Байланысты: Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
Barfola! He is drunk again [A.S, 24]
«Сұмдық! Ол қайтадан іше бастады».
Француз суффикстері секілді испан суффикстері де ағылшын сленгтерінде көптеп кездеседі. Біз өз кезегімізде испан тілінен енген екі суффиксті қарастыруды жөн көрдік. Олар: «аrоо» және «aferia» суффикстері «аrоо» «скуффиксі «аrоо», «еrоо», «rоо-оо» сияқты қысқарып та келеді. Бұл суффикстің сленг ретінде атқаратын қызметі стандартты тілдегі «еr» суффиксінің қызметіне ұқсас болып келеді. «оо» суффиксі болса «еr» жалғауымен біткен сөзден кейін де келе береді. (dilleroo; joker оо). Театрлық қойылымдарда бұл суффикс асыра айту үшін қолданылады (bofferoo; flopperoo). Кей жағдайда бұл суффикс стандартты тілдегі «ese» суффиксімен пара-пар болып те келеді. Мысалы: «Japanese»-тің орнына «Japaroo» тағы басқа. Экпрессивті - эмоциялы сипатта болатын бұл суффикс бір затты ұнатқан немесе көп жағдайда жақтыртпаған көзқарасты білдіру үшін қолданылады. Мысалы: «killer-dilleroo» - «керемет адам немесе зат»: «ріррегоо»- «мінсіз жігіт»; «асеrоо»- «бірінші, ең күшті»; «flopperoo» -»сәтсіздік»; «boozeroo» - «ішкім адам»; «cuferoo» - «тегін»; «buddyroo» -»дос»; «fitter bugaroo» - «биді жақсы көретін адам»; «jigaboo» - «негр, қара нәсілді адам»; «palazoo» - «қыздардың өте кең шалбары»; «switcheroo» -«бірден өзгеру» тағы басқалар.
You should've seen the way they said hello old buddyroos. It was nauseating [Salinger, 137]
«Сіз олардың сәлемдемесін көргеніңізде ғой. Ескі достар. Көруге жиіркенішті».
When Semenovich called him a jigaboo, Donald hit him. [A.S, 123]
«Семенович оны негр деп шақырған кезде, Дональд оны түртіп жіберді».
Clara's palazzo's were the envy of all her classmates [A.S, 172]
«Клараның кең шалбары оның бүкіл сыныптастарының ішінде қызғаныш туғызды».
He pulled a switcheroo on us and showed up at the door, so we missed getting his autograph [Newsweek]
«Ол бағытта өзгертіп, басқа есікке кіріп кетті, сондықтан біз одан автограф ала алмадық».
«аіеrіа»л «eteria»s «-teria», «-eria» суффикстері болса әртүрлі семантикалық мағынада зат есімдерді құрайды. Сол зат есімдердің біреуі түрлі магазиндерде, магазин ішіндегі шағын кафені білдірсе, мысалы; «bookateria» - «кітап дүкені»; «caviar teria» - «икра сатылатын дүкені»; «smoketeria» - «темекі сатылатын дүкен»; «shooteria» - «аяқ-киім дүкені»; «fruiteria» - «жеміс жидек дүкені»; «icecreamateria» - «балмұздақ кафесі»; «luncheteria» - «жылдам тамақтанатын жер»; «healthaferia» -«вегетериандардың кафесі».
Екінші басқа қызмет көрсету орындарын білдіреді. Мысалы: «shaveteria» «bobateria» - «шаштараз»; «washeteria» — «кір жуатын жер»; «cleaneteria» - «химчистка»; «cashateria» - «банкомат»; «wrecketeria» - «қираған машиналардың қойылатын жері» тағы басқалар.
Келесі болып қарастыратынымыз «пік» суффиксінің екі шығу тегі бар. Біріншісі идиш тілінен еніп, теріс мағына береді. Мысалы: «nudnik» – «зеріктіретін адам»; сол сияқты «no-goodnik» - «жақсы адам емес»; «all-nightnik» - «бәріне келісе беретін адам» тағы басқалар. Екінші болып бұл суффикс орыс тілінің спутник сөзінен енген. Осыған байланысты «уапкпік» -«американ спутнигі» деген сленг сөзі пайда болды, және де итті космосқа ұшырғанына орай ағылшын тілінде «рирпік» (pup - күшік) сленг сөзі де орын алды. Америкада сәннің өсерінен 60-70 жылдарда «пік» суффиксімен тіркескен көптеген экспрессивті сөздер пайда бола бастады. Оларға арнайы сөздіктер жасалынды. Жалпы «пік» суффиксі бір нәрсеге құштарлық немесе бір қоғамның мүшесі болу және тағы басқа мағыналарды білдіреді. Мысалы: «jobnik» - «штат әскері»; «citynik» - «қала қоғамының мүшесі»; «сіпепік» -»киноға баруды ұнататын адам»; «goodwillnik» - «өз еркімен жүретін адам»; «peacenik» - «бейбітшілікті қалайтындар»; «vietnik» - «Вьетнам соғысына қарсы адам» тағы басқа.
Robert is a no - goodnik at stealing apples from neighbour's gardens. [A.S, 155]
«Роберт көршісінің бақшасынан алма ұрлағаны үшін жақсы бал болып саналмайды».
Сленгсөздерініңинфикстерарқылыжасалуы. Ағылшын сленгтерінің лексикалық бірліктерінде мынадай инфикстер қолданылады: «та-», «ата-», «a-», «fucking - mother», «fucking-goddamn», «-damn», «-bloody». Құрамында осы инфикстері бір сленг сөздері ауыз-екі сөйлеу тілінде тыңдаушыға керекті
мәлімет бергенде үлкен әсер беру мақсатында қолданылады. Инфикстердің тілде сирек кездеспегендігіне байланысты тілде оған үлкен назар аударылмайды. Инфикстер стандартты және стандарттан тысқары тілде де сөзжасамның тиімсіз түріне (unproductive ways of wordformation) жатады. [Ахманова, 182]
Жалпы инфикс дегеніміз не? Инфикс - аффикстің бір түрі болып табылады да сөздің ортасында келеді. Инфикс үш не төрт буыннан тұратын сөздің бірінші не екінші буынынан кейін келеді де, әдеби сөзді ұзағырақ созып айтып күлдіргі әсер беру үшін қолданылады. [Гинзбург Р. С, 24]