Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 19


Ата-аналармен жұмыс 2015-2016 оқу жылы



бет53/88
Дата05.02.2022
өлшемі3,35 Mb.
#25641
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88

Ата-аналармен жұмыс 2015-2016 оқу жылы


Дұрыс тәрбие беру - отбасымен бірігіп қызмет жасап, тығыз қарым-қатынаста болғанда үлкен нәтижеге қол жеткізе алады. Сондықтан баланың жан-жақты дамуына және жақсы тәрбие алуына зор ықпалын тигізетінін есте сақтаған жөн.


Өткен оқу жылы алға қойылған міндеттер:
- мектептің жалпы ата-аналар комитеті жұмысын жетілдіру;
- ата-аналармен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын жалғастыру;
- оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамту жұмысын ата-аналармен бірлесіп орындауды жалғастыру.
Ата-аналармен жұмыс бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы сынып жетекшілер және Профилактикалық кеңес арқылы тәртібі нашар оқушылар, сабақтан қашу, яғни «тәуекел топтағы» балалар тізімі анықталып, олармен үнемі профилактикалық жұмыстар (сұхбаттасу, арқмен үнемі жалғасуда: бос уақытын қамту т.б.), рейдтер, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға кеңес беру сияқты жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұрды.
Ағымдағы оқу жылында сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, инспектор оқушылар мен ата-аналарын жалпыға міндетті оқытудың құқықтық нормативті құжаттарымен таныстырып, демалыс алдында девиантты мінез-құлықты балалардың ата-аналары, балалар тәртібіне жауапты деген жазбаша ескертулер беріледі. Соған байланысты өз ата-аналық міндетін дұрыс орындай алмайтын ата-аналар бар. Мәселен, Клецкова Е. отбасы.
2015-2016 оқу жылында сынып жетекшілермен сөйлесу, мұғалімдермен оқушылардың үйлерін аралау, балалардың сабақ үлгерімі мен тәртібіне қарай, үнемі бақылауды аса қажет ететін оқушылар анықталды: 1 оқушы МУК, 9 оқушы – МІБ; оның ішінде 2 оқушы « тәуекел топқа» кіреді. анықтау бойынша сынып жетекшілерімен кеңес өткізді, ерекше назарды керек ететіндер: 6 оқушы, МУК және МІБ тіркеуінде тұрғандар; 6 оқушы, «қауіп тобы» кіретіндер.
Мектеп ата-аналармен бірлесіп оқушылардың сабақтан тыс, демалыс кезіндегі бос уақытын қамтуды ұйымдастырады. Осы мақсатпен оқушыларды сабақта және сабақтан тыс үйірмелермен, спорттық секциямен қамту мониторингі жүргізіледі. Әсіресе жаз кезіндегі оқушыларды қамту мәселесі басты назарда.
Міне, көп жылдар бойы мектеп ата-аналар қоғамымен үш бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. Отбасы диагностикасы.

  2. Ата-аналар дәрісі.

  3. Педагогикалық тұрғыдан жан-жақты бақылауды қажет ететін отбасы (жағдайы нашар отбасы, көп балалы отбасы, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы).

Осы бағыттағы міндеттерді орындай отырып, мұғалімдер балалармен, ата-аналармен сөйлесу, оқушылардың үйін аралау арқылы, отбасы жағдайымен танысады, ата-аналармен, балалармен әңгімелеседі. Кейбір оқушылардың қандай жағдайда тұрып жатқанын білмейміз, сондықтан бұл балаларға дер кезінде көмек көрсетілмейді. Мектепте оқушылар деректері бар, оған ата-аналар туралы мәліметтер кіреді, яғни қажет жағдайда бірден байланысуға болады.
1-ші сыныпқа қабылдау кезінде бірінші сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайын алдын ала анықтау мақсатымен біз отбасы құрамын, (толық отбасы, ата-аналарымен немесе қамқоршымен т.б.) болашақ оқушы қоршаған ортасы қандай екендігін анықтаймыз. Болашақ 5-сыныптар үшін сынып жетекшілікті алдын-ала болжау мүмкін емес, сол себепті 5-сыныпқа келген оқушылардың әлеуметтік жағдайымен сынып жетекшісіне жаңадан танысуға тура келеді. Дегенмен оқу жылының басында бастауыш сынып мұғалімдері мен болашақ 5-сыныпта беретін мұғалімдер олармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Байқағанымыздай, ата-аналардың көбі тәрбиелеу жұмысына мән бере қоймайды, тығырыққа тірелген соң, қолын бір-ақ сілтеп жүре береді, арнайы әдебиетке жүгінбейді, сондықтан мектепте ата-аналардың педагогика-психологиялық тұрғыдан жан-жақты хабардар болу өте маңызды. Осы бағыт ата-аналардың дәрісі, жеке сұхбаттасу, психолог, әлеуметтік педагог, КІБ инспекторы және мұғалімдердің кеңесі арқылы жүзеге асырылады. Өткен оқу жылында ата-аналарға арналған педагогикалық білім университетінің сабақтары жүргізілді:
- «Особенности адаптации первоклассников к школе» 1-сыныптар;
- «О поощрении и наказании» (эмоциональное состояние школьников) - 2-сыныптар;
- «Отражение семейных отношений на обучении и поведении» 3-сынып.;
- «Роль семьи в формировании личности ребенка» - 4-сыныптар;
- «Проблема адаптации 5-классников к условиям обучения в средней школе» 5-сыныптар (мектеп психологы Зенкина О.Ю.);
- «Трудности возраста и его влияние на отношения между родителями
и детьми» 6-сыныптар (психологтар);
- «Компания в жизни старшеклассников» – 8-сыныптар (Пивоварова И.В.,
сынып жетекшілер);
- «Помощь семьи в правильной профессиональной ориентации ребенка» (встреча с представителями ССУЗ) - 9-сын. (Ютлина Г.И., сынып жетекші)
- «Ответственность, самооценка и самоконтроль. Как их в себе развить?»
10-сыныптар (психологтар, сынып жетекшілер);
- «Стрессоустойчивость, как помочь ребенку успешно сдать ЕНТ» - 11-сыныптар (психологтар, оқу-іс меңгерушілері, сынып жетекшілер);
- «Будущие первоклассники» (психолог, Копнышева М.В.)
Ата-аналарға кеңес беру, ұсыныс беру мақсатында нарколог дәрігері, фтизиатрмен кездесулер ұйымдастырылды.
Ата-аналар мен мектеп өзара тығыз байланыста болу үшін ата-аналар оқу-тәрбие үрдісіне, балалардың сабақтан тыс, ойын-сауық қызметіне кеңінен араласу қажет.
Осыған дәлел, мұғалімдер ата-аналардың көмегімен Астана қаласына туристік демалуға шығуды ұйымдастырды (1-4 сынып, сынып жетекшілер: Потарская Е.Н., Садовая И.Н.), өткен жылы «Жас дәурен» (5-8 сынып оқушылары).
Аналар мен әжелерге арнап, тек қана мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдері емес, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары «Загляни в мамины глаза» атты мерекелік концерт қойды. Мектеп және қалалық мерекелер мен байқауларға арналған костюмдерді сатып алуға ата-аналар көптен-көп көмектеседі. Сонымен қатар «Две звезды», «Әй, жарайсың!» атты мектеп жобасына белсене қатысты. Өткен оқу жылы «День семьи» күні атап өтті, онда ата-аналар «Мама, папа, я – спортивная семья» жеңіл атлетика эстафетасына және «Моя семья» асфальт үстіне сурет салу сайысына қатысты. «Дорогами Победы» іс-шарасы, 1 "В" сынып (сынып жетекшісі Горецкая Г.М.), "Птицы наши друзья" акциясын өткізуге 2 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі Головенко Л.А.), бастауыш сынып ата-аналары үлкен көмек көрсетті, макулатура жинау қайырымдылық акциясында 139 кг қағаз жиналды, жиналған ақшасы панасыз жануарларға, ауыр өмірлік ситуацияларға тап болған әйелдерді сауықтыру орталығына киім-кешек жинауға жұмсалды. Ата-аналар мектеп ауласының кіре-берісін жөндеді.
Дәстүр бойынша ата-аналар Наурыз, Жаңа жыл мейрамдары, мектеп түлектері кеші, «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдауды өткізуге де атсалысады.
Мектеп пен отбасы, соның ішінде ата-аналар патрулі кезекшілігі жұмысын ортақ ұйымдастыратын сыныптардың ата-аналар комитеті үлкен көмек көрсетеді.
Осы оқу жылы жалпы мектеп ата-аналар комитетінің жұмысы белсендірілді. Жалпы ата-аналар жиналысында 5 адамнан тұратын ата-наналар комитеті таңдалды. ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын жүзеге асыруда ата-аналар белсене қатысады, сондай-ақ оқушыларды тамақтандыру бойынша бақылау комиссиясы құрамына кіреді.
Дегенмен, ата-аналардың оқыту мен тәрбие үлдісіне тигізген пайдасы зор болғанмен, аздап проблема туындап тұр. Тіркеуде тұрмыстық жағдайы нашар – 4 отбасы тұр, яғни ата-аналық міндетін дұрыс орындай алмайтын. Олар: Новоселов А. (4-Б), Бердугажинов А.(4-А) мен Бердугажинова А. (2-Е), Пунтусова А. (4-В) мен Пунтусов В. (6-А), Клецкова Л. (9-Б). Ата-аналардың бәрі мектеппен ортақ әрекетке түспейді: өз баласының сабақ үлгеріміне, тәртібіне, сыртқы киіміне көңіл бөлмейді. Осындай ата-аналармен тіл табыса алмау себебі - ата-аналар бала тәрбиесінде жіберген кемшіліктерді көрмейді, мойындамайды.
Келесі оқу жылында алға қойылатын міндеттер:

  • жалпы мектептік ата-аналар комитеті жұмысын жүйелі түрде жалғастыру;

  • ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын толығымен жүзеге асыру;

  • ата-аналармен бірлесіп кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет