Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер


Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту оңалту қызметтеріне қол жетімділікті
қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кемтар адамдардың мәселесімен
айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік
және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Медициналық оңалту
Оңалтудың негізгі принциптеры болып мыналар табылады: ерте бастау, кешенді
қарау, аурудың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оңалту кезеңінің үзілмеуі және
мирасқорлығы.
Оңалту принциптері:
1) Іс-шаралар ауырудың асқынған мерзімінде немесе аурудың өміріне қауіптің өтіп
кеткендегі ерте реконвалесценция мерзімінде басталу керек;
2) Қалпына келтіру іс-шаралардың қатаң мирасқорлығы және біртінділігі;
3) түрлі мамандардың қатусуымен және әсер етудің түрлі әдістерін қолданумен
қалпына келтіру іс-шаралардың кешенді сипаты;
4) Өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне тұрақты бақылау жасау;
5) Ауруларды диспансерлеу кезеңінде оңалту принциптерін тұрақты пайдалану керек.
Оңалту кезеңдері – стационар бөлімі, оңалту бөлімі (орталық), отбасылық дәрігерлік
амбулатория.
Оңалту орталықтарын құрумен бірге стационарлық және амбулаторлық емдеу
кезеңдеріндегі оңалту іс-шараларын нығайту қажет.
Протездік-ортопедиялық орталықпен өзара бірлесіп жұмыс істейтін реконструктивтік
харургияның – ірі бұындарды эндопротездеу рөлін нығайту қажет.
Медициналық оңалтудың мақсатына сай аурудың және/немесе зақымның пайда болу
зардабын жеңіп шығу - ол организм функцияларын қалпына келтіруге, тіршілік-тынысын
қалпына келтіруге және ауырудың әлеуметтік мәртебесін жандандыруға бағытталатын
болады.
Ол үшін мыналар қажет болады:
1) медициналық көрсеткіштері бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес
жоспарлық және жедел стационарлық көмек;
2) көрсеткіштер бойынша күндізгі стационарларда жылсайынғы жоспарлық емделу;
3) тұрғылықты жері бойынша отбасылық дәрігерлік амбулаториялардағы отбасылық
дәрігерімен жылына 2-ден 4 ретке дейін диспансерлік байқалу;
4) бөгде адамның көмегіне мұқтаж мүгедектерді тоқсанда бір реттен жиі емес үйде
отбасылық дәрігері белсенді қарау. Көрсеткіштері бойынша нысаналы мамандардың үйде
қарауы;


5) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеу /
32/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет