Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


//АльПари.- 2012, №4.- С. 150-153



бет15/15
Дата25.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#7670
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

//АльПари.- 2012, №4.- С. 150-153
ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ-ЭКСПО-2013
Сыр өңірі Күннен қуат алмақ

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жұртшылыққа Күн электр стансасы құрылысының жобасы таныстырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, орташа жылдық электр қуатының генерациясы 65 млн квтсағатты құрайтын электр стансасы Қазақстандағы ең ірі болмақ. Жобаның құны –93,1 млн доллар.

Жобалық қуаттылығына шыққанда станса қызметкерлерінің штаты 50 адамға жуық болады, өйткені бұл нысандағы барлық жұмыс автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Инвесторлар «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Одиссей инвестмент групп» ЖШС және қытайлық ET Solar Group құрылысты тамыз айында қолға алмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, 25 желтоқсанда электр стансасы алғашқы электр қуатын өндіре бастайды, ал 2014 жылы толық жобалық қуаттылығымен жұмыс істейтін болады.

//Айқын.-2013.-4 мамыр.-2б.



Видеоконференция

Переход к «зеленой» экономике на площадке G-Global

В рамках VI Астанинского экономического форума Министерство охраны окружающей среды (МООС) РК на многофункциональной Интернет-платформе G-Global провело онлайн-видеоконференцию на тему «Индустриальная революция — переход к «зеленой» экономике». В видеоконференции приняли участие представители МООС РК, Программы развития ООН, Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. Эксперты обсудили план перехода Казахстана на «зеленую» экономику, которая охватывает такие вопросы, как генерация электрической и тепловой энергии, энергоэффективность и энергосбережение в различных секторах, рациональное использование водных и природных ресурсов, устойчивое сельское хозяйство, управление отходами, снижение загрязнения воздуха. Напомним, что 24 мая 2013 года в рамках АЭФ Министерство охраны окружающей среды РК и Министерство экономики и бюджетного планирования РК проводят панельную сессию «Индустриальная революция – переход на «зеленую» экономику». В работе сессии примут участие министр охраны окружающей среды РК НурланКаппаров, исполнительный секретарь Европейской экономической комиссии ООН Свен Алкалай, вице- президент Европейского инвестиционного банка Вилгельм Молтерер и многие другие. В ходе сессии будут обсуждены основные характеристики «зеленой» экономики, барьеры на пути её развития, передовой опыт зарубежных стран по переходу на новую экономическую модель, а также другие актуальные вопросы модернизации экономики и устойчивого развития. В результате обсуждений планируется выработать резолюцию с рекомендациями по дальнейшим практическим шагам для выполнения решений Саммита Рио+20.

//Кызылординские Вести.-2013.-18 мая.-С. 2

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ



Баламалы болашаққа жол

Биылғы жылы VI Астаналық экономикалық форумы (АЭФ) аясында «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған екі бірдей сессия өткізілмек. Бұл ауқымды шараларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы ұйымдастырады.



Сессия жұмысына, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Миллениум жобасы Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, Орталық Азия бойынша Кембридж форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан орталығының төрағасы және Орталық Азия бойынша комитетінің құрметті хатшысы Сидхарт Саксена, «KAZENERGY қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйым­дары» ЗТҰ бас директоры Әсет Мағауов және басқа спикерлер қатысады. Сессияны Стэндфорд университетінің Энергетика саясаты мен қаржы зерттеулері орталығының ғалымы Джеффри Бoлл жүргізбекші.

Биылғы кездесудің ерекшелігі – ол тыңдаушыларды белсенді түрде қатыстыратын интерактивті пікірталас форматында өтеді деп күтілуде. Іс-шара барысында тұрақты энергетикалық болашаққа өтудің мүмкіндіктері мен қиындықтары, Үшінші индустриялық революцияны іске асыру үшін инфрақұрылымның дайындығы, энергия қорларының тапшылығы проблемасы, «жасыл» экономикаға көшу жолдары сөз болмақ. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің айтуынша, «Болашақтың энергиясы» тақырыбын талқылау Қазақстан үшін аса маңызды болып отыр. «Астана экономикалық форумы аясында баламалы энергия көздерін дамыту жолдары мен болашағы мәселелерін бірнеше рет көтерген болатынбыз, бүгінгі күні «Болашақтың энергиясы» қазақстандық қоғам және әлемдік қауымдастықтың назарын бұрынғыдан да жиі өзіне аудартып отыр», – деді ол. – 2017 жылы Астана қаласы ЭКСПО көрмесін өткізуге бел буды. Бұл – энергетика болашағы мен болашақтың энергиясы мәселелерін талқыға салудың ерекше сәті. Бүкіл әлем үшін қазып алынатын отын түрлерінен жаңғыртылатын энергия көздеріне өтетін уақыт жетті. Сөз жоқ, ЭКСПО-2017 жаңа мүмкіндіктер туғызатын баламалы болашаққа ашылған жол, – деп атап көрсетті спикерлердің бірі Хосе Кордейро сессия басталмастан бұрын. VI Астана экономикалық форумы шеңберінде 24 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» «Ұлттық саясат: денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жаңғырту» тақырыбында панельдік сессия өткізбекші. Сессия жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), ЮНИСЕФ, ЮНПФА, ЮНЭЙДС, Бүкіләлемдік банк өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, алыс және жақын шетелдердің денсаулық сақтау министрлері, қоғамдық денсаулық сақтау саласының ірі сарапшылары қатысады. Жиынға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова, Литваның денсаулық сақтау министрі Витянис Повилас Андрюкайтис, Нобель сыйлығының лауреаты Эрвин Неер, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Арун Нанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петуховалар сөз сөйлейді деп күтілуде.Панельдік сессияның мақсаты – ұлт денсаулығын нығайтудағы және ортақ жауапкершілік мәселелерін шешудегі мемлекеттердің рөлін талқылау. Іс-шара барысында Мыңжылдықтың даму мақсаттарына (әйелдер мен балалар денсау­лығы, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, инфекциялық емес ауруларды басқару) жету, азаматтардың және медициналық қызметкерлердің жеке жауапкершілігі мәселелері бойынша озық тәжірибелер, медициналық қызметтерді жеткізушілерді ынталандыру сияқты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Осы мәселелер бойынша «Технологияларды беру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институттық реформа жүргізу» жобасының жетекшісі Недим Яганьяц, Г.Русси атындағы онкология институтының директоры Александр Эггермон, Ауруларды бақылау және профилактикасы бойынша АҚШ Орталығының (CDC) Орталықазиялық өңірлік кеңсесінің директоры Джордж Шмид және басқалар баяндама жасайды.Биыл VI Астана экономикалық форумы шеңберінде алғаш рет G-Global сайтында виртуалдық режімде сессия тақырыбы бойынша он-лайн конференция ұйымдас­тырылады. // Егемен Қазақстан.-2013.-21 мамыр.- 2б
Не нужен

Ғалым МҰТАНОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры.


Өмір мұраты
Көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, Ұлттық инженерлік академияның, Халықаралық инженерлік академияның және басқа да бірнеше халықаралық академиялардың академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайқұтдіновтің есімі отандастарымызға жақсы таныс.

Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы отбасында дүние есігін ашқан Еренғайып Мәлікұлының балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарымен тұспа-тұс келді. Бұл кезде әйелдер мен балалар майданға кеткен күйеулері мен әкелерін жоқтатпаймыз деп таң атқаннан күн батқанға дейін бел жазбай еңбек етті. Егін екті, шөп шапты, мал бақты. Осындай қарбалас істерден Еренғайып та шет қалған жоқ. Осылай аштық пен суыққа төзе жүріп, тез есейді. Соғыстан кейінгі жылдардың да қиындықтары аз болған жоқ. Ол соның бәрін көрді. Бірақ жасыған жоқ. Орта мектепті күміс медальмен бітіріп, 1951 жылы КСРО-дағы инженер даярлайтын үздік жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы химиялық технология институтына оқуға түсті.

Сол жылдары Н.Зелинский, А.Несмеянов, И.Назаров, И.Алимарин сынды академиктер еңбек ететін бұл институттың даңқы дүркіреп тұрған-ды. Болашақ академик білімінің іргетасы осында қаланды. Атақты ғалымдардың ақыл-кеңестерін көңіліне тоқыған ол, өз өмірін білім, ғылым жолына арнауға мықтап бел буды. Сөйтіп, 1956 жылы институтты қызыл дипломмен бітірді. Жас маман Е.Шайқұтдінов жолдамамен Қазақстанға Қарағандыдағы синтетикалық каучук зауытына жіберілді. Осында екі жылдай ауысым бастығы болған ол, практикада химиялық өндірістің бүге-шігесін білетін инженер-технологтың тәжірибесін алады. Дегенмен, ғылымға деген құштарлық оны қайтадан Мәскеу химиялық технология институтына алып келеді, 1958 жылы емтихандарды мүлтіксіз тапсырып, осы оқу орнының аспиранты атанады.

Институтта Еренғайып Мәлікұлының ғылыми бағыты көрнекті ғалым, КСРО ҒА мүше-корреспонденті А.Башкировтің жетекшілігімен қалыптасады. Жетекшісінің қолдауымен тармақталған көмірсутектерді сұйық фазада тотықтыру кинетикасы мен механизмі саласында кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды және бірқатар үшіншілік спирттерді синтездеудің жаңа әдісін ойлап табады. Диссертация қорғаған соң бірден ол 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасына шақырылады. Бұл кафедраны осы жылы химия факультетінің деканы профессор Б.Бірімжанов пен ҚазКСР ҒА академигі С.Рафиков құрған болатын және осы бағыттағы Кеңес Одағындағы Мәскеу және Ленинград университеттерінен кейін құрылған үшінші кафедра еді.

Содан бері қайда жұмыс жасаса да, қандай қызмет істесе де Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдіновтің шығармашылық қызметі ҚазМУ-дің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасымен үздіксіз байланыста болды. Б.Жұбанов пен Е.Шайқұтдіновтің жетекшілігімен полимерлер химиясының маңызды салаларында: полимерлену, поликонденсация, полимерлерді химиялық түрлендіру, полимерлердің ерітінділерімен зерттеулер жүргізу бастама алды, бұл кафедра түлектері – болашақ мамандардың кең ауқымды ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасады. Аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі ретінде Е.Шайқұтдінов бар күш-жігерін Қазақстанда жас полимерлер ғылымы бойынша кадрлар даярлауға және дамытуға арнады. ҚазМУ-дің химия факультетінің қабырғасында оның педагог, зерттеуші және ғылым мен жоғары білімді ұйымдастырушы қабілеттері жарқырай көрінді.

Әлемдік ғылыми қауымдастық академик Е.Шайқұтдіновті Қазақстандағы жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін қалаушылардың бірі деп таниды, ол полимерлер туралы ғылымды әлемдік деңгейдегі маңызы жоғары іргелі еңбектерімен байытты. Ол қарапайым винил эфирлерін радикалды сополимерлеу саласында алғашқы зерттеулер жүргізді. Шәкірттерімен осы процестерді басқарудың тиімді әдістерін ашты, физика-химиялық қасиеттері құнды жаңа функционалды полимерлер алды. Кезінде бұл зерттеулерге М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасының меңгерушісі, РҒА академигі В.А.Кабанов назар аударып, жоғары бағасын берді. Қазіргі уақытта Е.Шайқұтдінов ашқан қарапайым винил эфирлерінің радикалды сополимерлену кинетикасын басқару әдістерін ғалымдар толық мойындады.

Ғалымның айтарлықтай ғылыми жетістіктеріне полимерлі гидрогельдер алуын жатқызуға болады. Олар алдын ала жасалған бағдарламаға сәйкес сыртқы ортаның параметрлерінің өзгерістеріне бейімделе алатын «ақылды» материалдарға жатады. Мұндай полимерлі заттар медицинада, электроника мен робототехникада сенсор ретінде пайдалану үшін қолданылады.

ҚазМУ-де академик Е.Шайқұтдінов функционалды гидрофильді полимерлер химия­сы мен физикасы саласында ғылыми мектеп құрды. Ол іргелі және қолданбалы зерттеулерімен халықаралық дәрежеде мойындалған. Импакт-фактор мен сілтеме жасау индексі негізінде ғылыми журналдар мен ғалымдардың рейтингін бағалаудың әлемдік жүйесін әзірлеген халықаралық Thomson Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша осы мектептің үш өкілі – академик Е.Шайқұтдіновтің шәкірттері (профессорлар Г.Мун, З.Нүркеева, В.Хуторянский) соңғы жылдарда интерполимерлі комплекстер саласындағы әлемдік ғалымдар мен мамандар рейтингінде алдыңғы үш орында келеді. Өз зерттеулерінің саласында осындай нәтижеге жеткен ғылыми мектептер саусақпен санарлықтай екендігі анық.

Радикалды сополимерленудің процестерін реттеудің теориялық негіздерін табыс­ты дамытумен қатар Е.Шайқұтдінов ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін практика­­­да іске асыруға белсенді жағдай жасады. Қызметкерлерімен бірге қасиеттері жақсартылған пластификаторлар, қабыршақтар, флокулянттар мен ингибиторлар алудың өнеркәсіптік тиімді әдістерін жасайды. Бұрғылау ерітінділерін тиімді тұрақтандырғыш ұсынылады, оның өндірісі Қарағандыдағы синтетикалық каучук зауытында жүзеге асырылады.

1978 жылы Е.Шайқұтдінов Қазақстандағы инженерлік білім берудің көшбасшысы – В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) проректоры, 1992 жылы – ректоры қызметіне тағайындалады. 2001 жылдан бері Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасының, сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессоры болып қызмет етеді.

Профессор Е.Шайқұтдінов – көрнекті педагог, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының іскер ұйымдастырушысы, оқу процесіне жаңа кәсіби технологиялар мен әдістерді енгізуге ұйытқы болып жүрген білікті басшы. ҚазПТИ-де жұмыс жасай жүріп, ол институттың ғылыми-әдістемелік жұмысына, оқу процесінің материалдық және әдістемелік қамтамасыз етілуіне, оны жетілдіруге, профильдік мамандықтарды кеңейтуге зор үлес қосты. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтында оның қатысуымен «Мамандарды даярлау сапасын басқарудың кешенді жүйесі» әзірленіп, іске қосылды, бұл жоғары оқу орнының барлық қызметін регламенттейтін кәсіпорын стандарттарының жиынтығы болып табылады. Бұл жүйе инженерлік кадрларды даярлау сапасын арттыруға жол ашты. Осы жылдары институтта бірқатар жаңа химия-технологиялық мамандықтар бойынша технологтар даярлау да қолға алынды.

Е.Шайқұтдінов ҚазҰТУ-дің әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне және халықаралық ынтымақтастығының дамуына да өз үлесін қосып келеді. Университет беделін әлемдік деңгейге жеткізді. 1978 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта 27 мемлекеттен 600-ден астам шетелдік азамат Қазақ ұлттық техникалық университетінің дипломын алды. ҚазҰТУ Англия, Италия, Канада, Куба, Финляндия, Жапония, Германия мен Американың бірқатар оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Е.Шайқұтдінов үш университет: Лаквил (Италия), Лондон (Ұлыбритания) және ҚазҰТУ (Қазақстан) қатысқан Еуроодақтың «Темпус-Тасис» халықаралық білім беру бағдарламасының координаторы болып табылады. Осы бағдарламаның арқасында ҚазҰТУ-дің көптеген студенті мен оқытушылары Еуропаның жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Бағдарлама шеңберінде университет заманауи компьютерлік және зертханалық техникамен жабдықталды. Осы жылдары ҚазҰТУ ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарының қауымдастығына кірді.

Еренғайып Мәлікұлының тікелей қатысуымен ҚазҰТУ Қазақстанда жұмыс жасайтын ірі шетелдік компаниялар «Сименс», «Шлюмберже», «Шеврон», «Сандвик-Тамрок» компаниялары үшін базалық жоғары оқу орнына айналды, бұл компаниялар университет зертханалары үшін жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар, ғылыми-техникалық әдебиет, бағдарламалар жасайды.

Ғалым ағамыз іргелі зерттеулер, білім беру процестерін реформалау және жетілдірумен қатар экономикада маңызы зор практикалық жобаларға әрқашан көңіл бөліп келеді. Оның жетекшілігімен «Қазақмыс» АҚ цехтарында кальций молибдатын түйіршіктендіру үшін жаңа желімдік байланыстырғыштар тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өтті. Тері өндірісінің қалдықтары негізінде желатинді коллагенді алмастырғыш өндірісі ұйымдастырылды, бұл технология мыс, қорғасын мен мырышты электрлік рафинирлеу процестерінде табысты қолданылуда.

Академик Е.Шайқұтдінов еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласып жүр. Ол 10 жылдан астам уақыт Алматы қалалық ардагерлер кеңесін басқарып, аға ұрпақ өкілдері – Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданына қатысушыларға қатысты қала басшылығының маңызды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп келеді. Ол соғыс ардагерлері комитетінің координациялық кеңесінің және «Тәуелсіз мемлекеттердің ардагерлерінің қоғамдық ұйымдарының достастығы» халықаралық одағының мүшесі. Қоғамдық қызметтің осы басым бағыты Еренғайып Мәлікұлын жинаған тәжірибесін, өмірлік ұстанымын, беделін соғыс және еңбек ардагерлерін қорғауға бағыттауға мүмкіндік береді. Қоғамдық көлікте тегін жүру, зейнеткерлер үшін жәрдемақы, санаторийде емделу академик Е.Шайқұтдіновтің күнделікті жұмысына айналды. Ол аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қорғауға назар аудара жүріп, жастарды тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын дамыту мәселелеріне де көп көңіл бөледі.

Жемісті ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін академик Е.Шайқұт­дінов «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Астана» медальдарымен, Ыбырай Алтынсарин медалімен, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың және Ресей Президенті Д.Медведевтің алғыс хаттарымен марапатталды. 1991 жылы оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді.



Академик Е.Шайқұтдінов сексеннің сеңгіріне шықса да, әлі тың жаңа идеялар мен жоспарлар баураған ғалым тәуелсіз Отанының арайлап атқан әр таңына қуанады. Қазақ елінің жұлдызы жарқырай берсе екен деп тілейді. Еліне, туған халқына қалтқысыз қызмет етуді өмір мұратына айналдырған азаматты алға жетелейтін де осы сенім екені даусыз.
«Егемен Қазақстан».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет