Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет4/5
Дата18.03.2017
өлшемі0,91 Mb.
#11859
1   2   3   4   5

Укрепляем научные связи

Евразийское сотрудничество – важный фактор повышения качества подготовки кадров. Наш вуз придает большое значение укреплению партнерских отношений с российскими вузами и научными центрами. Совсем недавно был заключен очень важный договор с Актюбинским рельсобалочным заводом и Новотроицким филиалом Национального исследовательского технологического университета «МИСиС» (б. Московский институт стали и сплавов). Он предусматривает совместную подготовку инженерных кадров для строящегося в регионе завода. Занятия будут вести преподаватели двух вузов у нас в Актобе. Практику же студенты будут проходить непосредственно на базе завода. Тем самым будут внедрены элементы дуального образования.

В прошлом году университет приобрел дуговую печь постоянного тока мощностью 1,8 МВА. Месяц назад была произведена пробная выплавка металла. Интерес к этому приобретению проявили наши партнеры из Новотроицка. Совместно с российскими учеными будет проводиться отработка новых технологий получения стали, чугуна и ферросплавов на основе использования производственных отходов и минерального сырья из Актюбинской области.

В университете создана научная лаборатория «Нанотехнологии». На ее базе проводятся совместные исследования с участием ученых Московского института электронной техники, Института высокомолекулярных соединений Российской академии наук (город Санкт-Петербург). На днях был подписан договор с кафедрой физики низких температур и сверхпроводимости Московского государственного университета им. М. Ломоносова. Сотрудники научного центра радиационной физики материалов нашего вуза совместно с московскими коллегами будут проводить научные исследования по разработке новых материалов на основе минералов и слоистых структур, которые могут быть использованы в качестве высокотемпературных сверхпроводников. Работы носят инновационный характер, имеют как фундаментальное, так и прикладное значение.

Крепкие связи с российским вузами имеются и в области гуманитарных наук. Так, более десяти лет поддерживается связь ученых-историков с российскими коллегами. Кафедра «История Казахстана» имеет тесные контакты с учеными МГУ им. М. Ломоносова, Института истории РАН, Российского университета дружбы народов, Московского технического университета им. Баумана, Ленинградского государственного педагогического университета им. А. Пушкина и других. В период с 2001 по 2014 год проведены шесть совместных международных научно-практических конференций, опубликовано свыше 40 докладов и научных статей. Ведущие российские ученые-историки выступают перед студентами и преподавателями нашего вуза. В настоящее время совместно разрабатываются восемь направлений истории аграрной политики и девять тем истории индустрии, готовится научный сборник по проблемам истории имперских реформ в Западном Казахстане и Оренбургском крае. Все это способствует серьезному исследованию проблем прошлого казахстанско-российских отношений, формированию исторического сознания студенческой молодежи.

В целом за текущий учебный год по программе международной академической мобильности 15 студентов университета побывали в странах евразийского пространства. 80 магистрантов прошли научную стажировку в ведущих вузах и НИИ Российской Федерации, Украины, Беларуси и Узбекистана. С Башкирским государственным педагогическим университетом им. М. Акмуллы заключен договор об обмене студентами в рамках программы «Летний семестр-2014». Кроме учебных задач, подобные контакты способствуют сближению культур, формированию чувства уважения к общечеловеческим ценностям.

Международные связи носят многовекторный характер. Поэтому они не ограничиваются сотрудничеством с российскими высшими учебными заведениями. Университет активно сотрудничает с ведущими вузами и научными центрами США, Канады, Германии, Венгрии, Румынии, Турции, Польши, Эстонии, Латвии, Японии. Ученые университета принимают участие в реализации программ международных организаций, таких как ACCELS, Американский совет по международным исследованиям (IREX), Германская служба академических обменов (DAAD), Международная академия менеджмента и технологий (ИНТАМТ), ТЕМПУС, Фулбрайт, Гете-Институт. Преподаватели и студенты постоянно участвуют в конкурсе на получение стипендии Немецкой академической службы обменов (ДААД), в

22

программах по обмену студентами Global UGRAD и Fulbright Foreign Student Program, в рамках программы Темпус Европейского союза реализуют научный проект «Качество инженерного образования в Центральной Азии».



Только в текущем учебном году более десяти зарубежных ученых побывали в университете. Они прочитали курсы лекций студентам и магистрантам, выполняли совместные проекты, провели семинары для преподавателей и студентов с вручением сертификатов. К примеру, профессор Стамбульского университета Хаяти Тюфекчиоглу прочитал курсы лекций по дисциплинам «Политология», «Социология», был проведен научно-теоретический семинар «Будущее высшего образования. Инновационные технологии». Профессор Гданьского университета (Польша) Марек Гринберг для студентов, обучающихся по специальности «Физика», прочитал курс лекций по дисциплине «Спектроскопия физики конденсированного состояния». Пять преподавателей исторического и филологического факультетов университета в марте выступили с докладами на I Международном симпозиуме исследователей тюркского мира в городе Нигде Турецкой Республики. Был подписан договор о сотрудничестве между университетом Нигде и АРГУ им. К. Жубанова.

В контексте расширения и углубления межгосударственных отношений укрепляется сотрудничество университета с вузами КНР, при активном участии действующего при университете четвертый год Института Конфуция. На сегодня в нем прошли обучение более 600 слушателей. Обучающиеся по грантам КНР ежегодно участвуют в языковых стажировках и программах по академическому обмену в университетах Китая, неоднократно становились победителями международного конкурса «Китайский мост», проводимого посольством КНР в Республике Казахстан. Традиционными стали обмен студентами и преподавателями с Синьцзянским финансово-экономическим университетом по программе академической мобильности. К десятилетию создания Институтов Конфуция в мире в университете организована декада китайского языка «Мост дружбы». Думаю, все это будет работать на решение задач полиязычия наших студентов и способствовать углублению дружественных отношений с нашим восточным соседом.

Целенаправленная работа по укреплению международных связей университета дает положительные результаты. 12 специальностей университета прошли международную аккредитацию, резко возросло количество публикаций преподавателей в зарубежных изданиях с ненулевым импакт-фактором. Передовой зарубежный опыт, особенно российских коллег, учитывается при корректировке рабочих учебных планов, специальностей, учебных программ, дисциплин, при разработке спецкурсов, определении перечня и тематики дисциплин по выбору. Обмен опытом с зарубежными коллегами способствует также расширению научных контактов, решению задачи полиязычия студентов и преподавателей. Благодаря укреплению международных связей углубляются культурные и человеческие связи. Все это позитивно влияет на повышение конкурентоспособности выпускаемых специалистов.

В планах университета – расширение сотрудничества по освоению программы двудипломного образования с российскими вузами, увеличение количества совместно выполняемых научных проектов, научных конференций, активизация академической мобильности преподавателей, магистрантов и студентов. Уверен, что договор об Евразийском экономическом союзе даст новый импульс развитию творческих связей с центрами образования и науки других государств и послужит реализации определенных в Стратегии «Казахстан-2050» задач по подготовке квалифицированных кадров для региона.

//Казахстанская правда.-20014.-29 мая.-С.8

23

Қызылорда облысының ғылымы, білімі



және мәдениеті


Нұрбек САҒАТҰЛЫ,
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» жас ғалымдар жетістігі
«Жастар еліміздің келешегі, ал білімді жас – мемлекетіміздің жарқын болашағы» деген Елбасы ұстанымын ұстанған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шәкірттері «Фараби әлемі» атты студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясынан жүлделі орын алып келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына орай өткізілген конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен шығармашыл студенттер, алыс-жақын шетелден оқытушы-профессорлар мен жастар қатысты.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттері химия пәні бойынша ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Гүлжан Бүркітбаева, Назерке Керейтбаева, Айман Жұмахметова сынды дарынды тәлімгерлер үш жүзге жуық студент, магистрант және докторанттар қатысқан сайыста жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Химия ғылымдарының кандидаты Г.Төлегенова, Н.Аппазов, техника ғылымдарының кандидаты Р.Нарманова сынды білікті ұстаздар дайындаған шәкірттер болашақта химия саласында үлкен жетістіктерге жетсек дейді.

Конференцияға қатысқан студенттер мәселені зерттеудегі қолданбалық ерекшелігіне қарай, зерттеу деңгейінің жоғарылығына және тақырыптың мазмұнын толықтай ашып көрсеткеніне қарай марапаттарға ие болды.

//Сыр бойы.-2014.-22 мамыр.- 4б.

24

Әділжан ҮМБЕТ, Бақтыбай БЕРДІБАЕВ,
ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

Сенбі күні Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында қоғам қайраткері, белгілі журналист Зейнолла Жарқынбаевтың өмір жолы мен қызметіне арналған танымдық конференция өткізілді. Конференция барысында ардақты азаматтың қайраткерлік келбеті, шығармашылық жолдары және адами болмысы жайында жан-жақты әңгімеленді.

Аталмыш шараны облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, З.Жарқынбаевтың өмір жолдары мен атқарған қызметтері жайында айтып өтті. 1914 жылы дүниеге келген ол кісі жастайынан оқу-білім іздеп, Алматы қаласына аттанады. Сол кезеңде қазақтың зиялы қауым өкілдері – Темірбек Жүргенов және Ілияс Қабылов секілді жайсаң жандармен жүздесіп, олардың көмегімен журналистика саласына бет бұрады. Алматы коммунистік журналистика институтын тәмамдағаннан кейін Қызылорда облыстық «Ленин жолы», республикалық «Социалистік Қазақстан» газеттерінде басшылық қызметтерде болды. Партия қызметтерінде болып, ұзақ жыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары ретінде облыстың әлеуемттік-мәдени дамуына үлкен үлесін қосты. Сыр өңірінің бас басылымын ұзақ жылдар бойы басқарып, шығармашылық ортаның қалыптасуына көңіл бөлді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы қарымды қаламгердің шығармалары жөнінде тұшымды ойларымен бөлісті. Туған елі мен жеріне 54 жыл қызмет еткен З.Жарқынбаев 14 жыл бойы мерзімдік басылымдарда жемісті еңбек етті. Сол кезеңдерде ол кісі басшылық қызметпен қатар, оқырман қауымның жылы ықыласына ие болған сан алуан шығарма жазып, көптеген тақырыпта қалам тербеген екен. Кәсіби журналист, редактор Зейнолла Жарқынбаев публицистикалық шығармалардың жанрлық сипатын айқындайтын талаптар мен шарттылықты жан-жақты біле отырып, жоғары деңгейде меңгергені аңғарылады.

– Бұл айтқанымызды ағамыздың 2004 жылы Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспасынан шыққан «Сыр елінің сырбазы» атты кітабында айтылған және жазылған ойларымен дәлелдеуге болады, – деді Б.Кәрібозұлы жұртшылық алдында. – Мәселен, ол кісі аталмыш кітапта газет жұмысы жайында өз пікірлерін білдірген. Атап айтқанда, газет жұмысының оперативтігі жайында ой қозғап, шұғыл қимылдауды қажет ететіндігін айтады. Сондай-ақ, кітаптың 17-бетінде «Газет жұмысының ең мықты бел алатын жері – жарияланған материалдың әсерлілігі, шыншылдығы, объективтілігі» деп ой қорытады. Зейнолла Жарқынбаевтың журналистік мұрасында сапарнама очерктерінің алатын орны ерекше. Ол өзінің «Вьетнамда болғанда» деп аталатын очеркінде Вьетнам халқының батыр қызы Чан Тхи Ньем жайлы жазады. Очерктерді шағын тақырыптарға бөліп жазу, шығарманың идеялық мазмұнын оқырманға бірден емес, біртіндеп ұғындыру – журналист Зейнолла Жарқынбаевтың өзіндік қолтаңбасы.

Баяндамашы одан әрі өзге де очерктері жайында ой қозғап, оларға қысқаша тоқталып өтті. Сондай, сапарнамалық очерктерінің бірі «Абай елінде» деп аталады. Автор мұнда да очеркті бірнеше тараушаларға та­ратып жібереді. Осының нәтижесінде оқырманға айтары мол, берер дерегі мен мағлұматы мазмұнды болып шыққан.

Ұзақ жылдар бойы облыста басшылық қызметтерде болған еңбек ардагері Қорғанбек Қайруллаев Зейнулла Жарқынбаев жайында жылы лебізін білдірді. Ол кісінің қайраткерлік және журналистік қызметтерін үлкен жауап­кершілікпен атқарғанын жеткізді. Қай қызметінде де жұмыстың сапалы атқарылуына мән беріп, қарауындағы мамандардың өз ісіне талапшыл болуына көңіл бөлді. Осындай жақсы қасиеттерінің арқасында З.Жарқынбаев ха­лықтың жылы ықыласына бөленді. Жұртшылықтың өтініш-тілектеріне құлақ асып, сол түйінді түйткілдердің оң шешілуіне атсалысты. Сыр бойының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.

– Зейнолла ағамыз зиялылық қасиеттерімен де біздерге үлгі болды, – деді Қ.Қайруллаев әңгімесін одан әрі жалғастырып. – Үсті-басына шаң жуытпай, тазалығымен де ерекшеленетін. Киім киісі, шаш қою үлгісі де ізін басқан інілеріне


25

әрдайым өнеге болатын. Сол жылдарда еңбек жолын енді-енді бастаған біз секілді жастарға осындай ардақты азаматтар ақыл-кеңесін айтып, өз қызметіңде өнімді жұмыс істеуге бағыттай білді.

Конференция барысында өзге де белгілі азаматтар, ағайын-туыстары өз ой-пікірлерін білдірді. Олар З.Жарқынбаевтың азаматтық болмысы, қайраткерлік қызметі және шығармашылығы жөнінде әңгімелеп берді.

***

Танымдық жиыннан соң белгілі азаматтың рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, қайраткердің елге сіңірген еңбегiн атап өтті.



***

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында қоғам қайраткері, белгілі журналист Зейнолла Жарқынбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел шарасы өтіп, оған оқу орнының оқытушы-профессорлары мен студенттері, марқұмның туған-туыстары мен ізбасар інілері қатысты.

Жиынды ашқан университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов биыл туғанына бір ғасыр болып отырған Зейнолла Жарқынбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Бұдан соң мінберге көтерілген "Сыр Медиа” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстан Журналис­тер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев, ардагер журналист Өтеген Жаппархан, "Ел тіле­гі” басылымының бас редакторы Темірбек Есжанов, университеттің 2-курс студенті Гауһарай Есімова қайраткер туралы толғамдарын ортаға салды.

Ұлт баспасөзінде өзіндік орны бар қаламгердің мерейтойы аясында болашақ журналистер арасында "Қауырсын қалам” атты шығармашылық конкурс ұйымдастырылған болатын. Білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы мен "Руханиятты қолдау” қоғамдық қоры ұйытқы болған байқауға 30-ға тарта студенттер қатысты.

Қайраткердің өнегелі өмір жолына қарап, оның образын қалыптастыру және журналистерді шығармашылық шеберлікке баулу мақсатын көздеген бұл сайыс төрт кезең бойынша өткізілді. Оның алғашқысы байқау туралы баспасөз парақшасын дайындау, "Тосыннан түсіргенде...” атты екінші кезеңде әрбір үміткердің түсірген суреттеріне сараптама жасалса, келесі кезеңде олар "Жарқын бейне”, "Мәңгілік ғұмыр” тақырыптары бойынша портреттік очерк немесе эссе жазса, соңғы "Суретті сөйлету” кезеңінде талапкерлер табиғат көрінісі немесе портретке қарап мәтін құрау арқылы шығармашылық қабілеттерін танытты. Байқау қорытындысында 2-курс студенті Гауһарай Есімова жеңімпаз деп танылды. Сондай-ақ Айнұр Әли, Салтанат Бақбергенова, Балтабай Ордабеков және басқа студенттер жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сайыс жеңімпазы мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сыр журналистикасының корифейі Зейнолла Жарқынбаев шығармашылығы жас журналистерге үлгі-өнеге болып қала бермек.


//Сыр бойы.-2014.-27 мамыр.-1-2 б.

26
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ,


ЖЫР КЕШІ СЫР-СҰХБАТҚА ҰЛАСТЫ

А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде "Жыр – жүректің жауһары” атты жас жазба ақындардың әдеби-сазды кеші өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен "Құс қанаты – Қызылорда” қоғамдық қоры ұйымдастырған шараны сөз сөйлеп ашқан қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жас таланттарға шығармашылық табыстар тілеп, алдағы уақытта "Сыр жастары поэзиясының антологиясын” шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кеште Толқын Қабылшаева, Ботакөз Бексары, Ұлықбек Тәңірбергенов, Бақытжан Қалымбетов, Мақсат Дауылбай, тағы басқалар жауһар жырларын оқыды. Соңынан "Қазіргі қазақ өлеңі және Сыр бойының ақын жастары” тақырыбында "дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Онда белгілі әдебиетшілер Әскербек Рахымбекұлы мен Айжарық Сәдібекұлы жас ақындармен қазіргі қазақ поэзиясы, оның жетістіктері мен толғақты мәселелері туралы ой бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.

Шараның өткізілуіне облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетіп, "Игілік” корпоративтік қоры демеушілік жасады.
//Сыр бойы.-2014.-27 мамыр.-4 б.

Билік бағаны
Бейсенбі күні облыс әкімі Қ.Көшербаев жастар саясаты жөніндегі Кеңес отырысына қатысты. Онда облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Жиында облыстық «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ атқарушы директоры Н. Құлмырзаев ғалымдардың ғылым-білім саласы бойынша қосып жатқан жаңалықтарымен құлағдар етті. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындап жатқан химия саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.


//Ақмешіт апталығы.- 2014.- 28 мамыр.- 1 б.

27

Ш.НҰРСЕЙІТОВ,Е.АҚҚАЛИҰЛЫ
САЙРАҒАН БАҚТА БҰЛБҰЛДАЙ...
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, сөз зергерлерінің бірі, Сыр сүлейі – Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы ХІХ ғасырдың соңында бұрынғы Қараөзек болысы, Майлықұм елді-мекенінде дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасы Темірқожа деген кісіден хат танып, әрі қарай өз бетінше мұсылманша және орысша сауатын жетілдірген. Жасы 14-15-ке қараған шағында ақындығымен халыққа таныла бастайды. Заманында биге атқосшы, болысқа тілмәш болады. Ел арасында «Қаңлы Жүсіп», «Молда Жүсіп» есімдерімен аты белгілі болған. Кеңес өкіметі тұсында Тереңөзекте сотта хатшылық қызмет атқарған.

Шайырдың туған жерінде оның 140 жылдық мерейтойына арналған тағылымды «Сайраған бақта бұлбұлдай» атты іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы жылы 8-ші бекет аумағында дүр ақынның ағайын-туыстары бейітінің басына ескерткіш кесене орнатты. Іс-шара осы кесененің салтанатты ашылуымен басталды. Онда аудандық мәслихат хатшысы Батырбек Маншарипов құттықтау сөз сөйлеп, ақын ұрпақтарымен бірге алқызыл лентаны қиды. Қаңлы Жүсіптің ұрпағы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының құрметті азаматы Ернияз Омаров осы бір айтулы күнді көптен күткендерін айтып, кесене салуға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының мерейтойы аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Онда аудан әкімдігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және ұрпақтарының ұйымдастыруымен танымдық конференция мен жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Танымдық конференцияны аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікенов ашып, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар сөз зергерінің өмір жолына, ақындық қырларына тоқталды.

– Сыр бойы ақындары арасында сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ, замана қайшылықтарын шынайы суреттей білген ақынның бірі – Жүсіп Қадірбергенұлы, – деді аудан әкімінің орынбасары. – Ақын қаламынан туған «Ту көтерер тұтас болып дараланбай», «Заман», «1916 жыл», «Ерлерім хикаясын еттім дастан» сияқты саяси лирикалары мен «Бірлік туына», «Сауранбайға» атты арнауларын осы тақырыптағы шоқтығы биік шығармалар қатарына жатқызуға әбден болады. Ақын саяси ортадан алыста, Сыр бойында жатып-ақ ел өміріне белсене араласты, қаламымен халықтың қамын жеуі оның ақындық арынын ғана емес, саяси көзқарасын да танытты.

Жерлесіміз, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев сөз зергерінің шығармашылық жолына, оның өлеңдерінің әлеуметтік маңыздылығына ғылыми тұрғыдан талдау жасады.

Сыр сүлейлерінің шығармашылығын тірілтуде ғалымдарымыздың да қосып жүрген үлесі зор. Ғалым жерлесіміз Ғ.Тұяқбаев Қаңлы Жүсіптің шығармашылығын өзінің ғылыми еңбегіне арқау етіп келеді. Сондай-ақ, конференцияда ақынның ұрпағы, еңбек ардагері Ернияз Омаров шайырды ұлықтап жатқан аудан жұртшылығына шынайы алғысын білдірді.

Салтанатты шара соңында ақынға арналған жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Оған он бестен астам талапкерлер қатысып, ақын бабаға деген арнау-жырларын толғана оқыды. Олардың арасынан №142 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Гүлзат Оразова бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды ауданға белгілі ақын Бағдат Есназар иеленсе, екі екінші орынды Мейрамбек Шілдебайұлы мен Қанат Көзейбай, ал екі үшінші орынды Аружан Мұханбетқали мен Темірхан Аймағанбет өзара бөлісті.
//Сыр бойы.-2014.-29 мамыр.-4 б.
28


Нұрбек Дәуренбеков,

ЖАС БОЛСАҢ, ЖАЛЫНДАП ТҰР!

Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаев жастар саясаты жөніндегі Кеңес отырысына қатысты. Онда облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараны аймақ басшысы алғы сөзімен ашып, белсенді қызмет атқарып жатқан жастар ұйымдарының әлеуметтік жобаларына көңіл бөлді.

"Білектің емес білімнің, біліктіліктің заманы екенін” баса айтқан Қырымбек Елеуұлы мемлекеттің жастарға ерекше сенім артып, үлкен міндет жүктейтінін білдірді. Жастарға арналған 31 бағдарламаның тиімді жүргізіліп жатқанын, талапты шәкірттерге облыс әкімінің 300 гранты бөлінгенін айтты. Бұл грант әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан жас талаптарға, оқуға құштар мүмкіндігі шектеулі жастарға берілді. Сондай-ақ, қоғамға бей-жай қарайтындардың қатарын толықтырып жүрген жастарға аса көңіл аударуды тапсырды. Бұдан соң аймақ басшысы жастар ұйымдары өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстарын тыңдады.

Облыстық «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ атқарушы директоры Н.Құлмырзаев ғалымдардың білім-ғылым саласы бойынша қосып жатқан жаңалықтарымен құлағдар етті. Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындап жатқан химия саласындағы жаңалықтарымен бөлісті. Аса қызығушылық танытқан облыс әкімі жас ғалымдарға шағын ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға көмек беретінін жеткізді. Ал, «Студент жастардың еңбек жасақтары» облыстық штабы ҚБ төрағасы С.Жұмабеков жастардың құрылыс жұмыстарына араласып қана қоймай, қала аймағындағы түрлі жұмыстарды атқарып, еңбек етіп жүргені жөнінде баяндап берді.

«Сыр болашағы» жастар қоғамдық бірлестігінің маманы, 3 топтағы мүгедек Н.Макенова Елбасының жастарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастарға жасап жатқан қамқорлығының арқасында жұмысқа тұрып, қоғамдық өмірге белсене араласып жүргенін, өмірге құштар жас өрен жоғары білім алғысы келетінін де жеткізді. Аймақ басшысы оның бұл талабына ризашылығын білдіріп, қолдау көрсететінін айтты.

Сонымен қатар, шығармашыл жастарды дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайында жақында құрылған «Социум-Қызылорда» ҚҚ мүшесі Михаил Владимирович "Әлеуметтік парк” жобасын таныстырды. Бұқаралық спортқа тигізер мол үлесі бар жобаға облыс әкімі қолдау білдіретінін айтты. Ал, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі Әділ Абылайхан Сыр ұландары атынан жыр шашуын ұсынып, ерекше лебізімен қорытындылады.

Емен-жарқын өткен еркін кеңесте белсенді жастар суретке түсіп, облыс әкімінің қызмет бөлмесімен қызығушылықпен танысты.

//Сыр бойы.-2014.-29 мамыр.-1 б.

29
Халық-хабар


«Халықтың» тілшісі топ жарды
Белгілі баспасөз ардагері Зейнолла Жарқынбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай облыс көлемінде түрлі іс-шаралар көрініс тауып келеді. Осы уақытқа дейін журналистер арасында дойбы мен шахмат, бильярдтан жарыс өткізілсе, кешегі сенбіде «Қауырсын қалам» атты шығармашылық байқау қорытындыланды. Бұл кешті Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің ректоры Қылышбай Бисенов тізгендеді. Айтулы байқаудың шешімі шығатын күні «Сыр Медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Сақыпұлы катысушылардың жеңімпаз атануына сәттілік тілесе, ардагер журналистер Өтеген Жаппархан және Темірбек Есжанов З.Жаркынбаев жайлы өз естеліктерімен бөлісті. Қоркыт Ата атындағы ҚМУ-дің гуманитарлық-педагогикалық институтына қарасты қазак тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғ.Тұякбаев:

«Қауырсын қалам» атты байқауға журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген 30-ға жуық болашіақ жас журналистер қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Зейнолла Жарқынбаевтың құурметіне өткізілген осы байқау туралы баспасөз парағын жазды. Одан кейін «Тосыннан түсірілгенде» деген атаумен фотожинақтарын өткізді. Үшінші кезеңде «Жарқын бейне» тақырыбында портреттік очеркке қалам тербесе, ақтық мәреде қатысушылар берілген суреттерді сөйлетті,-деді.

Сайыс нәтижесінде ынталандыруға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің 1-курс студенті Айнңр Әли ие болды. Жүлделі 3-орын 2-курс студенттері Балтабай Ордабековпен Назерке Байділдаеваға және Салтанат Бақбергеноваларға бұйырды. Екі жүлделі екінші орынды 1-курс студенті Ерасыл Шәрібек және 3-курс студенті Жазира Қойшыбекова еншіледі. Ал бас бәйгені 3-курс студенті, «Халық» газетінің тілшісі Гауһарай Есімова қанжығасына байлады. Айта кетерлігі, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Марапаттау соңы З.Жарқынбаевтың 100 жылдығына арналған ғылымдык-танымдық конференцияға жалғасты.

//Халық.-2014.-29 мамыр.- 5 б.

30




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет