II. Tapay.
Сленг сөздерінің жасалу жолдары.
§ 1. Сленг сөздерінің морфологиялық жасалу жолдары.
Сленгтің жасалуы туралы көптеген лингвистер өзінше әртүрлі талдаулар жасаған. Мысалы Ю.Волошин «Общий Американский сленг; состав, деривация, функция» атты диссертациялық жұмысында сленгтің аффикстер арқылы жасалатынын терең қарастырған. Беляева болса «Нестандартная лексика английского языка» атты кітабында сленгтің жасалатын бірнеше яғни суффикстер арқылы, контаминация, аббревиация, редупликация және тағы басқа жолдарын қарастырған. Сол сияқты Мэри Уорфелл, Тони Корн, Дэвид Кристал, Джоносон Лайтер және т.б лингвистер, сленг сөздіктерінің авторлары сленг сөздерінің түрлі жасалу жолдарын өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Біз бұл бөлімде жоғарыда айтылып өткен лингвистердің жұмыстарына сүйеніп, оларға біршама толықтырулар жасадық. Сленг сөздерінің төмендегі жолмен жасалатынын көрсетіп, олардың әр қайсысына мысалдар келтіріп, жеке тоқталуды жөн көрдік. Сонымен қатар сленгпен жұмыс жасай отырып лексикологияда стандартты тілдегі сөздердің жасалатын тиімді не тиімсіз жолдарының барлығы дерлік сленг сөздерінің жасалуында да кездесетінің байқадық. Сонымен, сленг сөздері мынадай жолдармен жасалады:
1. Аффикстер арқылы;
2. Күрделі сөздер арқылы;
3. Контаминация;
4. Қысқарған сөздер;
5. Редупликация;
6. Спунеризмдер;
§1.1. Аффикстік сөзжасам.
Сленг сөздерінің басым көпшілігі аффикстер арқылы жасалады, ал аффикстердің өзі ішінара бірнеше бөліктерге бөлінетін бізге лексикология пәнінен белгілі. Ендеше біз сленгтердің де сол бөліктері бойынша жасалатынын айта кеткенді жөн деп санаймыз.
Мысалы:
Аффикстер
Суффикстер Префикстер Инфикстер
а) еr, іе суффикстері
ә) басқа тілден енген суффикстер .
Сленг сөздері көбіне еr, іе, -у, -еу суффикстері арқылы жасалады. Еr суффиксі әдетте әдеби тілде адамның мамандығын білдіретін сөз тудырушы жұрнақ болса, сленг ретінде де бұл суффикс адамның мамандығын, айналысатын ісін, сапасын білдіріп, тек жанды зат емес, сонымен қатар жансыз заттың да артынан жалғанатын суффикс болып табылады. еr суффиксі көбіне зат есімге, етістікке, сын есімге немесе үстеуге жалғанып, оларды зат есімге айналдырады да сөздің тура не ауыспалы мағынасында келеді. еr суффиксімен тіркескен көптеген сленг сөздерін мысал ретінде көрсетуге болады. Мысалы: «life» - «зат есім», «өмір» деген мағынаны береді, енді оған «еr» суффиксі жалғанса «өмір бойы түрмеге қамалған қылмыскер» немесе «бір жерде пенсияға шыққанша жұмыс істейтін адам» деген мағынаға ауысады. Сол сияқты «kiss» - етістік, «сүю», «еr» жалғанса «бет» деген «зат есім» ретіндегі сленг сөзі, «good» - «сын есім», «жақсы» мағынасында, ал «gooder» - «сыйлы адам», «high-rise» - тікелей аударсық «high» - «жоғары», «rise» - «көтерілу», «ег» - жалғанса яғни «high-riser» көп қабатты ғимарат». Сол сияқты «old-time» - «old» - «ескі», «time» -»уақыт», ал «old-timer» «қартайған кісі, ардагер»; «junk» - «мусор», «junker» -»наркоман»; «five» - «бес», «fiver» - «бес доллар»; «weep» - «жылау», «weeper» - «сентиментальді яғни үлкен әсер қалдыратын, жылататын фильм»; «buck-passer» - «жауапкершіліктен қашатын, сөзінде тұрмайтын адам»; «super-duper» - «керемет», «putter-offer» - «кейінге қалдыра беретін адам», «hooper-dooper» - «өте күлдіргі», «еr» - суффиксі қысқарған сөздерден кейінде келеді. Мысалы: «humdinger» - деген сөзден «hummer» - «жақсы жігіт» немесе «жақсы зат» деген мағынаны береді. Сонымен қатар бұл суффикс сөзді ұзартып айту үшін де қолданылады. Мысалы: «down» орнына», «downer» - «ұйықтататын дәрі», және «gas» - дегеннің орнына «gasser» - «мақтаншақ, әңгімесі көп адам» тағы басқа.
Енді жоғарыда көрсеткен сленг сөздердің біразына мысалдар келтірсек.
«The lifers came next, eager to rest their bones, lunch buckets dangling from their weery hands». [Newseek]
«Келесі болып демалуға, қолдарынан түскі тамақтары бар сөмкелері түсейін деп тұрған тұрақты жұмысшылар келді».
«I saw this old - timer here yesterday. What he's doing here?» [A.S, 162]
«Мен кеше бұл ардагерді көрдім. Ол бұл жерде жай жүр ме екен?» [A.S, 162]
«After living in a suburban environment in Scarsdale Max had great difficulty adjusting to living in a high-riser». [A.S, 101]
«Қаланың шетіндегі жер үйде тұрғаннан кейін мұндай көп қабатты үйде өмір сүруге үйрену Максқа үлкен қиындылықтар туғызды».
«Watching too many of these weepers makes me want to cry all the time». [A.S,, 275]
«Сентиментальды фильмдерді көп көргендіктен менің үнемі жылағым келіп тұрады».
«Іе» суффиксі көбіне зат есім ретінде келіп, сленг ретінде бір нәрсені ұнатпағандықты, жақтыртпай айтқанды білдіреді. Іе суффиксі кейбір жағдайда «у» не «еу» түрінде келеді.
Бұл суффикспен тіркесіп келетін сленг сөздері де жетерлік. Мысалы; «bad» - сын есім, «жаман» дегенді білдіреді, ал «baddie» болса, жаман адам, «жауыз» мағынасына ауысады. «Baddie» сөзі «baddy» ретінде де келе береді. Сол сияқты «goodie», «good» - «жақсы», «goodie» - «тек тура жолмен жүретін адам»; «kiddie» «kid» - «бала», «kiddie» - «бөпе», бұл «kiddie» сөзінде Іе суффиксінің тағы бір қызметін яғни заттарды кішірейтіп көрсететін қызметін байқаймыз.
Бұған мысал ретінде мына сленгтер көрсетуге болады: «newsier» - газет таратушы», «drunkie» - «ішімдік ішетін адам»; «loosie» - «жеке сатылатын темекі», «groupie» - «топтағы әншілердің біреуімен танысқысы келетін жас әйел», бұдан шығып.
«Іе» суффиксі тек жақтыртпағандықты емес сонымен қатар бір нәрсені ұнатып айтқанды да білдіреді.
Мысалы: «mootie» -»мамочка», «sweatie»; «lambie», «boobie» - ғашығым; «қымбаттым» «old but goodie» «мейірімді қарт кісі немесе есте жақсы жағымен қалған өтіп кеткен кез, ескі киімдер, ескі дәстүр (барлығы жақсы мағынада) деген мағыналарды білдіреді». Алайда бұл мағынада келетін сленг сөздері өте аз екенін айта кеткен жөн, өйткені бұл суффиксі көп жағдайда теріс мағынан беру үшін қолданылады. Мысалы: «stoolie» - «ішінде сөз тұрмайтын адам»; «shortie» - «бойы қысқа адам»; «froggie» -»француз», «falsie» - «жасауы», «screamie meemie» - «жылай беретін бөпе» және т.б.
«Іе» суффиксімен келетін сленг сөздеріне төмендегідей мысалдар көрсетуге болады;
Listen to me, don't be a baddy! [A.S, 20]
«Тыңда мені, ақымақ болма».
«Oh goody,» Iris said excitedly. «Why don't you and I sit down after dinner and plan the whole thing?» [Kathleen, 25 6]
Бұл мысалда «goodie» сөзі «жақсы мағынада» тұрса, келесі мысалда бұл керісінше мағынада келеді.
She is such a goodie! No fun at parties. [A.S., 56 6]
«Ол тура жолмен жүретін адам. Кештерінде артық әзіл болмасын».
My uncle is an oldie but goodie. I enjoy his quaint, old-fashioned habits. [A.S., 1126 6]
«Менің көкем мейірімді, қарт адам».
Denise is at home minding the kiddies. [A.S., 129 6]
«Денаис үйінде бөпелерге қарап отыр».
Molly is being a screamie-memie, today, so we won't give her any candy until she behaves. [A.S., 222 6]
«Молли бұл күнде жылауық болған, сондықтан да біз оған өзгермейінше ешқандай тәтті бермейміз».
Buying twenty «singles» or «loosies» is more expensive in the end than purchasing a 20 cigarette pack [L.A.Times]
«Жиырма темекіні даналап алған 1 пачка темекіден қымбатқа түседі».
Достарыңызбен бөлісу: |