Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері



бет6/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

«Ville» суффиксі сонымен қатар адамның қандай екеніне қарап, оның қай жерден шыққанын немесе керісінше қай жерден екеніне қарап оның қандай екенін білдіреді. Мысалы: «he's corny - he is strictly from Cornville, he's square - he's strictly from Squareville; he's from Endsville (he's extremely dull; he's the best guy);» «drunkardsville» - «ішімдікке құмар адамдардың мекені»; «deceivesville» - «ұрылардың жері» тағы басқа «Ville» суффиксінің тек «жер»; мекен емес, бір жағдайды не затты да білдіретін жүйесінің тағы бар екенін айта кеткенді жөн деп санаймыз Мысалы; «splitsville» - «ажырасу» - дегенді білдіреді, сол сияқты «Dragaville» - «іш пісу»; «Doomsville» - «ақыр заман және тағы басқа» «ville» - суффиксіне бірнеше мысалдар келтірсек:
When the lights went out in the office building and workers headed for their homes in the suburbs, downtown was truly Dullsville (U.S. News and World Rep)
«Ғимараттардағы электр жарығы сөніп, жұмысшылар қала шетіндегі үйлеріне кете бастаған кезде, қаланың орталығы нағыз іш пысатын жерге айналды».
His new job wasn't the legitimate operation held been used to in Hicksville [Newseek]
«Оның жаңа жұмысы ол өзінің провинциалды округінде үйренгендегіндей заңды жолмен келмеген еді».
The husband quarreled with his wife for so long that they ended up in splits - ville. [A.S, 237]
«Ерлі зайыптылардың ұзақ уақыт бойы ұрысы ажырасуымен аяқталады».
Француз тілінің келесі бір «age» суффиксі кез-келген - сөз табындағы сөзді зат есімге айналдырып, онсызда түсінікті затты әзілменен көрсету мақсатында қолданылады. Көп жағдайда бұл суффикс өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпей сол қалпында қалдырады. Мысалы: «dressage» -»киім», көріп тұрғанымыздай алдындағы «dress» сөзінің мағынасы өз күйінде сақталып тұр. Сол сияқты «understandage» - «түсініспеушілік», «understand» - «түсіну» яғни етістік болғанымен өзінің түпкі мағынасы сақталуы. Осыған байланысты мысалдар өте көп: «workage» - «жұмыс», «footage» - «тамақ», «bookage», - «кітаптар», «loveage» - «махаббат» тағы басқа.
Алайда біз «age» суффиксін тек стандартты тілдегі сөздермен тіркесіп келіп және де тек сол сөздің ғана мағынасын барлық жағдайда береді деп айта алмаймыз. Біз қарастырған мысалдар да стандартты тілден тым алыс мағынада келетін сөздер де кездесті. Мысалы: «bondage « - «киіну, шешіну»; «high - postage» - «өркөкірек әйел, қыз»; «vorlage» - «шаңғы тебушінің ең кейіп тұрған кезі».
I've got mass study age to do... «How's the weather?» «Rain age» [Sallinger, 25]
«Менің көп оқуым керек...» «Ayа райы қандай?» «Жаңбыр жауып тұр».
Carrie told Cevla how some boys thought her high - postage because she'd said no to them. [A.S, 101]
«Кари Сеолаға біраз балдардың оларға жоқ деп айтқаны үшін оны өркөкірек деп ойлағанын айтты».
Біздің ендігі жерде қарастыратынымыз латын тілінің «His» суффиксі болып табылады. «His» суффиксі стандартты тілде медицина терминдерінде, дәлірек айтсақ ауру аттарында кездеседі. Мысалы: «appendicitis» -«аппендицит», «bronchitis» - «бронхит», «laryngitis» - «ларингит» «meningitis» - «менингит» тағы басқа.
Ал ауыз-екі сөйлеу тіліндегі стандарттан тысқары лексикада бұл суффикс бір нәрсеге қатты қызығушылықты, ұмтылысты, тіпті бір нәрсенің алдында қорқынышты да білдіреді. Американ сленгтерінің сөздігінде Флекшер бұл суффикспен тіркескен 155 сленг сөздерін көрсеткен. [Flexner, 1975, 622-623]. «itis» суффиксімен келетін мынадай сленгтерді кездестіруге болады. «Hollywooditis» - «киножұлдыз болуға ұмтылу»; «museumitis», «theateritis» - «театр, музейге баруды ұнататындар»; «symbolitis» «символдарға қызығу»; «complimentitis» - «комплимент алуға ұмтылу»; «celebritis» - «әйгілі болуды ұнату»; «bee-bellyitis» - «сыра ішкенді жақсы көретіндер»; «crosswordpuzzleitis» - «кросвворд шешкенді жақсы көретіндер»; «interviewitis» - интервью бергенді ұнататындар; «knowledgeitis» - «көп білім алғысы келетіндер»; «self-pity-itis» - «өз-өзіне деген тым қатты аяушылық»; «dence-itis» - «биге қызуғышылық»; «hospitalitis» - «аурухананың қорқынышы»; «woqfitis» - «бас жазу» яғни ішімдік ішіп болғаннан кейінгі ауыратын кез және тағы басқалар.
I think you've got a bad case of self - pity - itis [Laugher 87] «Меніңше, сендегі өзін-өзі тым қатты аяушылық сезімнің жақсы жағдай емес».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет