Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері



бет11/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

«Boy» - «Man» - «Guy» - тіркестері атынан белгілер ер кісілерге, олардың кәсібін, мінезін, қандай адам екенін көрсету үшін қолданылады. Мысалы: «rod man» немесе «rod boy» - «бандит, бұзақы»; «hit-man» - «кәсіби жалдамалы бас кесер»; «fly-bry» - «ұшқыш»; «willy-boy» - «нәзік жігіт»; «water-boy» - «жағымпаз»; «Redman» - «рэп әндерін айтатын әнші»; «right guy» - «сөзінде тұратын кісі»; «iceman» - «ұры немесе өзін жақсы ұстайтын кісі»; «bag man» - «қайыршы, бас кесер»; «standup guy» - «ешкімді сатпайтын кісі»; «peas man» - «ақымақ» тағы басқа.
A tall bagman in an orange hat went behind us and whispered: «Grass, grass, good grass». [A.S, 21]
«Ұзын бойлы, сары шляпасы бар наша сатушы біздің артымыздан келе жатып: «Шөп, шөп, жақсы шөп» деп сыбырлады».
Your new manager is just a right guy, so don't worry about him the least bit. [A.S,210]
«Сенің жаңа бастығың сенімді жігіт, сен ол туралы еш уайымдамасаңда болады».
«Gate» суффиксі сөзі болса мемлекет қызметкерінің коррупцияға байланысты немесе тағы басқа саяси дау-дамайды білдіреді. Мысалы: «Mollywoodgate» - Голливуд режиссері 100.000 АҚШ долларын өзіне аударғаны үшін айып тағылған кездегі дау-дамайды білдіреді; «Muldergate» - болса ЮАР-дың ақпарат министрі К.Мулдерге байланысты болған дау-дамай; сол сияқты «Dallasgate» - Далласта болған дау-дамай және тағы басқа [Беляева, 104].
«Box» суффиксі болса стандартты тілдегі қорап мағынасында емес, сленг ретінде «бас» дегенді білдіріп, баста болатын қабілеттермен, адамның өзін сипаттау мақсатында қолданылады. Мысалы: «chatterbox»; «brain-box»;
«dream-box»; «know-box»; «knowledge-box»; «think-box» және тағы басқа.
Біздің ең соңғы қарастыратынымыз ағылшын сленгтерінде өте көп кездесетін «head» суффиксы. Бұл суффикстің екі негізгі мағынасы бар. Бірінші «бip нәрсеге қызығу; бір нәрсені ұнату» болып табылады. Мысалы: «film-head» - «фильмдерді көргенді ұнататын кісі»; «metalhead» - «ауыр метал музкасын ұнататындар яғни рокты сүйетіндер»;
«Head» суффиксінің екінші мағынасы болса, адамның басының қабілетін көбіне (90%) теріс мағынада көрсетеді. «Ақымақ, суми» сияқты сленг сөздерінің «head» тіркесімен келетін көптеген синонимдері бар. Мысалы:
«apple-head»; «balloon-head»; «banana-head»; «bean-head»; «bone-head»; «bun-head»; «cabbage-head»; «cheese-head»; «chicken-head»; «chuckle-head»; «clunk-head»; «dumb-head»; «fathead»; «hammer-head»; «knot-head»; «knuckle-head»; «lard-head»; «lunu-head»; «meat-head»; «muscle-head»; «mush-head»; «mutton-head»; «peahead»; «tarkhead»; «air head»; «bubble head»; «niney head»; «noodle head»; «poop head»
Біз сөздіктермен жұмыс жасай отырып «head» сөзімен тіркесіп келетін ақылды деген мағынаны беретін үш сөзді ғана таба алдық. Олар: «egg-head» -»ақылды»; «pointy head» - «интелектуал»; «swell head» - «өз қадірін білетін басы істейтін адам». Сонымен қатар біз «head» суффиксінің адамның қабілетін басқа, оның ұлтын, дінін айқындайтын мағынасын мына сөздер арқылы байқадық.
Мысалы: «dot head» - маңдайында қызыл нүктесіне, белгісіне байланысты айтылатын «үнді қызы»; және «towel head» - «араб немесе кез-келген басында сәлдесі бар мұсылман».
Its largest audience quickly began to consist of teenage metalheads. [Shem, 64 б]
«Оның аудиториясының үлкен бөлігін, ауыр металл әуенін сүйетін жас жеткіншектер құрай бастады».
Larry's students think he's an egg-head. (A.S, 75)
«Лэридің студенттері оны ақылды деп ойлайды».
Damn those laboratory blubber heads to hell! [Ellison, 175]
«Зертханадағы сумилардың барлығын қуып жібер!»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет