§1.4.Редупликациялық сөзжасам. Сленг сөзжасамның тиімді жолдарының бірі редупликация болып табылады. Редупликация деп екі қос сөздің дыбыстарының бір-біріне түсуі, немесе соңғы дыбыстарының үйлесу арқылы сөзге экспрессивті болу беретін сөзжасамның түрін айтамыз. Редупликацияны көптегеи лингвистер қарастырып, түрлі классификацияларын ұсынған. Солардың бірі Беляева мен Хомяков редупликацияшы және жолмен құрылымы жағынан және мағынасы жағынан қарастырған. Беляева мен Хомяков редупликацияны құрылымы жағынан екіге бөледі.
1. Сөздердің дауысты дыбыстардың кезектесіп, үйлесіп келуі. Мысалы: «fiddle -fiddle» - «бос сөз»; «chit - chat» - «әңгіме»; «tip - top» - «күшті, әдемі»;
2. Сөздің рифмалық жолмен келуі яғни соңғы буындарының үйлесуі: «killer - diller» - «көрікті жігіт»; «goody - goody» - «өте жақсы»; «thriller -diller» - «қорқынышты оқиға не кино»; «super - duper» - «әдемі».
Ал мағынасы жағынан редупликациялық сөздер мынадай екі бөліктерге бөлінеді:
1. Жаңа мағына беретін редупликациялық сөздер.
Мысалы: «racket - jaket» - «сәнді костюм»; «jowler - yowler» «көшенің мысығы»; «boogie - woogie» - «джаз айтатын қара нәсілді әнші»; «fuddy - duddy « - «түсінігі артта қалған кісі».
2. Сөздердің мағынасының өзгермей келуі. Бұл жерде сөздің кішірейтіліп әзілмен айтылу мақсатында қолданылады. Мысалы: «turn - turn» - іш (turn); «beddie - weddre» - «кровать» (bed); «handsy - wandsy» - «қол» (handi); «goody - goody» - айтқанды тыңдайтын бала тағы басқа.
Біз осы және тағы басқа жұмыстарға сүйене отырып, сленг сөздерінен редупликациялық сөздерді теріп, құрамындағы сөздердің стандартты және стандарттан тысқары лексикалық мағыналарын салыстыра отырып, төмендегі жолмен топтастыруды ұйғардық.
1. Екі сөздің біреуінің мағынасының үстемдік етуі, ал екіншісінің жай фирма жасау үшін қолданылуы: «racket -jacket» (jacket - пиджак сөзі); «boogie - woogie» (boogie - негр джас әншісі); «super - duper» (super -күшті); «thriller - diller» (thriller - қызықты, қорқынышты, триллер); «handsy — wandsy» (hand - қол); «beddie — weddie» (bed - төсек) тағы басқалар.
2. Екі мағынасыз сөзден немесе сол сөздердің мағынасынан мүлдем жаңа лексикалық мағынадағы сөздің шығуы: «putt - putt» - «кішкентай көлік»; «ptomaine - domaine» - «кафе»; «rah - rah» - «студентик»; «fa - ta» - «сау бол»; «razzle - dazzle» — «атақ - даңқ»; «уо - yo» — «ақымақ»; «palsy- walsy» - «дос, серік»; «she - she» - «әйел секілді ер кісі».
3. Жануарлардың не басқа заттардың шығаратын дыбыстарына қарай айтылуы: «jowler - yowler» (мысық «yow» дыбысынан); «сһоо - сһоо» -»поезд»; «moo - moo» - «сиыр»; «bow - bow» - «ит»; «yatata -yatata» — «әйел» тағы басқа.
4. Аудармаса да түсінікті, өзіндік мағынасы бар, қолданыстағы сөздер: «hubba - bubba»; «focus - mocus» - фокус көрсеткенде қолданылатын сөздер «хубба - бубба»; «фокус - мокус»; «prime - time» - «прайм таим» (белгілі бір уақытта болатын бағдарлама) «hip - hop» - «хип -хоп» (жастар тыңдайтын әуен) «tip - top» - «тип - топ» (жақсы, күшті) тағы басқалар.
Редупликациялық сөздерді сонымен қатар жазба әдебиеттерде де кездестіруге болады.
I am hungry, so let's go to a promaine - domaine to have some food [A.S, 173]
«Менің қарным ашты, кеттік кафеге тамақтануға».
Listen to me, palsy - walsy, I wouldn't suggest anything bad to you [A.S, 173] «Тыңда мені достым, мен саған ешқандай жаман кеңес бермеймін».