кеңесі құрылатын болады және оған мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуы
қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерді оңалту жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
Ақпараттық сүймелдеу мүгедектерді оңалту жүйесінің міндетті элементі болып
табылады.
Мүгедектерді оңалту жүйесіне мынадай мәліметтері бар дерекқоры енгізілетін
болады:
жасы мен оңалту шараларының қажеттілігі туралы деректер көрсетіле отырып,
алғашқы рет және қайтадан мүгедек деп танылған адамдардыың саны туралы;
арнаулы түзеу және жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген мүгедек
балалардың саны;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталанған жұмыс орындарының саны мен
осы орындардың нақты жұмыспен қамтылуы.
Қолданылып жүрген ақпараттық жүйе мен құрылған дерекқорнегізінде, аудандық,
облыстық және республикалық деңгейлерді қамтитын, деректер алмасудың бірыңғай
форматы, ақпараттық жүйелер мен дерекқордың өзара әрекет ету хаттамалары бар
кіріктірілген функционалдық жүйе қалыптасатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: