жобаларды сараптау сатысында мүгедектер
мен халықтың ұтқырлығы төмен
топтарының көрсетілгенобъектілерге қол жеткізу жөніндегі құрылыс нормалары мен
ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
объектілер салу барысына және мемлекеттік нормалар мен стандарттардың
сақталуына бақылауды күшейту. Іске енгізілетін ғимараттар мен құрылыстардың
дайындағын бағалау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтік
қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың
қызметшілерін енгізу
көзделуде;
жұмыс істеп тұрған объектілер бөлігінде:
жұмыс істер тұрған әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым
объектілеріне түгендеме жүргізу, қайта жаңартуды талап ететін объектілер тізбесін жасау.
Әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің қол жетуі үшін
ыңғайлау жөніндегі жұмыс жоспарын жасау және оны іске асыру;
мүгедектердің ОЖБ-да көзделген тұрғын үй-тұрмыстық
жағдайларын жақсарту
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мүгедектердің тұрғын үй-жайды ғимараттың қабатын, үлгісін, көркейту дәрежесін және
басқа ада қажетті жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы сақталды;
жалпы пайдаланудағы көлік бөлігінде :
қала ішіндегі жол жүру көлігінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларын, сондай-ақ 1-2 топ мүгедектеріне тегін жол жүру;
мүгедектер үшін арнаулы бөлінген қондырғыш алаңшаларды отырғызу және түсіру
құрылғыларымен жабдықтау;
4) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігн кеңейтуге қазіргі заманғы
жеке коммуникация құралдарына ие болу үшін мүгедектердің мүмкіншіліктерін кеңейту;
облыстық және Семей қалалық телерадиохабарлағыш
ұйымдардың ақпараттық
каналдарына сурдоаудармаларды енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: