Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


ҚОРЫТЫНДЫ 63 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет2/28
Дата06.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#38417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65


Кіріспе

Қазіргі заманғы барлық әлем бойынша қоғамның тұрмыстық жағдайлары өрттер санының және олардың әлеуметтік экономикалық зартаптар көлемінің көбеюіне ықпал етеді. Күнделікті жер шарында 5 млн. Астам өрттер пайда болады, оның салдарынан мыңдаған адамдар қаза тауып, миллиардтаған ақшалай құны бар материалдық құндылықтар (теңдессіз құны жоқ тарихи және мәдени ескерткіштерді санаққа алмағанда) жойылады. Жыл сайын табиғатқа үлкен зардап орман және дала өрттері, сондай-ақ авариялық мұнайгаз атқымалар өрттерді алып келеді. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдағы өрттер адамзат тағдырына жазылған нағыз апат болады. Бұл жағдай мамандарды өрттермен күресудің әрдайым жаңа әдістері аса жетілген құралдарды іздеуді мәжбүр етті.


Жоспарлаудың ғылыми базасы болжамдау болып табылады. Терең ғылыми зерттеулер нәтижелері базасында негізгі бағыттар мен өрттермен жедел басқару, өрттер көлемін болжамдау, олардың пайда болу себептері, ықтимал залалдары, бұның бәрі өрттен қорғау қызметінің ұзақ мерзімді жоспарларын дайындаудың қажет ететін шарттары болып табылыды. Осы болжамдардың негізінде өрттен қорғау қызыметінің ұйымдастырушылық даму, қажетті өрт техникасының сандар, өрт сөндіргіш құралдар, жұмысшылардың санаты бойынша өрттен қорғау қызметінің қажетті жеке құрам сандар болжамдары дайындалады.
Қазіргі кезеңдегі жоспарлаудың маңызды ерекшелігі ұзақ мерзімді жоспарлаудың ролін арттыру, оның орташа мерзімді және жедел жоспарлырымен, сондай-ақ ұзақ мерзімді кешенді бағдарламалармен сай келуі болып табылады. Өрттен қорғау қызмет органдарының және бөлімшелерінің даму мен әрекет ету жоспарлары мыналарды қарастыру қажет: экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық мәселелердің кешенді шешімдерін: өрттен қорғау қызметінің тиімділігін анықтайтын маңызды тапсырмаларды шешуге бағытталған күштер мен жабдықтардың шоғырлануын; ғылымның жетістіктерді және халық шаруашылық қалалар обьекттердің өртке қарсы қорғанысына техникаларды ендіру жылдамдатуын; берілген деңгейдегі өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған күштер мен құралдардың ұтымды қолдануын; өрттен қорғау қызметі тиімділігін жоғарлатудыңжоспарлы бағыттарын анықтауын; шұғыл тапсырмаларды шешуге арналған адамдар резервтері мен материалдақ ресурстарды құруын.
Жоспарлаудың сапасы жоспарлаудың әдістерін тікелеу тәуелді болып келеді. Көрсеткіштерді өзгерту жоспарлауы олардың өткен уақыттағы өзгеріс үрдістер негізінде туындайды. Жоспарлауға деген бұл көзқарас бірнеше ғасырлар бойы халық шаруашылығының көптеген салаларында, мұның ішінде өрттен қорғау қызметінде қолданылады. Оны қолдану кезінде экономикалық математикалық әдістер саласында терең білім, күрделі есептерді және әр-түрлі модельдеу әдістерін қажет етпейді. Мұнда ең негізгі қолданылатын әдіс – белгілі бір пайызды жетілген денгейге қосу (немесе азайту).
Жоспарлаудың маңызды бір бағыты тиімді жоспарлау болып табылады. Ол ресурстардың тиімді жұмсау кезіндегі аса жоғары соңғы қортындыға жету мақсатын көздейді. Тиімді жоспарлау көп аспектті бағалауды қарастырады, сондай-ақ әр-түрлі нұсқаларды салыстыру және есептік көрсеткіштер бойынша жақсысын таңдауды қарастырады. Соңғы жылдары тиімді көзқарасты пайдаланудың мүмкіндіктері экономикалық математикалық әдістерінің белсенді жасалуына, электрондық есеп техниканың кең қолдануына, өрттен қорғау қызмет гарнизонымен АСУ құруына байланысты айтарлықтай кеңейеді.
Өрттен қорғау қызмет органдары мен бөлімшелерінің қызмет ерекшелігі ықтимал қасиеті мен оның қызметінде қорытындылады. Сондықтан, көзқарастың «жетілген кезеңнен» жоспарлауға қолданылуы гарнизон жұмысында бірталай қателіктерге алып келуі мүмкін. Сәрі, өртен қорғау қызмет органдары мен бөлімшелерінің қызметін жоспарлауға ең тиімді көзқарас, ұтымды көзқкарастың айтарлықтай көп элементтер санын қамтитын, бейімделген көзқарас болып табылады.
Жылдық жоспарлар қазіргі жылңа арналған бес жылдық жоспар негізінде құрылуы қажет, бес жылдық жоспарлар тапсырмаларының қажетті дәлелдерін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу, сондай-ақ бес жылдық жоспарды орындалуын қамтамассыз ететін экономикалық және ұйымдастырушылық шараларды өткізуін қарастырады.
Өрттен қорғау қызметіндегі жоспарлық жұмыстың толық жетілдіруініңмаңызды бағыттары болып әлеуметтік жоспарлаудың әдістерін менгеруі мен кең қолдануын санауға болады. Бұл жағдайда, өрттен қорғау қызметі еңбек жұмысшыларының ерекше шаттарымен қарастырылған өрттен қорғау қызметі органдары мен бөлімшелері әлеуметтік жоспарлауы өзінің ерекшеліктері бар екенін ойға алу керек.


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет