоңыр қаласында тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асырудың мүмкін еместігі және басқа тұрғын пунктіне мәжбүрлі ауысу қажеттігі шағымы (10.05.07 кіріс № 70705-446 (3)) болып табылады. Осы өтініш бойынша өтініш берушіге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарының құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдаумен ұсыныстар жіберді, сондай-ақ 2006 жылы Байқоңыр қаласында болу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Парламентінің атына анықталған құқықтарды бұзудың қалыптасқан жағдайларын талдаудың шолу анықтамасын және оларды жою ұсыныстарын жіберді.
Сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары құжаттарды, жеке куәліктерді рәсімдеу және қалпына келтіру проблемаларымен жиі кездеседі. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына М. екі бөлмелі пәтерде бірге тұратын оның отбасы мүшесіндегі 11 адамның алтауы тиісті негізде тіркеуді рәсімдей алмағанын, жұмысқа орналаса алмағанын, әлеуметтік төлемдер мен медициналық қызмет көрсетуді ала алмағаны туралы өтініші (25.06.04 кіріс № 60903) келіп түсті. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде осы отбасы жоғалған құжаттарды қалпына келтіру және келген жері бойынша тіркеуге ресімделу туртібі туралы түсіндіруді берген Қоғамдық құрамалармен жұмыс басқармасының жеке мәселелер бойынша бастықтың қабылдауына шақырылды.
Байқоңыр қаласы тұрғындарының өтініштері тобы ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-әрекетіне өтініштер де кездеседі.
Айталық, А. мүддесі үшін Қ. өтінішінде (06.02.07 кіріс № 123/02) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүргізу заңнамасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қолданыстағы келісім ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін шағым мен ұлы А. дене жарақаттарын салғаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ықпал ету туралы өтініші бар. Осы өтініш Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың іс жүргізуіне қабылданды, өйткені осыған ұқсас хат ҚР Бас Прокуратурасының атына жіберілді.
Есептік кезеңде жеке меншік құқықтарын бұзу туралы шағымдармен өтініштер келіп түсті (0,31℅).
Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Т. өтініші (25.04.07 кіріс № 404/03) келіп түсті, онда оң рөлмен басқару құқығымен автомобильді пайдалану туралы мәселе көтерілді. Өтініш мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ұлттық заңнама мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілеттіктеріне түсіндірме берілді.
Сондай-ақ Уәкілге А. тұрғын үй құрылысын бұзудың заңсыздығына өтініші (7.09.07 кіріс № 890/03) келіп түсті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өтініш берушінің құқықтарының бұзылмағаны анықталды.
Ағымдағы жылы жеке өмірге қол сұқпау құқығына шағыммен 3 өтініш келіп түсті (0,23℅).
Жеке өмірінің құпиясына, дәрігерлік құпияға, зейнеткерлік салымдар құпиясына алдау және заңсыз заң әрекеттерімен заңсыз араласқаны үшін моральдық зиянды өтеу туралы шағыммен Қ. өтініш жасады (02.04.07 кіріс № 30703). Алайда бұл мәсле сот тлқылауы нысаны болатындықтан, Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мекемесінің шағымды қарау жөнінде құқықтық мүмкіндігі болмады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуінде Ә. мүддесі үшін Қазақстан ғалымдары мен журналистерінің ұжымдық өтініші (19.1.07 кіріс № 106003) болды. Өтініш авторлары Ә. электорондық пошта жәшігін ашу, олардың пікірінше жеке өмірге ешкімнің тиіспеуіне араласу болып табылатындықтан, оған қатысты сот-психиатрия сараптамасын тағайындау фактісін көрсетеді. Осы іс бойыншв түпілікті нәтижелер қазргі уақытта алынған жоқ.
Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жарғылық емес қатынастарға 2 шағым түсті.
41433 ә/б-ге жарғылық емес қатынастарға шағыммен қайтыс болған қатардағы әскер Б. ата-аналары М. мен Б. өтініш жасады (17.04.07 кіріс № 37702), ол туралы аталған бөлімшенің сержанты кінәлі адамға қатысты сот шешімін куәлендірген жарғылық емес қатынастар расталды. Алайда қатардағы әскер Б. өлімі сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес техникалық электрдің әрекетінен болған.
Қарулы күштер омбудсмені және ішкі істер омбудсмені лауазымдарын тағайынду туралы Р. мүддесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен өтініш келіп түсті (10.07.07 кіріс № 527/03-647). Өтініш берушіге басқа елдердегі осындай мекемелерді құру тәжірибесі және еліміздегі перспективалар туралы егжей-тегжейлі жауап берілді.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына психиалық ауырумен байланысты кемсіту мәселесі бойынша 2 өтініш түсті (0,16℅).
БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында қабылданған Психикалық ауру адамдарды қорғау және психикалық көмекті жақсарту қағидаттарына сәйкес психикалық ауытқудан зардап шегетін барлық адамдар экономикалық, физикалық немесе өзге сипаттағы қанаудан қорғау құқығына ие болып саналады.
Көбінесе адал емес адамдар психикалық науқас адамның жәрдемсіз жағдайын пайдаланып, оларға қатысты алаяқтық іс-әрекеттер жасайды, ал мемлекеттік органдар психикалық науқастан зардап шегетін адамдардың құқықтарын қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдамайды.
Айталық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Б. К. мүддесі үшін өтініші келіп түсті (13.03.2007 кіріс № 238/03), онда К. С. мен Ә. алаяқтық әрекеттері нәтижесінде өзінің пәтерінен және жеке құжаттарынан айрылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта К. «Писхикалық денсаулық медициналық орталығы» МММ есепте тұрған, қарт туысының үйінде тұрады және 2 топтағы мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айрылған. Сондай-ақ қоса берілген құжаттар мәнінен 2006 жылғы 14 қарашада К. қуынымы-талабы бойынша судья Ы. анықтамасымен жазу сараптамасы тағайындалып, кейінен іс қайта анықтауға жіберілген.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі осы мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберді. Астана қаласы прокуртурасының ақпараты бойынша К. өтінішімен материалдарды тексеру бойынша Астана қ. Алматы ауданы ІІБ ТБ тергеушісі Ы. ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 2-тармағы негізінде қылмыс құрамының болмауынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.
Алайда, Астана қ. Алматы ауданы прокуратурасының 2007 жылғы 3 тамызда қабылданған шешімнің негізсіздігінен қылмыс құрамының болмауынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы күшін жойды. Астана қ. Алматы ауданы ІІБ материалдары қосымша тексеру жүргізуге жіберілді.
Астана қ. Алматы ауданы ІІБ тергеушісі Ы. қатысты тергеу алдындағы тексеру кезінде заңдылықты бұзуға жол бергені үшін Астана қ. ІІД-ге тәртіптік іс жүргізу қаруаға жіберілді.
Сондай-ақ өтініш берушілер олардың жан күйзелісінің қоғамға олар келтіретін қауіпке есеп бермейтін, сонымен өзі үшін өздерін емдеу рәсімдерімен келіспеушілікті білдіретін шағымдар кездеседі.
Осындай шағымға К. (25.07.07 кіріс № 500/02-721(2)) прокуратура қызмектерлерінің әрекетіне және өтініш берушіні психиатриялық ауруханаға орналастыруға келіспеуі мысал болып табылады Бұрын өтініш беруші осыған ұқсас өтіншпен адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа өтініш жасаған. Өтінішті қараудың нәтижесінде өтініш берушінің құқықтарын бұзудың болмағаны, оны ауруханаға орналастыру негізді және «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы» ҚР Заңына қатаң сәйкестікте жүргізілген.
Ағымдғы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына білікті заң көмегін көрсетуді өтінген 2 өтініш түсті.
Айталық, өтініш жасаушы Д. сот отырысында қатысу арқылы білікті заң көмегін көрсетуді сұраумен өтініш білдірген (16.11.07 кіріс № 232/03). Осыған байланысты сот отырысында азаматтардың мүддесіне өкілдік ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, осы істі қарудан бас тартылды.
Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтарын бұзумен байланысты 2 өтініш келіп түсті.
Өзбекстан түзеу колониясы әкімшілігінің әрекеттерімен келіспейтіндігіне шағыммен К. (15.10.07 кіріс № 96/02) өтініш жасады. Өтініш авторы сотталып және Өзбекстан Республикасында жазасын өтеген. 2000 жылы Өзбекстанда кешірім жасау жүргізілген, оған сәйкес К. босатылуға тиіс болған. Алайда, өтініш беруші тек 2002 жылдың желтоқсанында босатылған.
Осыған байланысты өтініш беруші қандай негізбен бас бостандығынана айыру орнында екі жылдан артық заңсыз болғанын және келтірілген моральдық және материалдық зиян үшін өтемақы өндіріп алуға болатынын түсіндіруді сұрайды.
Қазіргі уақытта осы іс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуінде, ол бойынша жұмыс жүргізілуде.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне шағыммен У. (06.06.07 кіріс № 532/02) өтініш жасады. Өтініш мазмұнынан 2006 жылғы 15 қазанда Польша Республикасы Вроцлав қ. күзетшілерімен өтініш берушінің ұлы Польша азаматының денсаулығына зиян келтірді деген күдікпен ұсталған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына өтініш жасай отырып, У. ұлын қамауда ұстаудың заңдылығы мәселесін қарауға және ешқайда шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасымен өзгерту мүмкіндігіне ықпал жасауды сұрайды.
Бірігу бостандығына құқықтарын бұзу мәселесі бойынша есептік кезеңде 2 өтініш түсті.
Айталық, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ж., Қ., М., М., Т., Ф. атынан саяси партияны тіркеуді қоғамдық бақылау бойынша топ (19.02.07 кіріс № 169/02) «А.» Халықтық партиясы» АҚ-ны тіркеуден бас тарту бөлігінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің лауазымды адамдарының әрекеттерімен келіспейтіндігі туралы өтініш жасады.
Осы өтініш тиістілігіне қарай басқа мемлекеттік органға жолданды.
Осы бойынша мемлекет істерін басқаруға қатысу, сайлау және сайлану құқығы, мемлекеттік қызметке қол жетімділік құқығын іске асыру мәселелері жөнінде өтініш түсті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына сайлау және сайлану құқығын қорғау мәселесі бойынша Ү. аудандық сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағымы бар өтініш (24.08.07 кіріс № 823/02) келіп түсті.
Осы өтініш бойынша өтініш берушіге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне түсінік берілді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабы 6-тармағында белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қайта жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына мемлекеттік қызметке қол жетімділік құқығын сақтауға қатысты мемлекеттік қызмет лауазымына қайта орналасуына шағыммен О. өтініш (14.09.07 кіріс № 878/03) жасады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Г.Д. Осиповтың құқықтарының бұзылуына жол берілмегендігі белгіленді.
1.2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне жатпайтын өтініштердің сипаты
2007 жылы сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне шағымдар. Сондай-ақ сот шешімімен келіспеуді көрсететін өтініштердің өзі сандаған өтініштер тобы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 18-тармағына сәйкес Уәкіл Қазақстан Республикасы сотының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарамайды. Осыған байланысты мұндай шағымдар іс жүргізуге қабылданбайды.
Өткен жылдары дәстүрлі түрде сот шешімімен келіспеу мәселелеріне өтініш жасау блогы саны бойынша бірінші орында алды, өзінің көшбасшылық нысанын жоймады.
Конституция әркімге өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға кепілдік береді. Адам құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау заңнамада неғұрлым кең таралғандығын атап өткен жөн. Алайда азаматтар сот тәртібімен өз құқықтарын қорғаудан қашқақтайды деп атап атап өтпеу қажет. Талдау көрсетендей, азаматтар соттарда азаматтық және қылмыстық істерді қараудағы сөзбұйдаға, объективтік емес сот талқылауына, жазаны соттың бара-бар тағайындамауы, қорғау құқықтарын бұзуға шағым жасайды. Көптеген жағдайда өтініш білдірушілер алдын ала тергеу барысында көбінесе дәлелденбейтін физикалық және психикалық күштеуді қолдану арқылы сотталушылардың мойындау дәлелдерін алу және оның сот назарына алынбайтындығын көрсетеді.
Осындай және өзге басқа да жағдайлар азаматтардың наразылықтарын туындатады және олардың сот өндірісіне теріс көзқарасын қалыптастырады, әділсотқа деген сенімін жояды. Сонымен бірге, дәл осы құқықтар мен бостандықтарды сот қорғауы жағдайды өркениеттік шешудің тиімді тәсілі болып табылады.
Сот шешімін шығарумен келіспеуге байланысты азаматтардың өтініштері түскенде Уәкіл заңдарда белгіленген шағымдану тәртібін түсіндіру рәсімдеріне сәйкес оған шағым беруді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |