Мазмұны Кіріспе 3-6


Кеден шекарасы арқылы таурлар мен көлік құралдарын өткізудегі кедендік рәсімдеу мен бақылауды ұйыймдастыру тәртібі



бет4/5
Дата03.04.2020
өлшемі83,75 Kb.
#61490
1   2   3   4   5
Байланысты:
каз.там.


2.2.Кеден шекарасы арқылы таурлар мен көлік құралдарын өткізудегі кедендік рәсімдеу мен бақылауды ұйыймдастыру тәртібі

Кедендік рәсімдеу мен бақылауды ұйымдастыру мәселелеріне кедендік аймақтарын белгілеу кіреді. Кеден кодексіне сәйкес, кедендік бақылауды жүргізу үшін ҚР кедендік комитетімен белгіленетін орындарда, яғни арнаулы кедендік режимдер әрекеті тарапатын баж салығынсыз сауда дүкендері орналасқан территорияда, кедендік шекаралардағы өткізу пунктерінде, кедендік қойма және еркін қойма орналаскан жерлерде, тауарлар мен көлік күралдарын өткізу орындарда кедендік бақылау аймақтары қүрылады. Кедендік рәсімдеу мен бақылау аймақтарының тәртібін бүзу ескерту немесе заңмен белгіленген ең төменгі айлық еңбектің 10-ға дейін мөлшеріндегі айып түрінде жауапкершілікке тартылады. Кедендік рәсімдеу мен бақылау аймақтарының тәртібін сақтауға қадағалауды қащамасыз ету үшін кажетті шараларды жүргізу қажет. Мүндай шаралардың бірі - алдын-ала жүргізілетін операциялар.

Алдын-ала кедендік қүжаттандыру және бақылау кезінде лауазымды түлғалармен мынадай әрекеттер жүргізіледі: ҚР кедендік территориясына әкелінетін тауарлар мен көлік күралдарының кедендік шекарадан өткізу жөнінде мәліметтерді қабылдау; ҚР кедендік территориясынан тыс тауармен көлік қүралдарын шығару ниеті жөніндегі мәліметтерді қабылдау; Тауарлар мен көлік қүралдарын уақытша сактау қоймаларына орналастыруына бакылау жүргізу: Қысқа декларацияны қабылдау; Тауарлардың үлгілерін алу; Тауарлар мен көлік қүралдарының жеткізу орындарында орналастыру және уакытіпа сақтау қоймаларында сақтау жағдайларына бақылау жүргізу және оларды есепкс алу; Кедендік декларацияны тексеру аяқталғаннан кейін, бірінші сатыны жүзеге асырушы лауазымды түлға кедендік декларацияның бірінші парағының аргынп «1» цифрасының түсына «Тексерілді» деген белгі қояды және тексеруді аяқтаган күні, уақытша, тексеруді жүргізген түлғаның қолы, мөрі қойылып, декларация екінші сатыға өткізіледі. Екінші сатыда, яғни сырьтқыэкономикалық тауарлар номенклатураға сәйкес тауарлардың кодын анықтаудың және тауарлардың Іпыгу елін анықтаудың дұрыстығына, сонымен қатар тарифтік емес реттелу шараларының сақталуына бакылау жүргізу сатысында мынадай іс-әрекеттер жүргізіледі: Кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығына бақылау жүргізіледі; Кедендік декларациядағы көрсетілген тауарлардың сипаты қойылған талаптарға сәйкестігі, тауарлардың саны, салмағы және т.б. мәліметтері тексеріледі; Сыртқы экономикалык тауарлар намегнклатурасына сәйкес тауарлардың кодының дұрыстығына бакылау жүргізіледі; тауарлардың алдын-ала жүргізілген классификациясы бойынша қүжаттары тексеріледі және бүл күжаттарға мәліметтердің тауарлар сипатына сәйкестігі тексеріледі; тауарлардың шыққан жерін (елін) анықтау үшін кедендік декларациядағы мәліметтердің толықтығы, шынайылығы тексеріледі; тарифтік жеңілдік пен преференцияға жататын тауарлар күжаттары және ондағы мәліметтер тексеріледі; тарифтік емес реттеу шараларының сакталу мақсатында кедендік декларациядағы көрсетілген мәліметтердің толыктығы, шынайылығы тексеріледі; тарифтік емес реттеу шараларының сакталуын негіздейтін қүжаттар мен мәліметтер тексеріледі. Тауарлардың сәйкес кеден тәртібіне орналасу шарттарының сақталуына бақылау жүргізеді (кедендік төлемдерді төлеу және кедендік күнды анықтаудан басқа). Кедендік рәсімлеуге белгіленген тәртіпте үсынылған күжаттар пакетін тауарлардың шығу жеріне және олардың сыртқыэкономикалык тауарлар наменклатурасына сойкес жіктелуіне/тарифтік емес реттелу шараларына қатысты шешімдерді қабылдау үшін органдарының маманданлырылған бөлімдеріне жөнелту.Осы аталған бақылау әрекеттері аякталғаннан кейін лауазымды түлға кедендік декларацияның бірінші парағының шартына «2» цифрасының түсына «тексерілді» деген белгі кояды және тексеруді аяқтаған күні, уакыты, тексеруді жүргізген түлғаның қолы, мөрі қойылады және кедендік декларация келесі сатыға жіберіледі

Үшінші сатыда, яғни кедендік қүн бақылауы және валюталық бакылау сатысында төмендегідей іс-әрекеттер жүргізіледі; Валюталық бақылау үіпін қажетті барлык қүжаттар тексеріледі; Сыртқы экономикалык келісім-


шарттардың және т.б. күжаттардың валюталық заңдылык талаптарына сәйкестігі тексеріледі; Валюталык бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылған
қүжаттардағы, кедендік декларациядағы мәліметтердің шынайылығы
тексеріледі; Кедендік максаттағы тауарлардың бағалану әдісін декларантпен
дүрыс таңдалғаны тексеріледі; Кедендік күнның сәйкес қүжаттарға сай дүрыс
жарияланғаны тексеріледі; Кедендік қүнның барлық элементтерін негіздеу
үшін, қүлға ықпал еткен мәміленің шарттарын анықтау үшін кажетті
қосымша мәліметтерді жинау; Декларант жариялаған кедендік күнды
негіздейтін қажетті күжаттардың жоқ болған жағдайда тауарды шартты
бағалау; Валюталық бағалау және тауарлардың кедендік қүнына қатысты
шешімдерді қабылдау үшін мамандандырылған кеден органдарының бөлімдеріне кеденджік рәсімдеуге берілген қүжаттарды жөнелту; Кеден органдарының өкілетілігіне жапайтын, валюалық заңдылықтың бүзылғаны жөнідегі мәліметтерді кеден органының валюталық бақылау жөніндегі мамандандырылған бөлімдеріне жөнелтеді. Бақылау аяқталғаннан кейін лауазымды түлға кедендік декларацияеың бірінші парағының артына «3» цифрасының тұсына «тексерілді» деген белгі кояды, тексеру аяқталған күні, уақыты,, тексеру жүргізген түлғаның мөрі қойылып, декларация келесі сатыға өткізіледі.

Төртінші сатыда, яғни кедендік төлемді бақылау саысында төмендегідей


тексерулер жүргізіледі: Кедендік төлемдерді төлеуге жауапты түлғаның
кедендік төлемдерде төлеу, төлемді өтеуді кейінге қалдыру және бөліп тө.Іеу,
кедендік ережелерді бүзғаны үшін айып сомаларын төлеу, кеден төлемдерін
төлеу мерзімдерін өткізіп алғаны үшін өсімақы төлеу бойынша қарыздарының бар-жоғы тексеріледі; кедендік декларацияны, белгіленген
мерзімде декларанпен беруі сақталғаны тексеріледі; кедендік төлемдерді
есепеуге әсер ететін кедендік деклорациядағы және оның элекрондық
көшірмесіндегі мәліметердің дүрыстыгы тексеріледі; кедендік гөлемдерді төлеу және есептеудің ерекше тәртібін анықайтын немесе тарифтік және салықтық жеңілдіктердің негіздігін белгілейтін қүжаттарды тексереді. Кеден органының мамандандырылған бөлімі арғылы лауазымды тұлға кеден органының шотына акша каражатының түскені анықталады. Егер кеден органының шотына акша каражады түспеген жағдайда кедендік деклорация осы сатыда қалдырылады. Бақылау аяқталғаннан кейін лауазымды тұлға кедендік декларацияның бірінші парағының артқы жағына «4» цифрасының түсына «Тексерілді» деген белгі қойылады, тексеру жүргізген йүні, уакыты, қолы, мөрі қойылып, декларация келесі сатыға жіберіледі.

Бесінші сатыда, яғни тауарларды тексеріп қарау және шығару сатысында мынадай іс-әрекеттер жүргізіледі: Кедендік рәсімдеу және бақылаудың бүдан бүрынғы сатылардан өткендігі тексеріледі; Тексеріп қарау жөнінде шешім қабылдап, тексеру нәтижесі бекітіледі; тауарлар мен көлік күралдарын шығару және шығармау жөнінде шешімді қабылдау жолымен кедендік рәсімдеу аяқалады. Шығару жөніндегі шешім өкілеті лауазымды түлғамен кабылданады және кедендік декларацияда «шығаруға рұқсат» бүрыштамасы койылады, сондай-ак көлік қүжаттарының жоғарғы оң бүрышына кедендік деклорацияның номері көрсеіледі. Бүрыштама және нөмір лауазымды түлғаның мөрімен куәландырылады. Шығарғаннан кейін көлік қүралдарын, тексеріп қарауға дейін, сондай-ақ тексеріп караусыз нақты жүзеге асырылады.Егер тексеріп карау жүргізілсе онда кедендік деклорацияның бірінші парағының артқы жағының «5» цифрасының түсына тауарды шығаруды жүзеге асыратын түлга «Тексеріліп қаралды» деген.белгі койып, күні, қолы және мөр койылады.Егер тауарды шығармау жөнінде шешім кабылданса, онда кедендікдекларацияға және көлік қүжаттарына «шығарута тиым салынады» деген бұрыштама қойылады және бүл бүрыштама лауазымды түлғаның мөрімен куәландырылады. Мүндай декларация және оған тіркелетін күжатар белгіленген тәртіпте арнаулы архивке жіберіледі. Уақытша сақтау мерзімі өткеннен кейін, тауарлар мен колік қүралдарын өткізуші түлға, басқа кеден тәртібіне сәйкес тауарлар мен колік қүралдарын бақылайды. Мерзім бұл алдын-ала бекітілген ереже бойынша есептелінетін, нормативті акілер мен белгіленетін уақыт бөлігі. Мерзімді токтата түру -заңмен белгіленген жағдайда да белгілі бір уақыт бөлігінің мерзімге енгізілмейтінін білдіреді. Таңдалған кедендік тәртіпке сәйкес тауарлар мен көлік кұралдары басынан аяғына дейін кедендік бақылауда болады. Кедендік бақылауда болу мерзімдері таңдалған кеден тәртібіне байланысты болады. Мысалы, кедендік қойма тәртібінде тауарлар 3 жол болуы мүмкін; кедендік транзит тәртібіне сәйкес, авомобиль көлігіне тасымалданатын акцизді тауарларды жеткізудің максималды мерзімі - 60 күн; стихиялық апаттар кезінде, жол апаттарында, тауарларды, малды, тез бүлінетін тауарларды, редактивті материалдарды және т.б материалдарды территорияға әкелу және шығару, олардың рәсімделуі жеңілдетілген түрде жүргізіледі, ал кедендік декларацияны, күжаттардытексеру және тауарларды тексеріп қарау кедендік декларацияны қабьщданған мезгілден бастап 3 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Кеден бакылаудың басталу мерзімін анықтау үшін, тауарлар мен көлік қүраядарын әкелу немесе шығарылу жүзеге асырылатындығы анықталады. Кедендік бакылаудың басталу мерзімі: тауар мен көлік қүралдарын әкелу кезінде кедендік шекарадан өту кезінен басталады, тауар мен көлік қүралдарын шығару кезінде кедендік декларацияны кабылдаған кезінен басталып, кедендік тәртіпке сәйкес тауарлар мен көлік қүралдарын шығарған кезден бастап аяқталады. Егер ҚР заңдылығы немесе халыкаралык келісімдер бүзылғаны жөнінде жеткілікті мәліметтер болса, тауарлар мен көлік күралдарын шығаруына байланыссыз, кез-келген уақытта кедендік бақылау жүргізіледі. Кедендік рәсімдеу мен бакылауды жүргізу үшін қажетті болып табылатын мерзім талаптарын түлғалар сақтау қажет. Бүл талаптар Кеден комитетімен белгіленеді. Бүл талаптарды сақтау нәтижесінде түлғаларға келтірілген зиянкестік толтыруға жатпайды.ҚР заңдылығы бүзылған жағдайда, кеден органдары тауарларды жоне көлік қүралдарын тексеруте, олардың қайта кедендік тексеріп қарауга қүкықты, кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтер қайта тексеріледі, осы тауарларга қатысты сыртқы экономйкалық операцияларға катысты коммерциялық және т.б. қүжаттарды тексереді. Тексеру декларант орналаскан орындарда немесе көрсетілген операцияларға қатысты бар тұлғалар орналаскан немесе қажетті құжаттарға ие болатын түлғапардың орналасқан орындарда жүргізіледі. Қазақстан Республикаеының кеден шекарасы аркылы өткізетін тауарлар мен көлік қүралдарының иесі немесе түлғасы немесе кеден органының бакылауымен қызметін жүзеге асырушы, кедендік бақылауға кажетті кужаттар- мен мәліметтерді кеден оргаңдарына соңында үсынуға міндетті. Мүндай мәліметтерді кеден органдары салық және басқа да бакылаушы органдардан алуы мүмкін.

IІІ тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің құқықтық механизмі және оның қағидалары.
3. 1. Қ.Р. Кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің жалпы жағдайы және оның негізгі қағидалары.
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүие іргетасының – тұтастай өзгеруін қажет етеді. Бұл процесті талдаудың бірінші буынына әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып бағаланады.

Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.

Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды; қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономикалық құрылымдық жағынан қайта құруына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвистицияларын тарту және т.б. Осыған сәйкес 2003 ж. 1- мамырда «Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексі » қабылданды. Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі экономиканың ең маңызды салаларымен бірқатарда тұр. Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кедендік одақ, және еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық бірігуді одан әрі дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде келісімді жасау дегенді білдіреді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республика кедені шекарасында және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен басқару. Осы мәселенің мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді. Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар және транспорттық құралдарын өткізудің негізгі қағтдаларын қарастыру керек;

Бірінші қағида .Республиканың кедендік территориясына тауарлар мен транспорттық құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығару жатады.мұнда кедендік территорияға жататындар: еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі.

Екінші қағида. Республика тауарлар , транспорттық құралдарды енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы принципті ескере отырып, мұндай қарама- қайшылық тәжірибеде болатын тауарлар мен транспорттық құралдарды енгізу, шығаруға шек қоюға қажеттілікпен түсіндіріледі. Оның мынадай себептері бар:



  • ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі ( стратегиялық маңызды салалар өнімдерін шығару, тауарлы – материалдық құндылықтарды, есірткі заттарын, бактериалогиялық қару, жаппай жою қаруларын контрабандалық жолмен шекарадан өткізу, сапа стандарттарына сәйкес емес тауарларды кіргізу және т.б.

  • азаматтардың заңды және тұлғалардың денсаулығына қауіп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;

  • Қазақстан Республикасының шығармашылық, тарихи және архиологиалық мұрасына қауіп;

  • Меншік құқығына оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;

  • әкелінетін және шығарылатын тауарлар, транспортты құралдар сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіп.

Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.

Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек. Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискацияланып, соттың шешімімен мемлекеттің меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылу мумкін.



Үшінші қағида. Тауарлар және транспортты құралдарды әкелу мен шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер- заңды акты түрінде отыз күннен кейін күшіне енеді.

Төртінші қағида. Тауарлар мен транспорттық құралдардың кедендік шекара арқылы өту принципі – кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл принцип бұрынғы принциптің салдары және құрамдас бөлігі болып келеді. Оның мағнасы мынада: шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлемі байланысты болады. Мұнда тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес17 кедендік режим белгіленген. Шекарадан өтпес бұрын тауарлар және транспорттық құралдар кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік территория периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі. Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.

Кеденді бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдары мен, кеден заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады. Процестің көп векторлығын ескере отырып, тауар және транспорттық құралдардың кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.



Бесінші қағида. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар мен транспорттық құралдарды тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы экспортқа арналған тауарлар кедендік территориялардан тыс жерлерде өңделе алмайды.

Соңғы қағида. Шартты шығарылған тауарлар мен транспорттық құралдарды пайдалану мен қолдану принципі. Бұларға кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі берілген мақсаттар мен кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды орындауға міндетті. Кеден режимдерін қолдану тәжірибесі оларды құқтық реттеудің ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап етуі мүмкін. Сондықтанда Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпы және тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Ресейдің кеден Кодексінің 24-бабы заңды заңды актілерді қабылдағанына дейін бұл мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген. Ал Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 8- бабында тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге, теңдей негізінде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқтан айырылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, архиологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интелектуальды меншікті, тұтынушыларын және басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің кеден Кодексі Ресей Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықтаған басқа мүдделерді шектеуді дұрыс деп санады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімдеген кеден режиміне , сондай-ақ кеден рәсімдері мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады. Тұлғаның кез келген уақытта тауар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақыты олардың жұмыс уақытымен белгіленеді. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Заңы «мемлекеттік шекара» мен «кеден шекарасы» ұғымын ажырата түсті. Бұл мәселелер заңда бұрын басқаша қарастырылды, «кеден шекарасы» ұғымы мемлекеттік шекара ретінде қабылданды. Қазақстанда кеден тарифі іс жүзінде кеден төлемдерінің бекітетін қаулыларда қабылданған. Қазақстан Республикасының Кедендік тариф және төлем туралы заңына сай Президент қаулысымен бекітілуі тиіс. Қазақстан Республикасының уақытша импорттық кеден тарифі кеден кодексінің 7- тарауында жауап беретіндей кеден тарифі моделін ұсынып отыр. Кеден тарифі кеден төлемі алынатын тауарлар жүйесінен, төлемдер ( олардың түрі бойынша) алынатын тауарлар атауларынан, нақты кеден төлемі мөлшерінен, пайдалануға және алып келуіне, шығаруға немесе транзиттеуге тыйым салынған тауарлардан тұратындықтан оны бар актімен бекіту қиындық туғызады. Халықаралық тәжірибеден кеден тарифінің екі түрі қарастырылады: қарапайым және күрделі. Қарапайым кеден тарифі тауардың шыққан еліне қарамастан әрбір тауарға тиіс бір мөлшерде кеден бажын бекітеді, мұнда кеден жеңілдіктері мен кеден преференциялары қолданылмайды. Күрделі кеден тарифі тауардың шыққан еліне кеден бажының екі немесе одан да көп мөлшерін қарастырады.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМД мемлекеттері тағайындаған елдер қағида бойынша өзара саудада қосымша салық салудың бірыңғай жүйесін қолданатын болады. Заң бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайтын ережелер жиынтығын білдіреді және бұл Кеден Кодексінің 116 бабында мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы мемлекеттердің Кедендік заңдылықтарының негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен тұжырымға ұқсас. Соңғысынан айырмашылығы 15 кеден режимі анықталған еді сол кезде - ақ 17 режим бекітілген; тауарларды еркін айналысқа шығару; тауарларды кері импорттау; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда жасайтын дүкен; кеден аумағында тауарларды ұқсату, кеден бақылауымен тауарларды ұқсату, тауарларды уақытша әкелу мен әкету, еркін кеден аймағы; еркін қойма; тауарларды кеден аймағынан тысқары жерде ұстау, тауарлар экспорты, тауарларды жою, мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту және арнайы кедендік режим.

Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында қалуы немесе тұтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін ешқандай міндеттеме берілмейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауарлар өткізу үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық саясат шараларын және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.

Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады; кеден төлемдері мен салығын төлеу; тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бақылау аймағындағы талаптарды сақтау: заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау; кеден рәсімдеуін аяқтау барысында.

Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарларды кері әкелу мүмкіндігі үшін арналған.


Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл ішінде кеден аумағына табиғи тозу мен кемуінет байланысты болған өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы тиіс Ресей заңдылығы және Кеден заңдарының негізгі 10 жылдық мерзімді белгілеген. Кеден органдары кері импортты тұлғаға бұрын төлеген кеден төлемін қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші тұлға экспортқа шығару кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нәтижесінде алған сомаларын қайтарады. Осы сомалардан басқа олардан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми пайыздық мөлшер бойынша пайыздар өндіріліп алынады . Кедендік режимнің кері импортының тауарларының қатарына төмендегі тауарлар түрлерін енгізуге болады: Экспорттың кедендік режиміне сәйкес бұрын Қазақстан Республикалық аумағынан тыс әкетілген тауарларды; әкетілген кезден бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден, аумағына әкелінген тауарларды ; дұрыс тасымалдау және сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен шығынның болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан тауарлардың бұзылуы, сапасының төмендеуі, сондай-ақ бұл тауарларға сақтап қалу мақсатында оның құнын өзгермейтіндей сол қалпында сақталған тауарларды; Табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі тозуды анықтау сол тауарға қатысты стандарт пен анықталады. Табиғи немесе апаттық күштер салдарынан өзгеріске ұшырау жағдайы, фактісі Қазақстан Республикасы шет елдегі консулдық мекемесімен құжаттай куәландырып бекітілуге тиіс. Әкету уақыты кедендік деклорацияны қабылдау күнінен бастап есептеледі. Тауарлар транзитінде жауапкершілік тасымалдаушыға жүктеледі. Тауарлар жоғалған болса, кеден органдарының рұқсатынсыз берілген болса және заңда қарастырылған басқа да жағдайда кеден бажымен салықтарын төлеуге тиісті.

Мына жағдайларда тауарлар транзитіне рұқсат беріледі: көлік құралдарына қатысты жабдықтау талаптарын сақтаса: кедендік баж және салықтың төленуін қамтамасыз ететін өклетті банктің кепілдігін алғанда немесе Қазақстан Республикасы Кеден органының қатысты депозитіне қажетті ақыны төлеген жағдайда; кеденді алып жүру барысында.

Қаулы бойынша Қазақстан Республикалық халықаралық автомобильдік тасымалдау одағына сәйкес кепілдік ұсынды. Кеден қоймасының режимі әкелген тауардларды кеден бажын, салығын алмай және экономикалық саясат шараларын қолданбай кеден бақылауы негізінде сақтауға, сондай-ақ кеден бажын , салығын, экономикалық саясат шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейін кеден бақылауы негізінде сақтау үшін арналған. Кеден қоймасы режиміне әкелу мен әкетуге тыйым салынбаған тауарлардың кез-келгенін жатқызуға болады. Кеден қоймасы режиміне сәйкес тауарды сақтауға кез-келген арнайы белгіленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орынды анықтау операциясы жүргізіледі. 2003 жылғы 16 қазанда кеден комитетінің бұйрығымен кеден қоймасы туралы ереже бекітілді. Кеден қоймасы арқылы өтетеін тауарларға байланысты декларантқа жүктеледі. Кеден қоймасына сақтауға тауарларды қойған тұлғаға деклорантпен ортақ жауапкершілік жүктеледі.

Кедендік режимін өзгертпей тауарларды бір кедеендік қоймадан екінші қоймаға тасу барысында сақтау мерзімі тауарды кеден қоймасына алғашқы орналастырған күннен бастап есепке алынады. Отандық және шетелдік тұлғалардың өндірістік мүмкіндіктері кеден заңы рұқсат ететін тауарларды қайта өңдеу операцияларымен айтарлықтай толықтырылады. Оған мыналар жатады: сәйкестендіру өңдеудің басты шарты болғанда ; өңдеу өнімдерін әкелген тауарларға сәйкестендіруге мүмкіндік беретін шетел тауарларының сөз белгілерін өңделген өнімдерге сақтап қалатындай, бірақ өзіндікерекшелігін жоғалтпайтындай тауарларды қайта өңдеуді қарастырады: әкелінген тауарлардың басты белгілерін сақтап отырып, құрастыру, жинақтау, лайықтауды қоса алғандағы тауарды қайта жасау , өңдеу тауарды қалпына келтіру, жөндеу; өнімдерді өңдеу өндірісін жеңілдетуге көзделген, өңдеу процесінде жартылай немесе толық қолданылатын кейбір тауарларды пайдалану.

Заң төлемдерден босататын жағдайлардыда қарастырады. Қажетті өңдеуден өткен тауарлардың еркін айналымға шығаруғаболатындығын мәлімдеген жағдайда әкелінетін тауарға қойылатын кеден төлемі жүзеге асуы мүмкін, немесе тауар иесі бұл төлемнен ішінара босатылуы мүмкін.

Заңда әкетілген тауар кеден төлемінен толық босатылған жағдайда , оны қалпына келтіру тегін жүргізілетіні және төлемнен тек жартылай босатылса ақыға жөнделетіні туралы айтылып кеткен. Тауарды уақытша әкелу не әкету режимі кеден аумағында не одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе ішінара босата отырып және экономикалық саясат шекараларын қолданбай оларды пайдалану үшін арналған. Тауарды уақытша енгізу, әкелу және уақытша шығару,- әкелу (әкету)міндеттемелі болған жағдайда; тауарларды идентификациялауды қамтамасыз еткен жағдайда: кеден төлемін, салығын төлеген жағдайда уақытша енгізген немесе шығарылған тауарларды кәсіпкерлік мақсатта қолданбаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін.

Үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асатын кеден төлеміненішінара немесе толық босату жағдайы біршама қиындық туғызады . 2000 жылғы 22 шілдеде қабылдаған №827 Үкімет қаулысында ережесі бекітілген мемлекет шекарасынан тыс шикізатты өңдеу деп аталатын операцияларды өткізген уақытта көптеген заң бұзушылықтар кездесетін. Келесі кедендік режимдерге еркін кеден аймағы, еркін қойма режимдері жатады. Кеден заңдылығы бойынша еркін кеден аумақтарын құру Үкіметтің құзырында. 1999 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті « Ерекше экономикалық аумақтар туралы » заң күші бар жарлығына сәйкес аталған аймақтар құрылған жағдайда бірдени еркін кеден аймақтарына айналады. Еркін кеден аймағы мен еркін кеден қоймасы аймағынан Қазақстан Республикасы шегінен тыс тауарларды әкетуде кеден төлемінен тарифтен тыс реттеу шаралары қолданылмайтын тауарлар: шетелдік ; еркін кеден аймағы мен еркін қоймада өндірілген ; еркін кеден аймағы мен еркін қоймада ұқсатылған.

Еркін кеден аймағы мен еркін қоймадан шыққан тауардың шыққан елі арнайы сертификатпен анықталады. Тауардың экспорты режимі де кеден режимдерінің қатарына енеді. Бұл режимде тауарлар Қазақстан территориясынан тыс аумақта пайдалану мақсаты мен еліміздің кеден территориясынан тыс сыртқа шығарылады. Ресй кеден заңы осы режимде тауардың кері әкелінуі туралы міндеттеменің жоқтығын атап кетеді. Әкету бажын төлеу, кедендік басқа да төлемдерді төлеу, экономикалық саясат шарасын сақтау және басқа талаптарды орындауы осы режимнің шартты негізі болып табылады. Әкету бажының ставкасын үкімет бекітеді, автордың көзқарасы бойынша мұнда отандық тауар өндірушінің мүддесін қорғау, экспортты жетілдіруді мақсат ету маңызды, өйткеі кеден Одағы мен Қазақстан мүддесін ұштастыру қажет. Кеден заңдарын унификациялау Кеден Одағы қатысушыларының қабылдаған шешеімдерін, атап айтқанда кедендік тарифті орындауына байланысты.Тауарларды кері экспорттау- кедендік режим ретінде Қазақстан аумағынан кеден заңына сай әкелінген уақытта алынған кеден төлемі мен салығынсыз, экономикалықсаясат шараларын қолданбай шетел тауарларын кері экспорттау. Кері экспорт дегеніміз - өңделмеген, бұрын шетелден алып келінген, аукционда тауар биржаларында сатылған тауарларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі 1999 жылғы 10 қарашүада тауарларды кері экспорттау және 2000 жылы 15 сәуірде кері экспортқа рұқсат беру жөніндегі келісімді бекітті. Кері экспорттың жалпы шарттары әкелінетін тауарлардың тек қана кері экспортқа тиісті болуымен тығыз байланысты . Бұл жағдайда бекітілген төлемдер экономикалық саясат шаралары жүзеге аспайды. Тауарларды кері экспорттау Кеден комитетінің рұқсаты бойынша халықаралық келісімдер мен анықталған жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Тауарларды жою кеден режимі кеден төлемдері мен салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай , кеден бақылауы мен тауарларды пайдалануға жарамсыз етуге немесе жоюғаалып келетін шараларды құрайды . Көркем өнер, тарихи және архиологиалық, Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері халықтарының мұрасы болып табылатын, жойылып кетуге жақын тұрған өсімдіктер мен жануарлар түрі, кепіл ретінде кеден органы қабылдаған зат, кеден ережесін бұзғаны үшін және қылмыстық іс бойынша алынған тауар немесе көлік құралы, тәркілеу жөніндегі сот шешіміне қатысты тауар мен көлік құралы т.б. тауарлар жоюға жатпайды. Тауарларды жою тиісті құзыретті органның қабылдаған шешімі негізінде жүзеге асады. Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту кеден режимі бойынша кеден бажы мен салықтары алынбайды, экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. Тұлғак мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тартады. Бұл үшін кеден комитетінің рұқсаты керек. Осы режимді таңдаған тұлғаның, кедендік рәсімдеуді жасаған соң, көрсеткен режимді басқа режимге өзгертуге құқығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет