Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері


§1.3. Сленгтің қысқарған сөздер арқылы жасалуы



бет13/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

§1.3. Сленгтің қысқарған сөздер арқылы жасалуы.
Стандарттан тысқары лексиканың сөзжасамына тән тәсілдердің бірі қысқарту болып табылады. Қысқарту деп өзінің аты айтып тұрғандай сөздің түрлі жолмен қысқартылып айтылуын айтамыз. Сөздік өзінің жұмысында қысқартудың төмендегі жолмен жасалатынын айтып өткен:
1. Апокопа, сөздің соңын қысқартып айту. Апокопа бұл қысқартудың ең тиімді түрі болып табылады. Қысқартудың бұл түріне өте көп мысалдар келтіруге болады. «dis» (disrespect); «info» (information); «nav» (navigation); «pro» (profession); «pop» (popular); «mayo» (mayonnaise); «byro» (byromania); «pen» (penitentiary); «thou» (thousand) «tec» (technical) «college» тағы басқалар.
Апокопа да яғни сөздің қысқартылып айтқан кезде, орфографиялық өзгерістерге де ұшырауы мүмкін. Мысалы: «marvy» (marvellous); «biz» (bussiness); «volar» (volunter); «gyno» (gynecologist); «ambish» (ambition) «lu» (lieutenant).
Біз сленг сөздіктерінен осы апокопалық қысқарған сөздерді теріп, оларды зерттей отырып, оның өзін екіге бөлуді ұйғардық.
1. Стандартты лексиканың сөздерін мысалдары жоғарыда көрсетілгендей: «pop» (popular); «топ» (money); «terrif» (teriffic); «mike» (microphone); «pro» (proffessional) «dis» (disrespect); «info» (information);
2. Стандарттан тысқары лексиканың қысқарған сөздері мысалы: «віт» (bimbo) - «көрікті бірақ ақымақ әйел»; «jig» (jigaboo) - «негр»; «tab» (tablet) - «таблетка»; «aggro» (aggravating) - «жүйкеңді құртатын»; «yob» (yobbo) -»жас бұзақы»;
Афрезис. Афрезис апокопадан кейінгі тиімді болып келетін қысқартудың түрі. Аферезисте керісінше сөздің басы қысқартылып айтылады. Мысалы: «copter» (helicopter); «juane» (marijuane); «gram» (telegram) «dexter» (pointdexter) тағы басқалар.
Аферезисте де орфографиялық өзгерістер кездесуі мүмкін. Мысалы: «croot» (recruit); «peter» (repeater) «skee» (whisky); «skeeter» (mosquito); «tash» (moustache) тағы басқалар.
Синкопа. Сөздің ортасын қысқартып айту. Синконада қысқартудың тиімді жолдарына жатады.
Синкопаға төмендегідей мысалдар келтіруге болады. «Ma'am» (madam), «bacty» (bacteriology), «bonza» (bonanza), «duz» (duplex), «тих» (multiplex), «recce» (reconnaissance), «telist» (telegraphist)
4. Қысқарудың ең соңғы түрі ол апакопа мен аферезистің бірігіп келуі; яғни сөздің басы мен алғы қысқартылып, тек ортасының қалуы. Мысалы: «davy» (affidavit); «fess» (proffessor); «Gyno» (Egyptian); «quizzy» (inquisitive); «tec» (detective)
Қысқартылған сленг сөздері тек ауыз-екі сөйлеу тілінде емес, сонымен қатар жазба әдебиеттерде де кездеседі.
He ain't a tec. He's a blooming busybody: that what he is. (Shaw p 107).
«Ол колледж студенті емес. Ол өзіне пәле тілеп алатын ақымақ. Міне кім ол».
Mary said her son was real dexter. [A.S, 61]
«Мэри баласының шынында да дарынды болғанын айтты».
William spent three years in the pen after he was caught counterfeiting dollar bills. [A.S, 179]
«Вилиам жасанды доллар жасап ұсталғаннан кейін, түрмеде үш жылын өткізді».
There will be some agro tonight [E.R.S, 421] «Бүгін түнде жүйкелендіретін кеш болмақшы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет